Автор: admin
Түркістан облысында азаматтық некедегі әйелін күштеп жындыханаға жатқызған ер адам 9 жылға сотталды, деп хабарлайды Tarazy.kz Тергеу дерегінше, отбасылық жанжалдан кейін ол екі танысымен бірге әйелдің қол-аяғын скотчпен байлап, еркінен тыс Шымкенттегі медициналық мекемеге алып барған. Тінту барысында күдіктінің үйінен жауынгерлік оқ-дәрілер табылды. Оған көмектескен екі сыбайласы 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар сот жәбірленушіге моральдық зиян үшін жалпы 11 миллион теңге көлемінде өтемақы төлеуді міндеттеді. Қазіргі таңда үкім заңды күшіне енген жоқ. Айта кетейік, Түркістан облысы бойынша Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілі әйелге заңсыз бас бостандығынан айыру дерегі бойынша қылмыстық істі қайта жандандыруға көмектескен еді. Жәбірленуші уәкіл өкіліне жүгініп,…
І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті базасында студент жастар арасында «Заң мен тәртіп» тақырыбында облыстық пікірсайыс турнирі өтті, деп хабарлайды Tarazy.kz Жастардың сыни ойлау қабілетін дамытуға, азаматтық ұстаным мен құқықтық жауапкершілігін қалыптастыруға бағытталған бұл дода университет және Zhansugurov College ұйымдастыруымен өтті. Турнирдің ашылу салтанатында университеттің Әлеуметтік жұмыс және жастар саясаты жөніндегі проректоры Болат Сериев құттықтау сөз сөйлеп, шараның маңыздылығына тоқталды. Ол жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру – қоғам дамуының негізгі тетіктерінің бірі екенін атап өтті. Шешендік өнер мен ой ұшқырлығы сынға түскен алаңда Жетісу өңіріндегі бірқатар білім беру ұйымдарының командалары бақ сынады. Атап айтқанда, Қ. Байсейітов атындағы саз колледжі, Талдықорған қаласының Инновация…
2026 жылғы 14 ақпанда тоғызқұмалақтан дүниежүзілік, республикалық және облыстық федерациялар басшыларының қатысуымен маңызды жұмыс кездесуі өтті. Іс-шара аясында Дүниежүзілік Тоғызқұмалақ федерациясының президенті Әлихан Бәйменовтің қатысуымен ресми тоғызқұмалақ федерацияларының кеңейтілген жиналысы ұйымдастырылды, деп хабарлайды Tarazy.kz Кездесу барысында Қазақстан Тоғызқұмалақ федерациясының президенті Әкім Тұрсұн тоғызқұмалақ спортын халықаралық деңгейде дамыту және ілгерілету, зияткерлік спорттың болашағы мен даму перспективалары, цифрландыру үдерістерін енгізу, сондай-ақ өзара тиімді ынтымақтастықты нығайту мәселелері бойынша есептік баяндама жасады. Қатысушылар тиісті сұрақтарын қойды. Тараптар ұлттық мұраны жаһандық кеңістікте кеңінен насихаттау, шетелдік серіктестермен ынтымақтастықты күшейту, халықаралық турнирлердің географиясын кеңейту, төрешілер мен спортшылардың кәсіби біліктілігін арттыру бағыттарына ерекше назар аударды. Сонымен қатар, заманауи технологиялар…
Алматылықтар жер сілкінісін сезді, деп хабарлайды Tarazy.kz Қалалық Төтенше жағдайлар департаменті мәліметінше, Алматыда жер сілкінісі тіркелген. «Бекітілген іс-қимыл алгоритміне сәйкес мемлекеттік органдарға хабарланды, нысандарға мониторинг жүргізіліп жатыр», — деп жазылған хабарламада. «Сейсмологиялық зерттеу институты» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 17 ақпанда Астана уақытымен 15:09-да жер сілкінісін тіркеген. «Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында, Алматы қаласынан шығысқа қарай 74 шақырым жерде орналасқан», — деп жазылған хабарламада.
Алматы қаласы Әуезов ауданына қарасты №202 мектеп-гимназиясында 4-сынып оқушылары мен олардың ата-аналарының қатысуымен «Ұлттың сөзі мен салты – тәрбиенің алтын арқауы» тақырыбында мазмұнды сыныптан тыс іс-шара өткізілді, деп хабарлайды Tarazy.kz Шараның негізгі мақсаты – жас ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру, ұмыт болып бара жатқан салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды жаңғырту, сондай-ақ отбасы мен мектеп арасындағы ынтымақтастықты нығайту болды. Іс-шараның басты ерекшелігі – оқушылардың ата-аналарымен бірге бір команда ретінде қатысуы. Қатысушылар қазақ қоғамында сирек қолданылып жүрген салт-дәстүрлердің мәнін ашып, олардың тәрбиелік астарына үңілді. «Бала тәрбиесіне қатысты қандай дәстүрлер бар?», «Ұлттық тағамдардың ерекшелігі неде?», «Қазақтың күй аспаптарын қалай ажыратамыз?» сияқты тапсырмалар арқылы ата-аналар мен балалар…
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Burger King Kazakhstan компаниясына қатысты жағдайды ресми түрде бақылауға алғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Tarazy.kz Алматы қаласының мемлекеттік еңбек инспекторы Әлібек Қаратайдың отбасына арнайы барып, оның әкесіне ресми шағымды қалай дұрыс рәсімдеу керегін түсіндіріп, еңбек заңнамасында қарастырылған құқықтар мен кепілдіктер туралы толық ақпарат берген. Министрлік таратқан мәліметке сәйкес, жұмыс беруші – «QSR» ЖШС (Burger King) ұйым ішінде қызметтік тексеріс жүргізіп жатыр. Тергеу кезеңінде басшылардың бірі уақытша қызметінен шеттетілген. Ал компания өз тарапынан қызметкердің жұмыстан шығарылмағанын атап өтті. Айтуларынша, жағдайды бейбіт түрде шешу үшін бірнеше ұсыныс жасалған. Соның ішінде қызметкерді басқа мейрамханаға ауыстыру мүмкіндігі қарастырылып отыр. Сонымен…
14 ақпанда елімізде Коучинг қызметінің кәсіби стандарты ресми түрде күшіне енді, деп хабарлайды Tarazy.kz Енді бұл жай ғана сән немесе BIO-дағы әдемі сөз емес, мемлекет реттейтін мамандық. Бұл туралы мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов айтты. Ең бастысы- енді коучтарда білімі мен біліктілікті растайтын арнайы құжаттары болуы қажет, басқа да талаптар бар. Еске салайық, Қазақстанда коуч-тренерлердің бірыңғай ұлттық тізілімі құрылады. Бұл туралы премьер-министр Олжас Бектенов депутаттық сауалға берген жауабында мәлімдеген еді. Реестр career.enbek.kz платформасы базасында кәсіби стандарт негізінде жасалады. Үкімет коучинг пен психологиялық қызметтерді лицензиялауды қарастыратын жеке заң қабылдауды жоспарламаған. Оның орнына халықаралық тәжірибеде кең тараған “кәсіби стандарттар мен өзін-өзі реттеу жүйесі” енгізіледі. Министрлер кабинетінің мәліметінше,…
Анкара қаласында 9 ақпанда бастау алып, Стамбул қаласында жалғасын тапқан түркі әлемінің мәдени мұрасын қорғауға бағытталған ауқымды халықаралық бағдарлама өз жұмысын сәтті аяқтады. «Түркі әлемінің реставрациялық және консервациялық зертханалары желісі» атты іс-тәжірибе алмасу жобасы түркі елдері арасындағы кәсіби ынтымақтастықты күшейтіп, мәдени мұраны сақтау саласындағы өзара ықпалдастықты жаңа деңгейге көтерді, деп хабарлайды Tarazy.kz Бағдарлама Түркі мәдениеті және мұрасы қорының ұйымдастыруымен, Түркия Республикасының Мәдениет және туризм министрлігі, TİKA және Түркі әлемі қоры (TDV) қолдауымен өткізілді. Жоба Анкара мен Стамбул қалаларында өтіп, археометрия, сәулет ескерткіштерін қорғау және суасты археологиясы бағыттарында Түркияның заманауи ғылыми-техникалық мүмкіндіктерін қатысушы елдерге таныстыруды мақсат етті. Бағдарлама аясында Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан,…
Алматы облысында экс—судья заңды белшесінен басып отыр. Заңға пысқырмайтын заң саласының маманы мен міслихат депутаты арасында бітіспес тартыс басталды. Албан жұрытын алаңдатқан даулы тартыс күн өткен сайын күшейіп келеді. Бұрынғы судьяның қызметтік тұрғын үйді босатпауы қоғамда резонанс туғызды. Өзіне төнген қауіп жайлы Райымбек аудандық мәслихаты депутаты Бекжан Жүнісов мәлімдеді, деп хабарлайды Tarazy.kz Todayinfo.kz-ке сілтеме жасап. Депутаттың айтуынша, экс-судья Сексенбаев Тұрсынбай қызметі әлдеқашан аяқталғанына қарамастан, қызметтік үйді босатпай отыр. «Экс-судья Сексенбаев Тұрсынбай мырзаның қызметі әлдеқашан аяқталғанына қарамастан, қызметтік үйді босатпауы жайлы қозғап, әділдік іздеген едім. Енді міне, осы мәселе аясында экс-судья Тұрсынбай мырза менімен арнайы хабарласты. Заң адамы адамша сөйлеседі деп үміттенген едім. Алайда…
Қазақстанда Burger King Kazakhstan желісіне қатысты дау күшейіп келеді, деп хабарлайды Tarazy.kz Даудың туындауына әлеуметтік кәсіпкер Жанат Каратайдың әлеуметтік желідегі жазбасы себеп болды. Ол аутизм спектріндегі бұзылысы бар 27 жастағы ұлы Әлібектің еңбек жолы мен соңғы уақытта болған жағдайды баяндаған. «Аутизмі бар ұлым Әлібек Қаратай. Көпшілік оны таниды. Қазір ол 27 жаста. 1998 жылы дүниеге келді. Екі жасында-ақ бір нәрсенің дұрыс емес екенін байқадық. Ол – екінші балам. Сөйлемеді, тілге келмеді. Ол кезде “аутизм” деген ұғым да, тіпті “сөйлеу дамуының кешеуілдеуі” деген түсінік те кең таралмаған еді. Мен IT саласындағы жұмысымды, болашағы зор мансабымды тастап, бәрін өзім зерттеп, баламмен айналысуға бел…