Close Menu
    Оқылып жатыр

    Трамптың ұлдары Қазақстан қазба байлығын игеруге тереңдер еніп барады

    14.05.2026

    Алматыда қылмыстық топ ұсталды: ауыр қылмыстарға қатысы бар

    14.05.2026

    Бесінші рет саудаға шыққан базар: Сатыбалды мүліктері тағы да сатылымда

    14.05.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Суббота, 16 мая
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Трамптың ұлдары Қазақстан қазба байлығын игеруге тереңдер еніп барады

      14.05.2026

      Алматыда қылмыстық топ ұсталды: ауыр қылмыстарға қатысы бар

      14.05.2026

      Бесінші рет саудаға шыққан базар: Сатыбалды мүліктері тағы да сатылымда

      14.05.2026

      Елде жаңа мемлекеттік наградалар пайда болды

      14.05.2026

      Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

      13.05.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

      13.05.2026

      Түркістан облысында 275 мың гектар алқап химиялық өңдеуден өтті

      07.05.2026

      Кегеннің кіре берісіне 5100 түп ағаш егілді

      04.05.2026

      Алматыда жарық сөніп, қараңғылық басады: көшелер тізімі жарияланды

      27.04.2026

      Ақтауда 2 жұмысшы тұз қышқылына күйіп қалды

      27.04.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Қазақстанда алғаш рет студенттердің AI жобаларына арналған республикалық конкурс ұйымдастырылды

    Қазақстанда алғаш рет студенттердің AI жобаларына арналған республикалық конкурс ұйымдастырылды

    Жаңалықтар 01.04.2026
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    «AI Sana» мемлекеттік бағдарламасы аясында және елдегі цифрлық трансформацияны қолдау мақсатында І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде «AI Sana – Digital Kazakhstan: Projects of the Future» атты республикалық студенттік жобалар конкурсы өтті, деп хабарлайды Tarazy.kz

    Студенттердің цифрлық инновациялық әлеуетін дамытуға бағытталған республикалық конкурс елімізде алғаш рет ұйымдастырылып отыр.
    Конкурстың іріктеу кезеңінен еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының 14 командасы финалға өтті. Олардың қатарында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Satbayev University, Yessenov University және басқа да оқу орындарының командалары бар.

    Конкурстың ашылу салтанатында І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Басқарма төрағасы – Ректор Ермек Бөрібаев студенттердің цифрлық технологиялар мен ЖИ саласындағы бастамалары болашақта табысты стартаптарға айналып, ел игілігіне қызмет ететініне сенім білдірді.

    Сондай-ақ, Ғылым және жоғары білім вице-министрі Динара Щеглова шараға онлайн форматта қатысып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Конкурсқа IT және бизнес саласының өкілдері: Жетісу облысы әкімдігінің ақпараттық технологияларды енгізу және дамыту бөлімінің басшысы А. Хамзинова, Жетісу облысы кәсіпкерлер палатасының адами капиталды дамыту бөлімінің жетекшісі Ә. Исмаил, «Қазақтелеком» АҚ өкілі С. Қалиев, «ASMA Industrial» ЖШС IT бөлімінің басшысы С. Чернышев және «Еуразиялық банк» АҚ филиалы директорының орынбасары С. Осинская қазылық етті.

    Іс-шарада медициналық қызметкерлерге, жүргізушілерге, оқытушыларға арналған интеллектуалды қосымшалар мен ЖИ стартаптары, сондай-ақ туристерге, инклюзивті оқытуға, әлеуметтік мәселелерді шешуге, кибер алаяқтықтан қорғауға және басқа да инновациялық қосымшалар таныстырылды.

    Идеяның жаңашылдығы мен бірегейлігі, практикалық маңыздылығы, технологиялық деңгейі және жобаны таныстыру білігі бойынша жүлделі I орынды (500 мың теңге) М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің «IPT Group» командасы жеңіп алды. Байқаудың II орынын (300 мың теңге) І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің «Zhetysu AI» командасы мен Yessenov University «NB-371» командалары иеленді. III орын (100 мың теңге) Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ — «QalqanAI» командасына, ҚазҰҚызПУ -«SERPIN» командасына және Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ — «AI-OSINT» командасына берілді. Сондай-ақ, барлық қатысушы командаларға номинациялар бойынша марапаттар табысталды.

    Жеңімпаздарды марапаттаған І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Цифрландыру және стратегиялық даму жөніндегі проректоры Тимур Жумагулов барлық командаларға алғысын білдірді.

    Тілеукулова Еркежан, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенті:
    «Біз медициналық мекемелерге арналған модульді қосымшаны жасадық. Ол туғаннан кейінгі көмек пен алғашқы 1000 күнге арналған балаларға қолдау көрсетуге бағытталған және барлық деректер Қазақстан аумағында сақталады. Әрбір мекеме жүйені өз серверінде орната алады (24 ГБ), ал модульдерді әртүрлі медициналық салаларға бейімдеуге болады — мысалы, онкология, психология және т.б. Қазіргі уақытта медициналық қызметкерлер қағазбасты жұмыстарға көп уақыт жұмсайды. Біздің қосымша осы процестерді автоматтандырып, дәрігердің жұмысын жеңілдетеді. Сонымен қатар, біз дәрігерлермен бірлесіп жұмыс істеп, олардың нақты қажеттіліктеріне сай шешім ұсынамыз және ЖИ көмегімен консультативтік процесті оңтайландырамыз».

    Келгенбай Жанерке, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің студенті:
    «Бүгінгі байқауды тек жарыс емес, үлкен мүмкіндіктер алаңы деп есептеймін. Біздің “Drive Service” жобасы — жүргізушілердің қауіпсіздігін жаңа деңгейге көтеретін интеллектуалды жүйе. Біз жүргізушінің эмоциясын анықтап, қауіпсіздік белбеуін тағу, телефон қолдану сияқты маңызды факторларды бақылап, осы деректерді ЖИ арқылы өңдейміз және құнды аналитикалық база қалыптастырамыз. Жоба гибридті форматта жұмыс істейді — мобильді қосымша және веб-платформа арқылы. Біздің басты мақсатымыз — бұл технологияны автомобиль индустриясына интеграциялап, жаһандық нарыққа шығару және жол қауіпсіздігін арттыруға үлес қосу».

    Ержүрек Шыңғыс, Satbayev University, Computer Science мамандығының 4 курс студенті:
    «Біз оқытушыларға арналған модульді қосымшаны жасап, қазір экожүйеге көшіп жатырмыз. Біздің өз веб-сайтымыз, Telegram-ботымыз және оқытылған моделіміз бар. Модельдің ерекшелігі — университеттің барлық деректерін жинап, нақты әрі дәл жауап беруінде. Сайттың негізгі мақсаты — есеп беру процесін автоматтандыру. Яғни мұғалімдер жыл соңында қолмен жасайтын есепті біз автоматты түрде қалыптастырамыз, ал студент сабаққа қатыспай қалса немесе үлгерімі төмендесе, жүйе мұғалімді автоматты түрде хабардар етеді. Біздің шешімнің басты артықшылығы — мұғалімнің уақытын үнемдеп, оның негізгі міндеті — сапалы білім беруге назар аударуына мүмкіндік жасау. Сонымен қатар, біз дайын API қолданбай, өз моделімізді оқытып жатырмыз, бұл жүйенің дәлдігін арттырып, қажетсіз ақпаратты болдырмауға көмектеседі.

    білім ғылым жетісу

    Оқылып жатыр

    Трамптың ұлдары Қазақстан қазба байлығын игеруге тереңдер еніп барады

    14.05.2026

    Алматыда қылмыстық топ ұсталды: ауыр қылмыстарға қатысы бар

    14.05.2026

    Бесінші рет саудаға шыққан базар: Сатыбалды мүліктері тағы да сатылымда

    14.05.2026

    Елде жаңа мемлекеттік наградалар пайда болды

    14.05.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Трамптың ұлдары Қазақстан қазба байлығын игеруге тереңдер еніп барады

    14.05.2026

    Алматыда қылмыстық топ ұсталды: ауыр қылмыстарға қатысы бар

    14.05.2026

    Бесінші рет саудаға шыққан базар: Сатыбалды мүліктері тағы да сатылымда

    14.05.2026

    Елде жаңа мемлекеттік наградалар пайда болды

    14.05.2026

    Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

    13.05.2026

    Талғарда тағы трагедия: 24 жастағы жігіт пышақ жарақатынан көз жұмды

    12.05.2026

    Президенттікке кандидат болған саясаткер партиядан кетті

    12.05.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.