Автор: admin
Алматыда автобустардың бірінде жолаушылар арасында жанжал шықты. Жәбірленушінің айтуынша, орыс тілді әйел оған қазақ тілінде сөйлегені үшін айқайлап, балағаттап, қорқытқан. Істі бақылауға алған заңгер Мейірман Шекеев құқық бұзушының үстінен іс қозғалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Tarazy.kz “Бірнеше күн бұрын автобуста бір әйел айқайлап сөйледі. Мен оған жай сөйлесуін өтінгенде, ол айқайлап балағаттап, қорқытып, телефонға видеоға түсіре бастады. Сол кезде мен де жағдайды телефонға түсірдім”, — дейді ол. Дөрекілік танытқан әйел орыс тілінде сөйлеп, жәбірленушіні қорқытып, ар-намысына тиетін сөздер қолданған. “Кейін ол маған “говори по‑русски” деп айқайлай бастады. Неге мен өз елімде қазақша сөйлей алмаймын? Қазақша сөйлесем, орысша сөйлеуімді талап етті”, — деді…
Вице-премьер, мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева ұлт денсаулығы мемлекеттің басты басымдығы екенін атап өтіп, міндетті әлеуметтік және медициналық сақтандыру жүйесінің маңыздылығына тоқталды, деп хабарлайды Tarazy.kz Министрдің айтуынша, сақтандыру – әрбір азаматтың денсаулығын қорғаудың негізгі механизмі. «Ұлт денсаулығы – мемлекеттің басты басымдығы әрі елдің тұрақты дамуының негізі. Міндетті әлеуметтік және медициналық сақтандыру – әрбір азаматтың денсаулығын қорғауға бағытталған басты құрал. Бұл жүйе медициналық көмекті қолжетімді, заманауи әрі әділетті етеді», — деді Аида Балаева. Оның сөзінше, 2026 жылы азаматтың сақтандырылған мәртебесі болған жағдайда, медициналық қызметтердің кең ауқымын міндетті сақтандыру аясында жоспарлы түрде алу мүмкін болады. «Сақтандыру жүйесі отбасылардың қаржылық тәуекелін азайтады, медицинаның…
Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында Наурызбай ауданы Оқушылардың инновациялық шығармашылық орталығында тоғызқұмалақтан ашық турнир ұйымдастырылды, деп хабарлайды Tarazy.kz Аталған жарысқа қала тұрғындарымен қатар, ұлттық зияткерлік ойынға қызығушылық танытқан Қазақстан Республикасының Шекара академиясының курстанттары да қатысып, өзара шеберліктерін сынады. Турнирдің басты мақсаты – ұлттық құндылықтарды дәріптеу, тоғызқұмалақ ойыны арқылы жастардың ой-өрісін кеңейту және Тәуелсіздік рухын насихаттау. Жарыс жоғары деңгейде ұйымдастырылып, мазмұнды әрі тартысты сәттерге толы болды. Ұлттық ойын арқылы өскелең ұрпақтың отансүйгіштік рухы нығая түсті.
Атақ алып, жұрттан сөз естіген танымал актер Еркебұлан Тоқтар сынға жауап берді, деп хабарлайды Tarazy.kz Бұған дейін актер, ережесіз жекпе-жек шебері Еркебұлан Тоқтар Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері атанды. «Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 21 қазандағы жарлығымен «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы берілді», — деп жазды өзі әлеуметтік желіде бұған дейін. Бұл турасында желі қолданушыларының пікірі қақ жарылды, бірі лайық екенін айтса, енді бірі бұл марапат артық екенін жеткізді: «Сәл ертелеу беріп қойды ма деп ойлап қоямын. Енді босаңсып кетпей, одан да үлкен белестерді бағындыруыңа тілектеспін!», «Лайықты емессің, былай промоушендарды ұтып жүрсің», «Еңбек сіңірген жоқ бұл, өзі айтып еді ғой елде шаруам жоқ,…
Павлодар қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты еркін күрестен қазақстандық танымал балуан, Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Дәулет Шабанбайға қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Tarazy.kz Іс материалдарына сәйкес, биыл қыркүйек айында спортшы мас күйінде Ұлттық ұлан патрулінің қызметкерлерін балағаттап, оларға күш қолданған. Бұған дейін тәртіп сақшылары оны көшеде түскен шағым негізінде тоқтатқан. Дәулет Шабанбайға Қылмыстық кодекстің 380-бабы 4-бөлігінің 1-тармағы – «Екі немесе одан да көп адамға қатысты билік өкіліне күш қолдану» бойынша айып тағылған. Сот балуанды кінәлі деп танып, оны орташа қауіпсіздік деңгейіндегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыру туралы шешім шығарды. Айта кетейік, биыл тамыз айында Дәулет Шабанбай…
Келер жылдан бастап жаттықтырушы-оқытушылардың жалақысы өседі. Бұл туралы премьер-министр Олжас Бектеновтің Мәжіліс депутаттарының сауалына берген ресми жауабында айтылған, деп хабарлайды Tarazy.kz Aikyn.kz-ке сілтеп. Балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінде еңбек ететін жаттықтырушы-оқытушыларға біліктілік шеберлігі үшін лауазымдық жалақысының 30%-ы мөлшерінде қосымша ақы төлеу жоспарланып отыр. «Бұл мақсатта 2025–2028 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасында 1,8 миллиард теңге қарастырылған. Қазір Үкіметтің тиісті қаулысына толықтырулар әзірленіп, келісу процесінен өтіп жатыр», – деді Бектенов. Сонымен қатар, қолданыстағы заңнама аясында республикалық маңызы бар қалалар мен облыстық әкімдіктер жергілікті бюджет есебінен спорт саласы қызметкерлеріне үстемеақы тағайындауға, ал ауылдық жерлерде жұмыс істейтін мамандарға лауазымдық жалақысының кемінде 25%-ы көлемінде қосымша…
Елдің тарихында кейбір жандар болады, солардың есімі әрқашан ұрпақ жүрегінде сақталады. Солардың бірі – қазақтың даңқты қызы, Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлова. Биыл оның 100 жылдық мерейтойы аталып өтті. Алматы қаласында ұйымдастырылған «Әлия. Мәңгілік ерлік» атты концерт-спектакль – тек өнер кеші ғана емес, жүректерге ерлік пен батырлық ұялататын рухани сабақ болды. Әлия жасына қарамастан, елі үшін жанын қиған, қиын сәтте батылдығымен халықты таңғалдырған. Оның ерлігі – тек сол дәуірдің ғана емес, бүгінгі ұрпақ үшін де үлгі. Бізге керек нәрсе – ұрпақты отансүйгіштікке, намысқа тәрбиелеу, рухын биік ұстау. Сол себепті бұл шара маңызы жағынан ұмытылмас оқиға болды. Кеш барысында Қазақстанның халық…
2025 жылғы 13 желтоқсан күні Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Алматы облыстық тоғызқұмалақ спорт федерациясының «Кубогы» үшін облыстық турнир өтті, деп хабарлайды Tarazy.kz Аталған жарысқа Алматы облысының 9 өңірінен 2012 жыл және одан кіші, сондай-ақ 2016 жыл және одан кіші жас санатындағы ұлдар мен қыздар арасынан 70-ке жуық спортшы қатысты. Турнир тоғызқұмалақтың «рапид» түрі бойынша швейцар жүйесімен ұйымдастырылып, спортшылар жеке және командалық есепте өзара бақ сынады. Турнирдің негізгі мақсаттары: тоғызқұмалақты Алматы облысындағы маңызды ұлттық зияткерлік спорт түрлерінің бірі ретінде дамыту және кеңінен насихаттау; әртүрлі жас санатындағы спортшылардың спорттық шеберлігін арттыру, тактикалық дағдыларын жетілдіру; балалар мен жасөспірімдер арасында зияткерлік спортқа тұрақты қызығушылық…
Қытай Қазақстанға көкөніс жеткізу бойынша Өзбекстанды басып озды, деп хабарлайды Tarazy.kz Қазақстанға Қытайдан әкелінетін көкөніс импорты 181,7 млн долларға дейін өсіп, бір жыл ішінде шамамен 2,5 есе артқан. Ал Өзбекстаннан жеткізілімдер керісінше 12%-ға төмендеп, 128,6 млн доллар болды. Қазіргі таңда осы екі ел Қазақстанның жеміс-көкөніс импортының шамамен 55%-ын қамтамасыз етіп отыр.
Алматы қаласында жаңа туған нәрестелерді сатуға қатысы бар қылмыстық топ әшкереленді, деп хабарлайды Tarazy.kz ІІМ мәліметінше, ұйымдастырушылар қиын жағдайға тап болған жас әйелдерді материалдық сыйақы үшін сәбиін бөгде адамдарға беруге итермелеген. «Барлық қатысушы ұсталды. 20-дан астам қылмыстық іс тергеліп жатыр. Күдіктілерге мүлкін тәркілей отырып, 18 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген», — деді полиция.