Автор: admin
Биыл Қазақстан полициясының құрылғанына 30 жыл толып отыр. Полиция қызметінің қалыптасу кезеңдерінде кәсіби шеберліктерін, адалдықтарын мойындатқан, тіпті, қызмет жолында қаза болған әріптестеріміз аз емес. Оның ішінде құқық қорғау органдары қызметкерлерінің арасында Халық Қаһарманы атағын алған алғашқы әрі жалғыз полицей Ғазиз Байтасовтың ерлігі мәңгі өшпес өнеге. Сондай-ақ тәуелсіздік алған жылдары Жамбыл облысы Полиция департаментінің 37 қызметкері мемлекеттік марапаттарға ие болып, 23 қызметкер «Ерлігі үшін» медалімен, 13 қызметкер «Айбын» орденімен наградталған болатын. Осы ретте, мерейлі мерекеге орай Бауыржан Момышұлы атындағы «Жеңіс» саябағында батыр полицейлердің ескерткішіне гүл шоқтары қойылып, құрмет көрсетілді. Іс-шара барысында қатысушылар қызмет бабында қаза болған полицейлерді бір минут үнсіздікпен еске…
Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының облыс бойынша филиалында болып, бірқатар мемлекеттік қызметшілермен кездесіп, дәріс оқыды. Аймақ басшысы өз сөзінде мемлекеттік қызметтің маңыздылығы мен жауапкершілігі туралы айтып өтті. — Мемлекеттің дамуы мен өркендеуі мемлекеттік қызметшінің білімі мен біліктілігіне, нәтижелі де ұтымды еңбегіне тікелей байланысты.Сондықтан мемлекеттік қызметші болу – үлкен абырой әрі үлкен жауапкершілік.Халықтың сенімін ақтау – мерейлі міндет. Ел тәуелсіздігі жылдарында мемлекеттік қызмет саласында бірқатар реформалар жүзеге асырылып келеді.Мемлекеттік аппараттың, мемлекеттік қызметтер көрсетудің тиімділігі мен айқындығы жүйелі түрде артып келеді. Бизнеске әкімшілік салмақ салу түбегейлі азайтылды, жемқорлыққа қарсы заңнама жетілдіріліп, қоғамдық бақылаудың аясы кеңеюде,-деді өз…
Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтің Талас ауданына жұмыс сапары Бостандық ауылындағы «Зерхат» шаруа қожалығымен танысудан басталды. Аймақ басшысына мұнда ауданның ауыл шаруашылығы саласында атқарылып жатқан жұмыстар мен негізгі көрсеткіштер баяндалды. Аудан бойынша егістіктікке жататын жердің көлемі 21643 гектарды құраса, оның 76 пайызы игерілуде. 220 гектар алқапқа су үнемдеу технологиялары енгізілген. 2022-2025 жылдары салада жалпы көлемі 3 млрд. 54 млн. теңгені құрайтын 65 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Субсидия беру, техникаларды жаңарту, су каналдарын тазалау, балық шаруашылығын дамыту бойынша қолға алынып жатқан шаруалар да баршылық. Облыс әкімі мемлекет тарапынан беріліп жатқан жеңілдіктерді, субсидияларды тиімді пайдаланудың маңыздылығына тоқталып, ол бойынша ауылдық округ…
Жамбыл облысында тіркемесіне 25 тонна қарбыз тиелген КамАЗ аударылды. Жолда шашылған қарбыздарды көліктер таптап өтіп жатыр, – деп хабарлады КТК арнасы. Апат болған сәтте машиналардың да аялдауына тура келді. 25 тонна қарбызы бар КамАЗ Түркістаннан Таразға келе жатып, орта жолда аударылған. Полицияның мәліметінше, жүргізуші рөлге ие бола алмай, жүк көлігі теңселіп барып жол жиегіне төңкерілген. Көлік тізгіндеген 28 жастағы азамат жарақат алып ауруханада жатыр. Ал қарбыздың кімге тиесілі екені, әрі оның қанша шығынға ұшырағаны әзірге белгісіз.
«Коммерсанть» дереккөздеріне сүйене отырып, Ресей қазақтарының федералдық ұлттық-мәдени автономиясының жаңа басшысы болып Тюменьдік Есенғали Ибраев сайланды деп жазады newsroom.kz. Ол Тюменьдегі кезектен тыс съезде бес жыл мерзімге сайланды. Е. Ибраев жаңа қызметінде Ресей мен Қазақстан арасындағы серіктестік қатынастарды дамытуға ерекше назар аударатынын мәлімдеді. «Біз түрлі өңірлердегі қазақ ұйымдарымен тығыз қарым-қатынас орнатып, Ресейдің ұлттық саясатының міндеттерін шешуде мемлекеттің сенімді серіктесі болуға ұмтылатын боламыз. Одан әрі іс-қимыл өзіндік қазақ мәдениетін сақтауға, халық дипломатиясы желісі бойынша Ресей мен Қазақстан әріптестігінің дамуына жәрдемдесуге, Ресей ұлтының бірлігін нығайтуға бағытталатын болады» Ресей президенті әкімшілігінің ішкі саясат жөніндегі ұлттық саясат бөлімінің меңгерушісі Татьяна Вагина Түмен облысында этномәдени секторды…
Жамбылдық полицейлер бөгде адамның көлігін ұрлап, жол-көлік оқиғасын жасаған мас ер адамды ізін суытпай ұстады. Ағымдағы жылдың 13 маусымында сағат 15:30 шамасында «102» тетігіне 23 жастағы жігіт автокөлік ұрлығы туралы өтінішпен жүгінді. Жәбірленушінің айтуынша, «Chevrolet Lanos» маркалы көлік Меркі ауылындағы Мәдениет үйінің жанында болған. Көліктің иесі абайсызда есіктерді құлыптамай қалдырған. Белгісіз біреу көлік салонына кіріп, оны ұрлап кеткен. Белгілі болғандай, автокөлік ұрланғаннан кейін тәртіп бұзушы жол-көлік оқиғасын жасаған. Күдікті тұлға бірден ұсталды. Медициналық куәландыру көрсеткендей, ол мас күйде болған. Аталған дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 200-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Жамбыл облысының Полиция департаменті автокөлік ұрланған…
Сегодня, на площадке Палаты предпринимателей Жамбылской области прошло совместное с городской прокуратурой заседание Совета по защите прав предпринимателей и противодействию коррупции. Участники рассмотрели два земельных вопроса: несогласие нескольких крестьянских хозяйств с решением конкурсных комиссий и многолетние жалобы предпринимателей на невозможность легализовать земельные участки. В Региональную палату предпринимателей «Атамекен» Жамбылской области поступили обращения сразу от нескольких глав местных крестьянских хозяйств. Руководители хозяйств «Шынбулак», «Улан» и «Гончаров» Кордайского района обратились по поводу итогов участия в конкурсе по предоставлению в аренду земель для сельхозпользования (Правила организации проведения конкурса по предоставлению права временного возмездного землепользования (аренды) для ведения крестьянского или фермерского хозяйства, сельскохозяйственного производства утверждены приказом Заместителя Премьер-Министра РК…
Мемлекет басшысының «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов Байзақ ауданы Түймекент, Сарыкемер ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесулерге құқық қорғау органдарының өкілдері де қатысты. Алдымен облыс әкімі ауылдық округ әкімдерінің елді мекендерді дамыту бойынша атқарылған жұмыстары туралы есептерін тыңдады. Кездесулер ашық диалог форматында өтіп, тұрғындардың мәселелері мен ұсыныстары тыңдалды. Олар негізінен жайылымдық жерлерді бөлу, жолдарды жөндеу, ауыз сумен қамтамасыз ету, каналдарды қалпына келтіру, кадр тапшылығы, оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыруға қатысты сұрақтар қойды. Өңір басшысы ауыл тұрғындарының сұрақтарына жауап беріп, мемлекеттік бағдарламалардың мүмкіндіктері туралы жан-жақты ақпарат берді. — Жергілікті атқарушы органдар мен тұрғындар бірлесе жұмыс…
Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов медицина қызметкерлерінің күніне арналған салтанатты жиынға қатысты. «Баласағұн» орталық концерт залында өткен шарада аймақ басшысы ақхалаттыларды мерекелерімен құттықтап, олар таңдаған мамандықтың маңыздылығын атап өтті. — Дәрігер – адам жанының арашасысы, жер бетіндегі сан алуан кәсіптің ішіндегі ең қастерлі мамандықтың иесі. Бұл үлкен мәртебе, әрі зор жауапкершілік.Халық денсаулығын жақсарту – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Бұл ретте салауатты қоғам қалыптастырып, дені сау ұрпақ өсіруде дәрігерлердің алар орны ерекше.Мемлекет басшысы отандық медицина алдына үлкен әрі жауапты міндеттер қойып отыр. Аз уақыттың ішінде әлемді шарпыған қауіпті індет адамзат баласын әбігерге түсірді. Осынау қиын-қыстау кезеңде біздің мемлекетіміз барлық қолдау…
Еліміздің шығысы Өскемен қаласында қыздар арасында бокстан республикалық «МЫҚТЫЛАР ТУРНИРІ» өткенді. Жамбыл облысының намысын қорғаған бұрымды былғары қолғап шеберлері 4 алтын, 5 күміс, 2 қола жүлдеге қол жеткізіп, жалпы командалық есепте жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді. Айта кетейік, аталған турнир Азия чемпионатына іріктеу жарысы болып табылады. Облыс құрамасы сапында жеңімпаз және жүлдегер атанған спортшылар: Алтын: Бакытбек Аружан (36 кг) Вайдеман Валерия (50 кг) Абдрахманова Жанерке (52 кг) Турсынбек Диляра (60 кг) Күміс жүлде: Танкибаева Айым (40 кг) Романенко Алёна (52 кг) Тынышбек Мерей (56 кг) Шарипова Русалина (58 кг) Орынбайқызы Айгерім (60 кг) Үшінші орын: Дауылбай Карина (38 кг)…