Автор: admin
2013 жылы Елбасымыз жаңа мереке – Отбасы күнін белгіледі. Бұл мереке Қазақстанда жыл сайын қыркүйектің екінші жексенбісінде атап өтіледі. Осы орайда «Елбасы медалі» бағдарламасының Алматы қаласы бойынша белсенді жастары өз отбасыларымен 2021 жылдың 12 қыркүйегінде «Отбасы күніне» орай Алматы қаласында ұйымдастырылған «Спорттық отбасы» атты эстафетаға 10 отбасы қатысты. Аталған шараның мақсаты бағдарламаға қатысып жатқан жастарға отбасылық құндылықтарды нығайту мен насихаттау, Отанға деген сүйіспеншіліктің отбасынан бастау алатынын түсіндіру болып табылады. «Спорттық отбасы» атты эстафета 3 кезеңнен тұрды. Әлеуметтік желіде өздерін таныстырып, отбасылық бейнероликтерімен сүйікті істерін ерекше көрсеткен ең үздік 10 отбасы ғана ақтық мәреге жолдама алды. Алғашқы 2 кезеңнен сүрінбей өтіп,…
Қазақстан Республикасының Ұлттық статистика бюросының Алматы қаласы бойынша департамент басшысы Әбілдабеков Айдар Ахметбекұлы ұлттық халық санағынан онлайн режимде өтудің маңыздылығын айта отырып, азаматтық белсенділік танытып, санақтан онлайн режимде өтуге және халық арасында насихаттауға ел белсенділерін шақырады. Бұл бастаманы Республикалық жастар ұйымдарының жетекшілері қолдады. Айта кетейік, ағымдағы жылдың 1 қыркүйегі күні елімізде халық санағы онлайн режимде арнайы мамандандырылған https://sanaq.gov.kz/ сайтында басталған болатын. Халыққа санақтан онлайн өтуге мүмкіндік жасау үшін Алматы қаласының ірі сауда орталықтарында, халыққа қызмет көрсету орталықтарында, білім беру мекемелерінде, базарларда, қоғамдық ұйым мекемелерінде арнайы 100-ден астам арнайы пункттер жұмыс жасайтын болады. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Департамент…
Ақтаулық Гүлжанар Рафкатқызы бір өзі бірнеше мамандықты игерген таланттылар қатарында. Ол көпшіліктің тісі бата бермейтін режиссерлік қызметте жақсы жетістігімен танылып жүр. Одан бөлек, Гүлжанар әнші әрі композитор ретінде де көзге түсе бастаған. Үш баланың анасы ірі жобаларды ұйымдастыру арқылы шеберлік шыңдала түсетінін айтады. «Мен 1991 жылы Ақтау қаласында дүниеге келдім. Тәуелсіздіктің құрдасымын. Жаным сүйетін істі тапқанға дейін ағылшын тілін оқыдым. Кейін аударма ісін оқып алып, сонымен айналыстым. Ал қазіргі таңда режиссерлік қызмет атқарамын. Оған қоса сазгерлігім бар. Менің әндерімді «Балапан» арнасы саундтрек ретінде пайдаланып жүр. Әншілік жолға да қадам бастым. Болашақта үлкен сахнадан да көрініп қалармын. Жолдасым екеуміз бір ұл,…
Ақындық – жан еркіндігі мен сана тәуелсіздігінен тұратын болмыс. Ал ол болмысты таза қалпында сақтап қалу үшін не істемек керек? Жұмыс пен жаныңа жақын өнерді алып жүрудің қиындығы қандай? Өлең жазу үшін де тіршіліктен жырақтап, жаныңа үңілу керек. Кезінде Мұқағали, Жұматай сынды қазақтың азулы ақындары да сол еркіндік жолында тұрмыс-тіршілігін құрбан еткен. Ал бүгінде өзі ақын болып, әрі мемлекеттік қызметті қатар алып жүрген жастың бірі – Нұрболат Сатымқұл. Нұрболат Ақынғалиұлы Жамбыл облысының тумасы. Өлеңімен өңірге ғана емес, республикаға танылған ақын. Ақындық, журналистика және басшылық қызметті қатар алып жүрген талантты жас. Бүгінде Қордай ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы. Жұмыс пен шығармашылықты…
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев телефон арқылы Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың Байзақ ауданындағы төтенше жағдай салдарын жою барысы туралы ақпаратын тыңдады. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді. Президентке 122 жылжымайтын мүліктің, соның ішінде 106 тұрғын үй, 12 коммерциялық және 4 әлеуметтік нысанның қирағаны жөнінде баяндалды. Қазіргі уақытта 12 мекеме, 23 техника мен 185 жұмысшы қайта қалпына келтіру жұмыстарына жұмылдырылған. Жамбыл облысы әкімінің айтуынша, бүгінге дейін 62 тұрғын үй жөнделген. Жалпы қайта қалпына келтіру жұмыстарын 10 қарашаға дейін аяқтау жоспарланып отыр. Жібек жолы ауылындағы қираған №5 орта мектептің орнына жаңа мектеп салынады. Бердібек Сапарбаевтың мәліметі бойынша, 26 адам стационарда…
Германия, Оңтүстік Корея, Литва, Қара теңіз, Бахрейн, Франция мемлекеттерінде қазақтың дәстүрлі әнін шырқап жүрген Ақмола облысының тумасы Айзат Қарабек қыздарыңыз жайлы естулеріңіз бар ма? Ол ұрпақтар сабақтастығын және Қазақстан халқының дәстүрлерін танымал етуді ту етіп жүрген өнерпаздарымыздың бірі әрі бірегейі. Тамырын ғасырдан ғасырға жайған ән өнері, оның ішінде қазақтың дәстүрлі әні қаншама қатқан жүректі жібітіп, қағидасыз жанның Темірқазығына айналды десеңші. Дүниеге келіп, алға қадам басқан сәтіңнен бастап ата-ана салған жолбағдар болатыны ақиқат. Ал өнер талай талантты сөзсіз-ақ тәрбиелеп шығарды десек қателеспейтін болармыз. Қолына домбырасын алса жаны сөйлейтін Айзат та дәстүрлі әнді таңдауына ата-анасы себепкер болғанын алға тартады. Ән маған қанмен…
Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген Жасұлан Тәжиев арқа ән мектебінің түлегі. Жастығына қарамастан, еліміздегі дәстүрлі ән өнерін терең меңгерген ол халық композиторларының туындыларын нақышына келтіріп орындайды. Сондай-ақ, Жасұлан халық арасында кең танылған «Сәби болғым келеді» әнінің авторы, талай таланттың томағасын сыпырған әнші-композитор Тұрсынғазы Рахимовтың төл шәкірті. Бүгінде ол бес жыл бұрын дүние салған ұстазының сара жолын жалғастырып келеді. «Қатонқарай ауданындағы Шыңғыстай ауылында дүниеге келдім. Әке-шешем кәдімгі еңбек адамдары. Төртінші сыныпты тәмамдаған соң, отбасымызбен Семейге көшіп келдік. Сол кездері айтыс өнері дүркіреп тұр еді. Әсіресе, «Жекпе-жек» айтыстың өрлеп тұрған шағы. Кітапқа, әдебиетке құмар балалардың көбісі үйінде ата-анасымен бірге айтысты көріп өсті…
Уақыт жылжыған сайын әлемнің бет-бейнесі де сан құбылып, заман талабы мен жас ұрпаққа жүктейтін міндеті де артып жатыр. Қазақ халқы бұрыннан «Заманына қарай адамы» дейді. Әрине, уақыт ағымы қасқағым, өзіне ілесе алмай қалғандарды қатардан шығарып тастап, әрі қарай артқа бұрылмай зымырай береді. Уақыттың ағымына ілесіп, заманға сай тұлға болып қалыптасу жолындағы ең маңызды қасиет – сананың ашықтығы деп білемін. Сананың ашықтығы білім мен ғылымды игеріп, бірнеше тілді жетік меңгеріп қана қоймай, сонымен қатар өз ортаңа, қоғамға толерантты көзқарас таныту және өз-өзіңді қайта мамандандырып отыру сынды негізгі қасиет-құндылықтарды қажет етеді. Жоғары оқу орнында білім алып, кейіннен еңбекке араласқанда кез келген дүниені…
Әлемдік сахнада қазақ елінің өнерін паш етіп жүрген жас өнерпаздар аз емес. Халықаралық байқауларда жүлде алып, жұлдызы жанғандар қаншама. Бір жарқ етіп, кейін көрінбей кеткендер де жоқ емес. Бүгінгі кейіпкеріміз Ерназ Қабдхамитов та өмірін өнермен байланыстырған жас таланттардың бірі. Ұрпақтар сабақтастығын және Қазақстан халқының дәстүрлерін танымал етуді қамтамасыз ету, жас өнерпаздар жетістігін жария ету – бүгінгі медианың бір мақсаты десек те болады. Қостанай облысының тумасы Ерназ ән өнерінде өзінше өрнек салғысы келеді. 2019 жылы вокалдан әлемнің 18 мемлекеті қатысқан «Creativita senza frontiere» байқауында қазақтың туын тіктеп, бас жүлде алған. Республикалық «Алтын микрофон» байқауынан өтіп, Италияға жолдама алғанын естіген бойда жетекшісі…
Сурет өнері қазаққа жат емес. Ықылым заманнан бастап бүгінге дейін қанымызда бар өнер десек те қателеспейміз. Бүгінгі жас дарынды суретшілер – солардың жолын жалғаушы. Соның бірі – Сұлтан Аманжол. Ұрпақтар сабақтастығын және Қазақстан халқының дәстүрлерін танымал етуді қамтамасыз ету – бір міндетіміз. Мәдениетке, әдебиетке, қоғамға еңбегі сіңіп жүрген елімізде қаншама жас дарын бар. Сұлтан сол жетістік жолында сурет өнерін өрге сүйреп келе жатқан талантты жас. Сұлтан Аманжол Айдосұлы 1993 жылы 1 ақпанда Алматы облысы Райымбек ауданында дүниеге келген. Кішкентайынан сурет салуға құмартып, осы өнерге аңсары ауған. Отбасында да сурет салатын туыстары бар. — Сурет өнері отбасымыздан алыс емес. Әкемнің «Алмас…