Автор: admin

Жамбыл обылсы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілер күніне орай «Латын графикасы – мемлекеттік қызметте» атты облыстық байқауын ұйымдастырды. Байқау мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту және дамыту, мемлекеттік тілді қолданудың беделін арттыру, мемлекеттік қызметшілердің латын графикасы негізіндегі қазақ әліпбиін теориялық және тәжірибелік тұрғыдан меңгергенін анықтау, мемлекеттік қызметшілерді ынталандыру мақсатында өткізілді. Байқауға мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілерінен құралған 9 команда қатысты. Олар «Сәлемдесу» кезеңінде команда атауы мен ұранын таныстырып, «Латын графикасы негізіндегі қазақ әліпбиінің емле ережелері» кезеңі бойынша емле ережелері бойынша сұрақтарға жауап берді.…

Read More

Үндістанның Химачал-Прадеш штатында жолаушыға лық толы автобус апатқа ұшырады. Қайғылы оқиғадан 43 жолаушы қайтыс болып, 30-дан аса адам жарақат алды. Жергілікті билік апаттың нақты себебін жариялаған жоқ. Алдын ала болжам бойынша, көлікте тым көп адам отырғандықтан автобус шатқалға құлап түскен. Айта кетейік, Үндістанда жолаушылар тасымалына байланысты жол-көлік оқиғалары жиі болады.

Read More

Алматыда Нұрсұлтан Назарбаевқа ескерткіш қою ұсынылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. «Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев, біз жастардың атынан Алматыдағы Назарбаев даңғылында еліміздің негізін қалап, оны дамытуға баға жетпес үлес қосқаныңыз үшін сіздің ескерткішіңізді орнату туралы ұсынысымды қабылдауыңызды сұраймыз», — деді Жас Отан жастар қанатыың өкілі Мәди Ахметов. «Рақмет! Жастардан осындай ұсыныстың түскені қуантады. Бірақ мен өзім мұндай ескерткіштер орнатуға қарсымын. Алдарыңда отырмын ғой. Ескерткіштің не керегі бар?», — деп күлді Нұрсұлтан Назарбаев. «Қазір барлығы менің қолымда емес. Мен президент емеспін ғой. Бірақ халық қаласа, менің одан бас тартуға құқығым жоқ. Сіздерге рақмет. Бақытты болыңдар», — деді Елбасы.

Read More

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев «Хабар» телеарнасындағы «Открытый диалог» бағдарламасында үкіметтегі ауыс-түйіс пен жаңа тағайындауларға қатысты пікір білдірді. Министр биліктегі ауыс-түйістерді жаңа Президенттің басқару бағыты екенін айтады. «Барлығы теңдестірілген. Бұл атқарушы биліктің Қасым-Жомарт Кемеұлының ұлықтау рәсімінде атаған он бағыттың шешімін табу мақсатында жасалып отырған басқару бағыты болса керек», — дейді Абаев. Ақпарат және қоғамдық даму министрінің айтуынша, бұл бірінші кезекте саяси декларация. «Ресми түрде мұның барлығы іс-шараға қатысушыларға айтылса да, расында бұл бүкіл халыққа айтылып отыр, бір жағынан әлемдік қауымдастыққа та айтылды. Жаңа Президент атаған әрбір бағыттың пункті, онда берілген әр тапсырма проблемаларды шешуге, қарапайым халықтың сұрақтарына жауап беру мақсатында айтылды.…

Read More

Таразда аттракциондағы жазатайым оқиғаларға жол бермеу бойынша профилактикалық іс-шаралар аясында облыс орталығында орналасқан аттракциондарға, батуттарға жергілікті полиция қызметі, ТЖ департаментінің Тараз қаласы ТЖ басқармасы қызметкерлері және жергілікті атқарушы органдар өкілдерінен құрылған комиссиямен рейд жүргізді. Рейд барысында батут иелерімен аттракциондарда қауіпсіздікті сақтау және қамтамасыз ету туралы әңгіме жүргізілді. ТЖ департаментінің қызметкерлері ата-аналарды балаларды қараусыз қалдыруға болмайтынын ескертті. Сонымен қатар, аттракциондарды қауіпсіз пайдалану бойынша қажетті шараларды қабылдау мәселелері төтенше жағдайлардың алдын алу жөнінде облыстық комиссияның кезектен тыс отырысында қаралған болатын.

Read More

Жамбылдық полицейлер Президенттік көпсайыста  жүлделі орындарға ие болды, – деп хабарлайды облыстық ПД баспасөз қызметі. Ағымдағы жылдың 13-16 маусымы аралығында Орал қаласында Президенттік көпсайыстан Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің чемпионаты өтті. Чемпионатқа 15 облыстың полиция департаменттерінің командалары қатысты. Жарыс төрт жас санатында өтті, Тараз құрамасының сапында Жамбыл облысының Полиция департаментінің қызметкерлері болды, олар жоғарғы дайындықта тәсілдік спорттық шеберліктерін көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды. Нәтижесінде 30 жасқа дейінгі жарыс түрінде полиция аға лейтенанты Мадияр Алимкешов 1- орын жеңімпазы атанды, 40 жасқа дейінгі санат бойынша полиция майоры Данияр Құлсеріков 3-орынға табан тіреді. Ал полиция майоры Денис Гузема ең үздік жүзгіш болып танылды. 

Read More

Тараз қаласының әкімі Қайрат Досаев «Арай-2» алқабының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында тұрғындар өздерінің өзекті мәселелерін көтерді. Оның біріншісі мәселесі: Д.Баянов. Ш. Руставели, Майлықожа тұрғындары өз көшелеріне баратын жолдың орнына тұрғын үй салып тастаған. Тұрғын үйлер орналасқан төрт жер телімін мемлекет иелігіне қайтару үшін бюджеттен қаражат қарастырылуы тиіс. Бұл ұсынысты шілде айының бірінші онкүндігінде өткізілетін мәслихат отырсында қарастырылатынын жеткізді. Екінші мәселе: аталған көшелерді электрмен жабдықтау. Бұл бойынша «Тараз электр желісі» мекемесінің учаске басшысы А.Бекбауов мән-жайды түсіндірді. Бүгінде көше тұрғындары электр жарығын басқа көшелерден тартылған электрсымдарынан алып отыр.Күннен- күнге алқаптың тұрғындарының санының өсуіне байланысты тораптың күші жетпеуіне байланысты,басқа тұрғындардың бұрынғы электр торабына…

Read More

Қордай ауданындағы жұмыс сапарын өңір басшысы Сарыбұлақ ауылдық округінің тұрғындарымен кездесуден бастады, — деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі. Айта кетейік, кездесулер облыс әкімнің орынбасарлары, аппарат және басқарма басшыларының қатысуымен барлық ауылдық округтерде өтті. 1. Облысымыздың оңтүстік шығысында орын тепкен Қордай ауданының әлеуеті қандай? 2.Ондағы 19 ауылдық округтің аxуалы нешік? 3.Тұрғындардың тұрмыс-тіршілігін арттырудың жолдары қай деңгейде атқарылуда? 4. Ол бойынша берілген xаттамалық тапсырмалардың орындалуы көңіл көншітеді ме? Бұл сұрақтарға бүгін ауданға арнайы келген облыс әкімі Асқар Мырзаxметов бастаған жұмыс тобы жауап іздеп, атқарылып жатқан жұмыстар барысын барлады.  Аталмыш ауылдық округте бүгінде барлығы 7785 xалық тұрады. Сондай-ақ, 1278 аула бар. Ондағы жер…

Read More

Тараздағы көңіл көтеру орынында оннан астам құқық бұзушылық анықталды, -деп хабарлайды облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Таразда құқық бұзушылықтарды анықтауға бағытталған рейдтік іс-шаралар барысында он көңіл көтеру орынына қатысты тексеру жүргізілді. Рейдтер Жамбыл облысының Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлерінің қатысуымен және Тараз қаласының Полиция басқармасының жергілікті полиция қызметімен бірлескен түрде өтті. Тексеру барысында ҚР ӘҚБтК 441-бабына сәйкес (Қоғамдық орындарда темекі бұйымдарын (кальян) тұтынуға тыйым салуды бұзу), әкімшілік құқық бұзушылықтың 12 дерегі анықталды. Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2013 жылғы 14 наурыздағы № 6 «Қоғамдық орындарда кальян шегуге тыйым салуды енгізу туралы» қаулысына, Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы…

Read More

Жамбылдық полицейлер «Допинг» жедел-алдын алу іс-шарасының алғашқы күндері 7 есірткі қылмысын анықтады, – деп хабарлайды облыстық ПД баспасөз қызметі. Ағымдағы жылдың 17-21 маусымы аралығында Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлерімен республикалық «Допинг» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде. Іс-шараның мақсаты – есірткі, психотроптық немесе улы заттарды пайдалану ережелерін бұзуды анықтау, жолын кесу. Сондай-ақ, оның міндетіне шаруашылық жүргізуші субъектілерін тексеру кіреді. Жамбыл облысында өткізілген іс-шараның алғашқы күндері полиция қызметкерлері 7 қылмыстық және 2 әкімшілік құқық бұзушылық деректерін анықтап, тіркеді. Оның ішінде ҚР ҚК 286-бабы (есірткі құралдары контрабандасы) бойынша – 1 дерек, ҚР ҚК 300-бабы (құрамында есірткі бар өсімдіктерді заңсыз…

Read More