Автор: admin

Облыс әкімі Нұржан Нұржігітов Сарысу ауданына жұмыс сапарымен барып, бірқатар нысанды аралады. Алдымен аймақ басшысы «Qazaq soda» кальцийленген сода өндіру зауытының құрылыс жұмыстарымен танысты. Бүгінде Сарысу ауданында еліміздегі алғашқы кальцийлендірілген сода өндіретін зауыттың құрылысы жүргізілуде. Жоба «Yildirim Holding» түрік компаниясының еншілес кәсіпорны «Qazaq Soda» ЖШС-не тиесілі. Нысан 2023 жылы пайдалануға беріледі. Жоба 1 300 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Нысан құрылысына 400 миллион АҚШ долларын инвестициялау жоспарланып отыр. «Yildirim Holding»-тің бас директоры Исмаил Джейлан мұнда қалдықсыз өнім өндірілетінін атап өтті. И.Джейлан қызметкерлерге арналған жатақхана салу, кәсіпорын төңірегінде жасыл аймақ құру жоспарлары бар екенін де айтты. Бас директордың айтуынша, мемлекет…

Read More

Тұрғын Дулат Әлиев Жамбыл облысында айыптұраққа қойылған автокөліктердің жұмбақ жағдайда жоғалуының жиілеп бара жатқанын айтады. Екі жылдан бері жолаушылар автобусын таппай жүр. Айтуынша, прокуратура мен полиция күдікті белгілі болса да, іске көз жұма қарап отыр. Сол себепті мемлекеттік автотұрақтан көлік ұрлау әлдекімдердің бизнесі ме деп күдіктенеді, деп хабарлайды 31 арнаның «Информбюро» бағдарламасы. «Мен көлікті досымның не туысымның үйіне қойған жоқпын. Мемлекеттік айыптұрақ – арнайы алаңға қойдым», – деді Дулат Әлиев. Тараз тұрғыны Дулат Әлиев екі жыл бұрын банктен несие алған досына кепіл болған. Алайда досының банкке берешегі кешіккен соң, жолаушы таситын екі автобусын полицейлер тоқтатқан. Кейін жолаушыларды түсіріп, айыптұраққа өзі…

Read More

Облыс әкімі Нұржан Нұржігітовтің Шу ауданына жұмыс сапары «Тасөткел» су қоймасының сейсмикалық тұрақтылығын нығайту жұмыстарымен танысудан басталды. Себебі келер жылдың вегетациялық кезеңіне дейін су көп жиылса, шаруалар алқаптағы жұмыстарға еш алаңсыз ертерек кіріседі. Жобалық құны – 2,1 миллиард теңгеге жоспарланған су қойманың қайта жаңғырту жұмыстары 45 пайызға аяқталған. Мердігер ұйым басшылығы биыл су деңгейінің әдеттегіден жоғарылағанын айтып, тиісінше жоспарлы жұмыстарға қолбайлау болып тұрғанын жеткізді. Аймақ басшысы жобаның күрделілігі мен маңыздылығын ескеріп, құрылыстың бекітілген кестеден кешігіп келе жатқанын атап өтті. Жұмыстарды ағымдағы жыл соңына дейін аяқтауды, қажет болған жағдайда жұмысшыларды екі ауысымда ұйымдастыру керектігін баса айтты. Келесі кезекте облыс әкімі Шу…

Read More

Кез келген мәселеге қатысты шешім қабылдарда қоғамдық пікір мен көзқарасты міндетті түрде ескеру маңызды. Бұл туралы кезекті аппараттық кеңесте Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов айтты. Басқосуда алдымен жергілікті атқарушы органдардың халықпен кері байланыс мәселесі қаралды. Облыс әкімінің кеңесшісі Нұрмухаммед Ниязбеков, баспасөз қызметінің жетекшісі Данияр Асқарұлы, «Жамбыл облысы бірыңғай диспетчерлік қызметі» КММ-нің басшысы Бақкелді Тұрсынбек баяндама жасады. Олар әлеуметтік желідегі басшылардың белсенділігі, көтерілген сауалдар мен өтініштерге жауап беру деңгейі, атқарылған жұмыстарды көрсете білуі, кері байланыс орнату мәселелеріне жан-жақты тоқталып, алты айдың қорытындысын баяндады. Кемшіліктер бойынша бірқатар әкімдер мен олардың орынбасарларына, басқарма басшыларына қатысты шаралар қабылданатын болды. — Кез келген өзекті мәселеге…

Read More

Жамбылдық полицейлер есірткіге қарсы бағыттағы  профилактикалық іс-шараларды тұрақты түрде өткізуде. Осындай сипаттағы кезекті іс- шара Қайрат Рысқұлбеков атындағы саябақта және Бауыржан Момышұлы атындағы «Жеңіс» саябағында өткізілді. Жамбыл облысының Полиция департаменті  Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері тұрғындарға есірткінің зияны туралы бүктеме кітапшалар  таратты. Онда синтетикалық есірткі заттарының таралу  мәселесіне ерекше назар аударылған. Сондай-ақ, кітапшада есірткінің заңсыз айналымына қатысқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылатыны туралы ақпарат бар. — Сондай-ақ акция барысында біздің қызметкерлер тұрғындарға «Есірткінің тозағы. Азап айдаған ана» деген кітап таратты. Бұл кітапта анасы ұзақ уақыт бойы нашақорлыққа тәуелді болған ұлының есірткімен күрескен тағдыры туралы айтады. Әйел адам өз отбасының мәселесі…

Read More

Жамбыл облысы Шу ауданында 10 келіден астам есірткіні мотоциклмен тасымалдаған деп хабарлады Polisia.kz. Полиция Шу – Меркі тас жолының аумағында мотоциклмен кетіп бара жатқан Шу және Мойынқұм ауданы тұрғындарын тоқтатты. Ұсталғандардан жалпы салмағы 10 келі 600 грамм болатын екі қап кептірілген марихуана тәркіленді. Күдіктілер кінәсін мойындады. Шу қаласының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қылмыстық кодекстің 296-бабы 4-бөлігімен тергеу басталды.

Read More

Тараз қаласының Полиция басқармасына Жамбыл облысының  тұрғындарынан алаяқтық жолмен алдап, қомақты сомада ақшаларын жымқырған белгісіз азаматшаға қатысты арыз түскен. Тараз қаласы Полиция басқармасының жедел-тергеу тобымен 34 жастағы азаматша анықталды. Ол қала тұрғындарына төмен пайызбен несие шығарған, алайда ақшаны өзіне иемденген. Алған несие сомалары 500 мыңнан бастап 5 миллион теңге көлемінде болған. Жалпы келтірілген шығын көлемі 47 миллион 80 мың теңгені құрайды. Күдікті әйел өз кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабымен (алаяқтық) тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Құрметті қала тұрғындары, алаяқтардың арбауына түспес үшін сақ болыңыздар.

Read More

Жетінші шақырылған облыстық мəслихаттың кезекті он сегізінші сессиясында бірқатар мәселелер қаралды, — деп хабарлайды Тarazy.kz тілшісі. Облыстық мəслихат депутаттары, басқарма басшылары, қала жəне аудан əкімдері қатысқан сессияның тұрақты комиссия отырысында облыс əкімі Нұржан Нұржігітов баяндама жасап, облыстық бюджеттің атқарылуы мен өңірдің алдағы даму жоспары туралы хабарлады. Аймақ басшысы өткен жылы елде болған пандемия тұсында табысын жоғалтқан салық төлеушілерге берілген салықтық рахымшылықтар мен жеңілдіктерге қарамастан облыстық бюджет кірістері артығымен орындалып, алдыңғы жылмен салыстырғанда айтарлықтай өсім бергенін жеткізді. — Өткен жылғы облыстық бюджеттің кірістері 537,4 млрд. теңгені құрап 100,3 пайызға қамтамасыз етілген. Алдыңғы жылмен салыстырғанда 42,3 пайызға немесе 159,9 млрд. теңгеге артқан. Меншікті кірістер…

Read More

Ағымдағы жылдың 27-29 маусымы аралығында  Жамбыл облысының аумағында  «Түнгі қаладағы балалар» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты- кәмелетке толмағандар арасында, сондай-ақ оларға қатысты қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу. Республикалық жедел-алдын алу іс-шарасының бірінші күні ішкі істер органдарына түрлі құқық бұзушылықтар жасаған  172 жасөспірім жеткізілді, оның ішінде 194 жасөспірімге әкімшілік хаттама толтырылды. Бес жасөспірім және жеті қолайсыз отбасы анықталып,  есепке алынды. Сонымен қатар, алкоголь өнімдерін сатудың 6 дерегі, сондай-ақ кәмелетке толмаған жасөспірімдер түнгі уақытта даяшы болып жұмыс істеген екі ойын-сауық орны анықталды. Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз ойын-сауық мекемелерінде және тұрғынжайдан тыс жерде болғаны үшін…

Read More

Қазақстан мен Румыния – посткеңестік мемлекеттер. Қара теңіз бен Каспий теңізінің ортасындағы Ресей жері бөліп жатқаны болмаса, екі мемлекетті транзиттік көршілер деуге де болады. Румыния мен Қазақстан арасындағы ұқсастықтар да аз емес. Румыния – 1878 жылы Осман империясының бодандығынан құтылып тәуелсіздік алған ел. ХХ ғасырдағы сан түрлі төңкерістер мен соғыстарды бастан өткерген Румыния Кеңес Одағының ықпалымен коммунистік лагерьдің қатарын толықтырды. Николае Чаушескудің ұзақ жылғы билігі 1989 жылы төңкеріспен тәмамдалып, Румыния демократиялық жолға түсті. «Түсті» деп айтылғаны болмаса, алғашқы жылдар түрлі толқулар мен қақтығыстармен тарихқа жазылып, ақырғы нәтижесінде Румыния Еуропалық одаққа, НАТО-ға қабылданып, демократиялық жолға түсті. Бұл – 1991 жылы өз…

Read More