Автор: admin
Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың кенже қызы Әлия Назарбаева экодүкен мен экобаспахана ашты. Бұл туралы Назарбаеваның өзі Instagram парақшасында жазды. Оның жазуынша, экодүкен мен баспахана кеңсе тауарларын өндірумен және сатумен айналысады. «Кеңсе таураларын саудалауға араналған экодүкен мен эко баспахана ашу идеясы кездейсоқ келген жоқ. Мен бұған дейін 2022 жылы біздің команда Қазақстанда алғашқы экологиялық мектепті ашады деп жазған едім. Сонымен, біздің мектепте біз өзімізден бастаймыз! Бәрін! Бұл дегеніміз, асханада экологиялық таза өнімдер болуы керек (сондықтан біз жылыжайымызды ашамыз), сыныптарда өңделген шикізаттан жасалған кеңсе тауарлары қолданылуы керек, ал үлестірме материалдар мен авторлық құралдар эко-қағазға басып шығарылады» деп жазды Назарбаева. Бұған қоса, ол…
Жуырда бірігетіні хабарланған қазақстандық Jýsan Bank пен АТФ Банктің бірігуіне «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының басшысы, Алматы қаласының экс-әкімі Ахметжан Есімовтің күйеу баласы Ғалымжан Есенов пен қызы Айжан Есімованың ажырасуы себеп болған. Бұл туралы бірнеше халықаралық БАҚ-та жарияланған мақалаларға шолу жасаған Азаттық радиосы хабарлады. Азаттықтың жазуынша, америкалық Globenewswire.com сайты Jýsan Bank өзінің бәсекелесі АТФ Банкті сатып алғанын хабарлаған. Globenewswire.com сайттың жазуынша, АТФ Банкінің иесі Ғалымжан Есеновке тиесілі KNG Finance холдинг компаниясы АТФ Банкіндегі өзінің 99,76 пайыз үлесін Jýsan Bank-ке түгел беріп, біріккен банктің акцияларына ие болмақ. Бұл үлестің қанша екені әзірге белгісіз. «АТФ Банкін сатуға қайтарылуы қиын қарыз және оның иесінің…
Түркияның Газиантеп қаласындғы коронавирус ауруханасында жарылыс болып, арты өртке ұласып, салдарынан тоғыз адам қаза тапты. Бұл туралы елдің денсаулық сақтау министрі Фахреттин Қожаның сөзіне сілтеме жасаған Анадолу агенттігі хабарлады. Агенттіктің жазуынша, жарылыс Санко университеті ауруханасының жан сақтау бөліміндегі жасанды тыныс аппаратындағы ақаудан болған. Жарылыстың нақты себебі анықталып жатыр. Тірі қалған науқастар жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді. Бірі жолда қайтыс болды. Аурухана басшылығының мәлімдеуінше, қайтыс болғандардың жасы 56 мен 85 аралығында.
Бүгін Техаста (АҚШ) өткен кәсіпқой бокс кешінде британдық Каллум Смитті (27-1, 19 КО) жеңіп, екінші орта салмақтағы (76,2 киллограм) WBA Super, The Ring, WBC тұжырымдарының чемпиондық белбеуін иеленген мексикалық Сауль «Канело» Альварес (54-1-2, 36 КО) қазақстандық Геннадий Головкинмен (41-1-1, 36 КО) үшінші жекпе-жек өткізуге дайын екенін мәлімдеді. Бұл жайлы ол Смитті жеңген соң журналист қойған сұраққа жауап беру барысында айтты. Журналист «Жуырда Геннадий Головкин жеңіске жетті. Болашақта сіздердің үшінші жекпе-жек өтуі мүмкін бе?» деп сұрақ қойды. «Мен ешкімнен қашпаймын. Мен ең мықтылармен жұдырықтасамын. Егер бұл жекпе-жекті қабылдауға мүмкіндік болса, мен оны қабылдаймын. Бірақ мен мықтылармен жұдырықтасатынымды көрсеттім» деп жауап берді…
Қоғам белсендісі Әсия Төлесова «PROGRESS» деп аталатын жаңа саяси партия құрмақ. Бұл туралы Төлесованың өзі Instagram парақшасында жазды. Белсенді қазақстандықтарды өздеріне қосылуға шақырды. «Біз, Әсия Төлесова мен Әлия Жолболдина, PROGRESS саяси партиясын құру ниетімізді мәлімдейміз. Бүгінгі Парламентте олардың мүдделері жоқ деп ойлайтындар бізге қосылыңыз!» деп мәлімдеді белсенді. Ол партияның құрылуы 18 Желтоқсанда әлеуметтік желілерде тікелей эфирде талқыланатынын айтты. «Тәуелсіздік күні құтты болсын! Біздің тәуелсіздігімізді атап өтудің жолы-оны қорғау!» деді Төлесова. 35 жастағы алматылық белсенді Әсия Төлесова – совет өкіметі кезінде сталиндік репрессияның құрбаны болған қазақ жазушысы Ілияс Жансүгіров пен мемлекет қайраткері Ораз Жандосовтың шөбересі. Көпшілікке Төлесова былтыр көктемде Алматыда жол…
Аудан әкімі Мейірхан Азатұлы барша меркіліктерді мерекемен құттықтап, бірқатар азаматтарды «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапаттады. Сонымен қатар, ауданның әлеуметтік –экономикалық өсуіне үлес қосып, қоғамдық жұмыстарына белсене атсалысып, қажырлы еңбек еткені үшін бес азаматты «Ауданның Құрметті азаматы» медалімен наградтады. Әнші, сазгер, музыкатанушы, Меркі жерінің тумасы Бәбіжанова Бағланға ауданның «Құрметті азаматы», меркілік әнші Оңал Азаматоваға «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі берілді. Кешке арнайы шақырумен келген ақын Маралтай Райымбекұлы Тәуелсіздік туралы өлеңдерін оқып, көптің қошеметіне бөленді. Шарада мерекелік концерт тарту етіліп, өнерпаздар патриоттық әндермен халыққа көңіл сыйлады.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай «Менің Туым. Менің Отаным! » атты акция аясында қала тұрғындары акцияға қолдау білдіріп, көп қабатты тұрғын үйлерге Мемлекеттік туды ілді. Бұл азаматтардың патриоттық сезімін, қазақстандық бірегейлікті білдіру, елдің және оның азаматтарының жетістіктерін қолдау болып табылады.
Қазақстанның экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев алғаш рет биыл қайтыс болған жиен немересі Айсұлтан Рахат туралы айтты. «Өкінішке қарай, биыл біз маған қатты ұқсайтын бір немеремнен айырылып қалдық» деді Назарбаев өзі туралы түсірілген «Штрихи к портрету» фильмінің үшінші бөлімінің аңдатпасында. Назарбаевтың Айсұлтан туралы «Штрихи к портрету» фильмінің үшінші бөлімінде айтады. Бірақ ол бқлім әлі көрсетілген. Биыл тамызда 30 жасқа шыққан шағында Лондонда қайтыс болған Айсұлтан Назарбаев — Қазақстан сенатының экс-спикері, Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызы Дариға Назарбаева мен оның бұрынғы күйеуі марқұм Рахат Әлиевтің екінші ұлы. Ресми мәлімет бойынша, Айсұлтан Назарбаев жүрек талмасынан қайтыс болған. Оның өлімінен кейін Назарбаев жария түрде ешқандай реакция…
1990 жылдары Қазақстан территориясында бөлек мемлекет құрғысы келгендер болған. Бұл жөнінде елдің экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін «Хабар» телеарнасында өзі жайлы көрсетілген «Штрихи к портрету» фильмінің екінші бөлімінде айтты. «Бізде астыртын ниет ойлағандар болды. Белгілі бір территорияда қандай ұлттар көп тұрғанына байланысты «өзіміздікін» (мемлекетті — авт.) құрайық» дегендер болды. Бұл бөлек әңгіме, өте қауіпті. Оралда казактар, Шығыс Қазақстанда да. Сосын арандатушылар Ресейден келіп, «осында келіңіздер, өзіміз, территорияларыңызбен» дей бастады. Мұның бәрін қиын жағдайда басу керек болды, бірақ, құдайға шүкір, бұл мәселелердің бәрін шеше алдық. Мысалы, Шығыс Қазақстан облысында, Өскеменде бір топ адам әкімдікті басып алып, Шығыс Қазақстанды Алтай республикасы деп жариялағысы…
Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 16 желтоқсан -Тәуелсіздік күніне орай «Желтоқсан 86» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мұрат Бердалиевтің қатысуымен «Желтоқсан оқиғасы – ұлт рухының биік белесі» атты Тәуелсіздік дастарханы өтті. Іс-шара басталмас бұрын кітапхана қызметкерлері «Желтоқсан желі» әнін шырқап, келген қонақтарды қарсы алды. Тәуелсіздік дастарханында Желтоқсан құрбандарына құран оқылды.Тәуелсіздік дастарханына Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бас маманы Ж.Құттыбаева, қазақ соқырлар қоғамының қызметкерлері қатысты.Шара Желтоқсан оқиғасының куәгері, «Желтоқсан 86» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мұрат Бердалиевтің онлайн сұхбат беруімен жалғасты.1986 жылғы 16-17 желтоқсан күндері Алматының алаңындағы адам төзгісіз жағдайды ауыр күрсініспен еске…