Автор: admin
Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша кеңес өткізді. Мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы Жайықбай Шалдаровтың айтуынша, 2022 жылы басқарма 89 миллиард теңгеге 329 лот өткізген. Нәтижесінде 3,2 миллиард теңге үнемделген. 2023 жылға арналған бекітілген даму бюджетіне сәйкес 78,6 млрд. теңгеге 394 лот өткізу жоспарлануда. Бүгінгі таңда ұйымдастыру жұмыстары мемлекеттік сатып алу басқармасына жүктелген 115 лоттың 93-і бойынша тапсырыс берушілерден өтінімдер келіп түсіп, конкурстар жарияланған. Баяндамашы мемлекеттік сатып алу саласындағы бұзушылықтарды дер кезінде жою және алдын алу мақсатында бақылау жүргізіліп жатқанын атап өтті. Аймақ басшысы күн тәртібіндегі мәселелер бойынша аудан әкімдерінің, басқарма басшыларының жауаптарын тыңдады. Облыс әкімі…
Сарысу ауданында төтенше жағдай салдарын жою бойынша жұмыстар қызу атқарылуда. Облыс әкімі Нұржан Нұржігітов ауданға жұмыс сапарымен барып, жауаптыларға ең алдымен Жаңатас қаласына электр энергиясын және жылу беру мәселесін жедел шешуді тапсырған болатын. Соған сәйкес атқарылған жұмыстардың нәтижесінде бұған дейін қалаға электр энергиясы берілген десек, енді жылумен қамту шаралары жүзеге аса бастады. Қазіргі таңда «ЖаңатаСуЖылу» МКК жылумен жабдықтау жүйелеріне су толтыру, жеке генераторларының қуаты айналым-сорғыларының қызметін қалыпқа келтіру жұмыстары қызу жалғасуда. Осыған орай қалаға жылу беру кезең-кезеңімен іске асып, бір тәулікте толығымен жылуға қосылады деп жоспарлануда. Еске сала кетейік, бұған дейін орын алған қатты дауыл салдарынан Жаңатас қаласындағы электр бағаналары…
Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен өткен кеңесте Тараз қаласындағы бірқатар аумақтың егжей-тегжейлі жобалау жоспарына енгізілген кейбір түзетулер талқыланды. Жиында Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков баяндама жасады. Ол облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес қаладағы үш алқаптың жоба-жоспарына жан-жақты тоқталды. Атап айтсақ, 15 шағын ауданның егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы соңғы рет 2019 жылы бекітілген болатын. Ұсынылған өзгерістерге сәйкес, тұрғындардың бос уақытын тиімді өткізуге қолайлы жағдай жасау мақсатында демалыс орындарының аумағы ұлғаюда. Аталған аумақта көпқабатты тұрғын үйлер саны – 154, жеке тұрғын үйлер – 967 болатын. Оның ішінде 255 жер телімін «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша беру қарастырылған. — Бұған дейін 47 жер телімі пайдалануға…
Жамбыл облысында ауа-райының нашарлауына байланысты (қарлы боран) 2023 жылдың 4 қаңтары, сағат 00.10-дан бастап «Қордай асуынының айналма жолының” 159-238 шақырымында автокөліктің барлық түрлерінің қозғалысына шектеу қойылды. Қозғалыс ескі Қордай асуы арқылы жүзеге асырылады.
Қаратау қаласында қатты желден зардап шеккен 8 көпқабатты үй мен «Игілік» КМК және қалалық әкімдік ғимаратының шатыры жөндеу бойынша жұмыстар басталуда. Ол бойынша бір мердігер компания өз жұмысына кірісіп кетсе, ертең таңертең тағы 6 мердігермен жиын өтеді. Қазіргі кезде аудандық электр жүйесі мемемесінің 21 адамнан және 7 техникадан құралған 4 бригадасы Қаратау қаласы бойынша электр желілерін қалпына келтіру жұмыстарын атқаруда. Көпқабатты және жеке үйлердегі электр желілері де реттелуде. Жылу көзі болып табылатын «Игілік» орталықтандырылған қазандығы штаттық режимде жұмыс істеп, Қаратау қаласының тұрғындарын жылумен қамтамасыз етуде. Электр энергиясына қосылған. Қаратау қаласының ішкі көшелері құлаған тал-бұтақтарынан тазартылып, көліктердің жол жүруіне қолайлы жағдай…
Аудан аумағында ауа-райының қолайсыз жағдайы сақталуда. Қазіргі таңда орталық аудандық ауруханада 45 адам ем алуда. Олардың арасында аса ауыр жағдайдағы науқастар жоқ. Аурухана ғимаратына арнайы генераторлар арқылы электр энергиясы берілуде. Жылыту құрылғыларымен қамтылған. Электр энергиясы желілерін қалпына келтіру бойынша жұмыстар 4 қаңтар, яғни, ертең таңертеңнен басталады деп көзделуде. Оған арнайы мамандардан құралған 10 бригада (о.і 5 бригада Тараз қаласынан) жұмылдырылмақ.
Таразда биыл мүгедектерге арналған монша ашылады. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Орынбеков көне шаһарды дамытудың 3 жылдық даму картасын таныстыру кезінде айтты, — деп хабарлайды ҚазАқпарат. Қала әкімінің мәліметінше, өңірде құрылыс жұмыстарының көлемі 2025 жылы 80,1 млрд теңгеге артады. Сонымен қатар осы жылы 47 көппәтерлі тұрғын үй құрылысы басталады, жаңа 5 мектеп пайдалануға беріледі, 7 білім ұясына күрделі жөндеу жүргізіледі. Сондай-ақ көптің көкейінде жүрген балалар жұқпалы аурулар ауруханасының құрылысы басталады. Шаһарда саябақтар жаңғыртылады. Тұрғындардың демалыс уақытын тиімді пайдалану үшін «Мамыр» саябағының аумағында иппотерапия орталығы салынады. Тағы бір ерекше жаңалық – елімізде алғашқы рет мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған монша пайдалануға беріледі.…
Бүгін, 2022 жылғы 9 желтоқсанда, елордада»Амбулаториялық кезеңде акушерлік — гинекологиялық көмек көрсетудегімультидисциплинарлық тәсіл» атты ғылыми-практикалық конференция жұмысын бастады. Іс-шараны Астана Медицина Университетіелордалық акушер-гинекологтар Федерациясымен бірлесіп ұйымдастырды. Конференция барысында мынадай өзекті мәселелер талқыланады: • Әртүрлі аурулар кезінде жүкті әйелдерге антенатальды көмек көрсетудің кешенді тәсілі • Прегравидальды дайындық және ұрықтың туабіткен ақаулары мен хромосомалық ауытқуларды азайту жолдары • Бедеулікті диагностикалау мен емдеудің заманауи тәсілі • Ерлер мен әйелдердің денсаулық жағдайы. • Түсік түсіру және олардың репродуктивтіден саулыққа әсері. • Гинекологиялық Эндокринология мәселелері Конференция жұмысына Қазақстанның жетекші қауымдастықтары, отандық және шетелдік сарапшылар: денсаулық сақтауды ұйымдастырушылар, акушер-гинекологтар, репродуктологтар, эмбриологтар, жалпы практика дәрігерлері, терапевттер, эндокринологтар, уроандрологтар, бастапқы буын онкологтары, көпсалалы стационарлар, Адам репродукциясы клиникалары, бейінді республикалық клиникалармен медициналық ЖОО-лар қатысады. Астана Медицина Университетінің № 1 Акушерлік және гинекология кафедрасыныңмеңгерушісі, Астана қаласы Қоғамдық денсаулықсақтау басқармасының бас акушер-гинекологы, профессор Зайтуна Хамидуллинаның айтуынша, гинекологиялық аурулар, ана мен бала өлімінің жиілеуі, бедеу жұптар мен түсік тастаудың ұлғаюына байланысты аталған конференцияны өткізу уақтылы, әрі өте маңызды болып табылады. Конференция екі күнге созылады, оның барысында сарапшылар МСАК-тың негізгі базалық сипаттамаларын және негізгі 4 атрибутты қолдау қажет болатын барлық бастапқы буын мамандары үшін іс-шараларды анықтау мәселелерін талқылайды, атап айтқанда: өңірлер мен республика деңгейінде халықтың репродуктивті денсаулығын арттырудың көпсалалы тәсілдерін әзірлеу мақсатында бастапқы байланыс, үздіксіздік, қамту және үйлестіру.
Астана медицина университетінің құрметті профессоры атағы Ералы Лұқпанұлы Тоғжановқа берілді Ақтөбе облысының әкімі Ералы Лұқпанұлы Тоғжановқа «Астана медицина университетінің құрметті профессоры» дипломын табыстадым. «Құрметті профессор» атағын тағайындау Ғылыми кеңестің шешімімен қабылданады. Ералы Лұқпанұлына «Құрметті профессор» атағын беру оның Денсаулық сақтау саласына сіңірген еңбегін мойындау және университетіміздің дамуына тікелей қатысу нысаны болып табылады», Ералы Лұқпанұлын мемлекеттік қайраткер ретінде білеміз, бірақ оның көп жылдар бойы академиялық ортада жұмыс істегенін және жоғары оқу орындарының қызметімен жақсы таныс екенін көпшілік біле бермейді. Ол саясаттану ғылымдарының докторы, заң ғылымдарының кандидаты, бірқатар ғылыми жарияланымдары бар. Е.Тоғжанов Астана медицина университетін дамытудың жаңа стратегиясын әзірлеуге және ЖОО-ны зерттеу…
«Алматы» студенттер Альянсы» корпоративтік қорының ұйымдастырумен ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ гранттық жобасы «Жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу бойынша кешенді іс-шараларды өткізу» әлеуметтік жобасы нәтижелері бойынша қорытынды онлайн есептік кездесу өтті. Жоба мақсаты – жастардың арасында өзін – өзі тану, патриоттық сезімдерін арттыру. Қазақстан Республикасының Ұлттық басымдықтарын ілгерілету. Жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру – мемлекеттің өміршеңдігіне әсер ететін негізгі рухани тірегі бола отырып, қоғамның дамуына, азаматтың адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуына, жастардың әскери іске қызығушылығын арттыруға негіздейтін маңызды бағыттардың бірі болып табылады. «Жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу бойынша кешенді іс-шараларды өткізу» әлеуметтік жобасы сәуір айынан бері жүзеге асырылып келе жатыр. Жобаны жүзеге асыру барысында көптеген нәтижелерге қол жеткізілді. Соның ішінде: -Шағын…