Автор: admin

Түзеу мекемесінің ішкі күзету аумағына жасырын түрде белгісіз ораманы лақтырмақ болған тұлға құрықталды. Оқиға маусымның 7 күні сағат 19:30 шамасында Тараздағы ЖД-158/7 мекемесінде орын алған. Айласын асырмақ болып, қылмысқа әрекеттенгендер әуелі оқшаулы мекеме маңайын торуылдап, кейін арам ойын іске асыруға беттеген. Күдіктіні назарға алған мекеменің жедел және режим бөлімдері мен кезекшілік топ, 5513 әскери бөлімінің жауынгерлері бірден іске кірісіп, бақылауды күшейтті. Шар тәрізді етіп жабысқақ лентамен маталған орама А.Асқаров көшесі жағынан қоршауды асыру жолымен мекеменің ішкі күзету аумағына лақтырылды. Территорияны торуылдау барысында күмәнді зат қатаң жағдайда ұсталатын жасақ яғни, бірінші аумақтан тәркіленді. Барлық әккі әрекет бейнебақылауға түскесін, қылмыскерлерді қолға түсіру…

Read More

Синоптиктер 16 маусымда ауа райы қандай болатынын айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Қазгидромет» РМК өкілдеріне сілтеме жасап. Метеоқызметтің мәліметінше, жауын-шашынсыз ауа райы Қазақстанның басым бөлігінде сақталады. Республиканың оңтүстік-батысында ауа райы жауын-шашынсыз. Республиканың кей жерлерінде найзағай, желдің күшеюі, дауыл, бұршақ жаууы мүмкін, солтүстікте тұман түседі. «Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20, екпіні секундына 25 метр, найзағай, дауыл болады, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Қарағанды облысының кей жерлерінде жел секундына 15-20 метрге күшейеді, екпіні секундына 25 метр, найзағай, дауыл, бұршақ жаууы мүмкін. Жамбыл, Алматы облыстарының кей жерлерінде жел секундына 15-20 метр күшейеді, найзағай, дауыл, бұршақ жаууы мүмкін. Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде секундына…

Read More

Мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткізетін облыстық орталықтың мәжіліс залында «#BestвидеоТуғанөлке» облыстық онлайн байқауының марапаттау рәсімі өтті, — деп хабарлайды «ZhambylNews». Салтанатты іс-шара барысында байқауға қатысушы оқушылар мен колледж студенттерінің үздік видеолары көрсетілді. Байқау шарты бойынша колледж студенттері мен мектеп оқушылары туған өлке тарихы туралы қызықты видеолар әзірлеген болатын. Барлық видеолар #BestVideoTуғанөлке2019 хэштегімен білім басқармасының YouTube каналына жарияланып, онлайн дауыс жинады. YouTube видеохостингіне 50 видеоматериал орналастырылып, оның 13-і үздік деп танылды. Жеңімпаздар дипломдармен, сыйлықтармен марапатталды. https://youtu.be/Q0tjWe2tZRU

Read More

Қауіпсіздік кеңесі хатшылығының меңгерушісі тағайындалды, — деп хабарлайды Қазақстанның Тұңғыш Президентінің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай. «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасының, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесі Төрағасының шешімімен Шоқан Жанатұлы Елшібеков Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік кеңесі хатшылығының меңгерушісі болып тағайындалды», — деп жазды Айдос Үкібай Twitter желісіндегі парақшасында. Бұған дейін Шоқан Елшібеков ҚР Қауіпсіздік кеңесі хатшылығы меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарған.

Read More

Жапонияға қаржылық дағдарыс қаупі төніп тұр, — деп хабарлайды Хабар 24. Бұған әлеуметтік міндеттемелерге жұмсалатын шығын себеп болған сыңайлы. Әсіресе зейнетақы мен жәрдемақы бюджетке үлкен салмақ болып тұр. Бұған денсаулық сақтау саласына жұмсалатын шығындарды қосуға болады. Жалпыға бірдей денсаулық сақтандыру жүйесі Жапонияда осыдан шамамен 60 жыл бұрын енгізілген. Оған сәйкес елдегі барлық ауруханаларда медициналық қызметтерге бірдей баға бекітілген. Мемлекет әлеуметтік дәрежесіне қарай науқастың емі мен дәрілерге жұмсаған шығындарының 90 пайызына дейін өтейді. Сөйтіп мұндағы сапалы медицина халықтың өмір жасын ұзартуға сеп болды, бірақ мемлекетті шығынға батырған. «Тез арада шешілуі тиіс мәселелер бар. Мысалы қатерлі ісікті емдеуге арналған дәрілер өте қымбат. Сол себептен…

Read More

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев ведомствоның 2018 жылғы атқарылған жұмыс қорытындылары туралы Қоғамдық кеңес алдында баяндама жасап, алдағы кезеңге жоспарланған жұмыстарын айтты. Еңбек министрлігінің басшысы жаңа әлеуметтік шаралар — бұл Елбасының дәйекті саясатының нәтижесі және бұрын жүзеге асырылған шаралардың қисынды жалғасы екенін атап өтті. «Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес халықтың жұмысқа орналастыру және нәтижелі жұмыспен қамтылуы мен табысын арттыруға бағытталған әділ әлеуметтік саясат жалғасатын болады», — деді Сапарбаев Министр Елбасының «Әлеуметтік қамқорлық» жаңа әлеуметтік шараларының іске асуы ведомство жұмысындағы бірінші және ең маңызды басымдық екенін атап өтті. «Енгізілген түзетулер ескеріле отырып, ағымдағы жылдың 1…

Read More

Биыл 1 маусымнан бастап бюджет саласының ақысы төмен қызметкерлерінің жалақысы артады, — деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі. «Жалақы 1-ден 8-ге дейінгі разрядтағы қызметкерлерге, қосалқы (техникалық), әкімшілік және негізгі персоналдар қызметкерлеріне, сондай-ақ, басқарушы персоналдың кейбір қызметкерлеріне қатысты болды. Аталған қызметкерлердің жалақысы жұмыс өтіліне байланысты сараланған түрде арттырылады», — делінген хабарламада. Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 2019 жылға 144,3 миллиард теңге көзделген. «Мысалы, жоғары білімді және 1 маусымға дейін 2 жыл жұмыс өтілі бар жоғары санатты әлеуметтік қызметкердің жалақысы 81 830 теңге болды. 2019 жылғы 1 маусымнан бастап — 98 961 теңге. Осылайша, жалақының өсімі 17 130…

Read More

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Әмірі Тамим бен Хамад Әл Танимен кездесті, — деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі. Мемлекет басшысы кездесуде Қазақстанның Қатармен ынтымақтастықты жоғары бағалайтынын және екіжақты байланыстарды нығайтуға ниетті екенін атап өтті. «Бұл кездесуімізге өте қуаныштымын. Біздің елдеріміз арасында сауда-экономикалық ынтымақтастықты тереңдетудің мүмкіндіктері көп. Қатардың инвестициялық әлеуетін жақсы білеміз. Біздің мемлекеттеріміздің өзара іс-қимылдарын кеңейтуге, соның ішінде Қатар елінен инвестиция тарту бойынша тиісті тетіктерді іске қосуға ниеттіміз», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Тәжікстан Республикасы, Душанбе қаласы Қатар Әмірі Тамим бен Хамад Әл Тани Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасының Президенті болып сайлануымен тағы да құттықтап, елдер арасындағы өзара қарым-қатынастың нығая түсетініне сенім білдірді.…

Read More

YouTube-те футболдан Қазақстан жастар құрамасының Еуро-2021 іріктеу кезеңінде Черногорияны жеңген ойынынан он минуттық шолу жасалды, — деп хабарлайды Қазақстан футбол федерациясы баспасөз қызметі. Алтыншы топтың ойыны 11 маусымда Подгорицада өтіп, 2:1 есебімен қонақтар пайдасына аяқталған. Қазақстандықтар үшінші минутта қақпасына бір доп жіберіп алып, екінші таймда 62-ші және 94-ші минуттарда гол соқты. Қазақстан құрамасы үшін Черногорияға қарсы матч Еуро-2021 іріктеу кезеңіндегі екінші ойын болды. Қазақстан, Черногория және Фарералер тобында Испания, Израиль және Македония спортшылары өнер көрсетеді. Іріктеу кезеңі 2020 жылдың қазанында аяқталады, барлық топтың жеңімпаздары мен екінші орын алған екі үздік команда Еуро-2021 ақтық кезеңіне жолдама алу үшін күресті жалғастырады.

Read More

Жамбылдық жастар республикалық форумнан І орын иеленді «Табиғатты аяла». Осындай атаумен Қарағандыда жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің республикалық форумы өтті. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған шараға Жамбыл облысынынан 7 оқушы қатысып, үздіктер қатарынан көрінді. Жамбыл облысының командасы форумға қатысқан барлық командалардың арасынан жүлделі І орын иеленіп, жеңімпаздарға 6 аталым бойынша бағалы сыйлықтар мен грамоталар табысталды. Байқау барысында қатысушылар қоршаған ортаны таза тұстау, көгалдандыру бағытындағы тың идеяларын ортаға салды. «Туған өлкені зерттейміз», «Жасыл экономика», «Денсаулық және қоршаған орта», «Экоәлем» және «Жасыл экономика», «Жас Оазис» аталымдары бойынша тың жобаларын таныстырды.

Read More