Автор: admin
Жамбыл облысында «Сергекке» оқ атқан ер адам айыппұл арқалады, деп хабарлайды Tarazy.kz М. 2025 жылы желтоқсанда Сарыкемер — Түймекент — Ақшолақ тасжолында пневматикалық мылтықтан оқ атып, «Сергек» камерасына қасақана зақым келтірген. Соның салдарынан «І.» ЖШС-ға материалдық шығын келген. Сотта ер адам кінәсін толық мойындап, келтірілген залал ішінара өтелгенін айтқан. Десе де жәбірленуші тарап залал толық көлемде өтелмегенін мәлімдеген. Сот қаулысымен М. ӘҚБтК-нің 147-1-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 196 мың теңге көлемінде айыппұл тағайындалды. Қаулы заңды күшіне енді.
Молдова билігі Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығынан (ТМД) шығу рәсімін ресми түрде бастап кетті. Кишинев елдің ТМД-ға мүшелігінің негізін құрайтын үш негізгі келісімді денонсациялау процесін қолға алған, деп хабарлайды Tarazy.kz Бұл жөнінде Молдованың сыртқы істер министрі Михай Попшой Radio Moldova радиосының эфирінде мәлімдеген. Оның айтуынша, бұл келісімдердің күші жойылғаннан кейін Молдова заңды әрі ресми тұрғыда ТМД құрамынан шығады. Министрдің сөзінше, елдің достастықтағы мүшелігі біраз уақыт бұрын-ақ тоқтатылған. Денонсацияланатын құжаттар қатарында 1993 жылғы 22 қаңтарда Минскіде қабылданған ТМД жарғысы, 1991 жылғы 8 желтоқсанда қол қойылған ТМД-ны құру туралы келісім және сол келісімге 1991 жылғы 22 желтоқсанда бекітілген қосымша бар. Михай Попшой процесс қазірдің өзінде…
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкентте көшеде пышақталып мерт болған Нұрайдың өліміне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Tarazy.kz Мемлекет басшысы Ішкі істер министрлігі мен жергілікті құқық қорғау органдарына істі бақылауға алуға тапсырма бергенін айтты. «Шымкентте Нұрай есімді қыздың кісі қолынан қаза болуы бүкіл елді дүрліктірді. Ұлттық құрылтайға осы оқиға бойынша 130-дан аса өтініш түсті. Нұрайды аңдып, қоқан лоққы көрсеткен (күдікті). Ақыры арты адам өлімімен бітті. Осыған байланысты Ішкі министр министрлігіне, Шымкент полициясына құқықтық баға беруді тапсырдым. Бас прокуроратура дабұл мәселені мұқият тексереді. Қыз алып қашу, адам ұрлау – ұлтымыздың беделіне нұқсан келтіретін өрескел, жабайы қылмыс. Мұндай қатігездікке жол беруге болмайды», – дейді президент.…
Ұлттық құрылтай отырысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев QazaqGaz ұлттық компаниясының жұмысына қатаң сын айтты, деп хабарлайды Tarazy.kz Мемлекет басшысының айтуынша, компания газ өндіру көлемі бойынша тиісті деңгейде жұмыс істемей отыр. Қазіргі таңда QazaqGaz бар болғаны 350 миллион текше метр газ өндіріп отыр, ал компаниядағы қызметкерлер саны 10 мың адамға жуық. Сонымен қатар жаңа кен орындарын игеру ісі де тиімсіз жүргізілуде. Президент бұл жағдайды басқарудағы олқылықтармен байланыстырды. «Қалыптасқан ахуал — тиімсіз жоспарлаудың тікелей салдары. Бұл мүлде жол беруге болмайтын жағдай. Бұдан сабақ алу керек. QazaqGaz басшылығына перспективалы учаскелерді өз қаражаты есебінен игеруге кірісу жөнінде нақты тапсырма бердім», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Сондай-ақ мемлекет…
Елімізде жеке мектептерге қойылатын талаптар өзгереді. Бұл туралы Алматы қаласындағы жеке мектептердің құрылтайшылары, директорларының қатысуымен өткен кездесуде оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мәлімдеді, деп хабарлайды Tarazy.kz Бұдан былай елімізде жеке мектептер тек нақты қажеттілік туындап отырған өңірлерде ашылады. Лицензия тек үшауысымды мектептерді, апатты жағдайда тұрған білім ордаларын алмастыру мақсатында мемлекеттік мектептер жетіспейтін өңірлерге беріледі. Сонымен қатар, жеке мектептер құрылтайшыларының жауапкершілігі де заң аясында жетілдіріледі. Олар мектептердегі білім сапасы, ұстаздардың біліктілігі және оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жауапкершілік алады. Құрылтайшылардың ғана емес, мектеп директорларын тағайындау тәртібін де өзгерту жоспарланып отыр. Енді мектеп директорларын бұрынғыдай құрылтайшылар таңдамайды. Шешім қабылдау кезінде салалық министрлік пен жергілікті атқарушы…
Жетісу облысының Жаркент қаласында өз баласын батареяға байлап, бірнеше минут бойы ұрып-соққан әйелдің психиатриялық есепте тұрғаны белгілі болды, деп хабарлайды Tarazy.kz Әлеуметтік желіде тараған Жетісу облысында баласын аяусыз соққыға жыққан әйел адамның видеосы жұрттың ашуын тудырды. Кадрдан шамамен 3–4 жастағы баланың шағын пәтердегі жылу батареясына қара жіппен байланғаны көрінеді. 30–35 жас шамасындағы әйел қорғансыз баланы тепкілеп, ұрып, ауыр сөздер айтқан. Кадрда пәтерде тағы үш баланың жүргені байқалады. Зорлық көрінісін біреу телефонға түсіріп отырған. Ресми ақпаратқа сәйкес, аталған оқиғаға байланысты тексеру барысында балалардың әкесі мен анасының да психиатриялық есепте тұрғаны анықталған. Олар «Д» санатына жатқызылған, яғни ақыл-ой кемістігі бар тұлғалар ретінде тіркелген.…
Қазақстанда қарттар үйлері мен мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған орталықтарға жаңа формат енгізілуі мүмкін, деп хабарлайды Tarazy.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарына өзгерістер әзірледі. Құжатта қарттар мен мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін қолайлы әрі инклюзивті орта қалыптастыру көзделген. Жоспарға сәйкес әмбебап дизайн қағидаттарына негізделген шағын үйлерді дамыту ұсынылады. Мұндай формат тұрғындардың өзін жайлы сезінуіне және жеке қажеттілігін ескеруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған күндізгі бөлімшелер ашу қарастырылған. Бұл өзгерістер жобасы 2 ақпанға дейін «Ашық НҚА» порталында көпшілік талқылауына шығарылды.
Алматы мектептерінде полиция күшейтілген режимде кезекшілік атқарып жатыр, деп хабарлайды Tarazy.kz Мессенджерлерде Алматыдағы мектептерге шабуыл жасалуы мүмкін деген хабарламалар тарағаннан кейін оқу орындарында қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Бұл туралы қалалық білім басқармасы мәлімдеді. Ведомство мәліметінше, сабақтарды тоқтатуға немесе қашықтан оқытуға көшуге негіз жоқ. «Қаланың құқық қорғау органдары жағдайдан хабардар және оны бақылауда ұстап отыр. Олармен бірлесіп білім алушылар мен білім беру ұйымдары қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған қосымша алдын алу шаралары қабылданды», – деп жазылған басқарма таратқан хабарламада. Сондай-ақ, білім басқармасы өкілі Алматыдағы білім беру ұйымдары қалыпты режимде жұмыс істеп жатқанын атап өтті. Жауаптылар ата-аналар мен қала тұрғындарын сабыр сақтап, тек ресми…
ҚМА Шымкент қаласы бойынша департаменті М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Tarazy.kz Күдіктілер қатарында бұрынғы бірінші проректор, қаржы және әкімшілік департаменттердің директорлары, өндірістік-техникалық бөлімнің қойма меңгерушісі, сондай-ақ, мердігер ұйымдардың басшылары бар. Күдіктілер тауарлар іс жүзінде жеткізілмеген немесе жасанды түрде қымбат сатып алынған жалған мемлекеттік сатып алу шарттарын жасасқан. Байланысы бар жеке кәсіпкерлер мен коммерциялық ұйымдардың шоттарына аударылған қаражат қолма-қол ақшаға айналдырылып, қатысушылар арасында бөлінген. «Осы схема аясында университет басшылығы нарықтағы құны 200 мың теңгеден аспайтын бір орындықты 20 млн теңгеге сатып алған. Күдіктілер тозған тауарлық-материалдық құндылықтарды балансынан есептен шығарып, оларды іс жүзінде пайдалануды…
Маңғыстау облысында жолаушылар автобусы аударылып, төрт адам қаза тапты, деп хабарлайды Tarazy.kz Апат 16 қаңтарға қараған түні Ақтау – Бейнеу бағытындағы тасжолда болды. Алдын ала мәлімет бойынша, жүргізуші көлікті басқара алмай, автобус жолдан шығып кеткен. Оқиға орнында төрт жолаушы көз жұмды, тағы үш адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Автобуста барлығы 50 адам болған. Көлік техникалық тексерістен өткен, жол жамылғысы да қалыпты жағдайда болғаны хабарланды. Апат қараңғы уақытта тіркелген. Қазіргі таңда полиция оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу жүргізіп жатыр.