Автор: admin

2020 жылдың наурыз айынан бастап «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» волонтер жылы аясында «Birgemiz: Asyl Mura» жалпыұлттық жобасын іске асыра бастады. Жобаның мақсаты — мәдени-тарихи мұраны сақтау және дамыту, тарих, мәдениет ескерткіштері мен мемориалдық кешендерді қалпына келтіру және сақтау жөніндегі жобаларға волонтерлерді тарту. Елімізде карантинге байланысты онлайн-режимде Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған викторина, «Әлемдік мұра» челленджі сияқты іс-шаралар өткізілді. «Birgemiz: Asyl Mura» жалпыұлттық жобасы аясында ұлы Абайдың 175 жылдығына арналған каверлер байқауы өтті. Байқауға барлығы жүзден астам орындаушылар қатысты, олардың ішінде Нұр-Сұлтан қаласынан отыздан астам жас таланттар бар. Байқаудың жүлде қоры 430 мың теңгені құрады. Жеңімпаздарға арнайы сертификаттар…

Read More

Ғылым мен техниканың дамыған заманында кез келген жұмысты интернет арқылы орындау қалыпты жағдайға айналды. Қазіргі таңда интернетке тәуел­ділік әлемдегі ең басты мәсе­лелердің біріне айналып отыр. Жасөспірімдердің көпшілігі виртуалды әлеммен шектен тыс әуестенеді. Осыған байланысты, «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер республикалық ұйымы интернетке тәуелділіктің алдын алу мақсатында «ReStart» жобасын бастады. Шілдеде басталған жоба қараша айының соңына дейін жалғаспақ. Негізгі мақсаты – жастарға, балалар мен ата-ана­ларға виртуалды кеңістіктің қауіпсіздік ережелерін түсіндіру. Жоба шеңберінде жастар мен балалардың интернетке тәуелділігін анықтау әдістемесін әзірлеп, түрлі тақырыптар бойынша талдау жұмыстарын жүргізу үшін сарапшылар пулы құрылды. Сарапшылар интернетке тәуелділікті анықтау бойын­ша әлемдік тәжірибедегі қол­даныстағы әдістемелерге және…

Read More

Қазіргі таңда интернетке тәуелділік әлемдегі ең басты мәселелердің біріне айналып отыр. Интернетке тәуелді жасөспірімдердің көпшілігі виртуалды қарым қатынаспен шектен тыс әуестенеді. Осыған байланысты, «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер республикалық ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі «ReStart» жобасы аясында танымал суретші, иллюстратор Аңсаған Мұстафамен бірлесіп интернетке тәуелділік тақырыбында арнайы туындыларын жасап шығарды. Интернетке тәуелділік тақырыбындағы арнайы 20 сурет туындылары еліміздің 13 аймақтық парақшаларына салынып, желі қолданушылары арасында үлкен қызығушылық тудырды. Желі қолданушыларының көбі суреттердің қазіргі заманның шындығын бейнелеп отырғандығымен бірден келісті. Туындылардың негізгі мақсаты жастар мен жасөспірімдерге, ата-аналарға арнайы суреттер арқылы интернеттің зиянды тұстарын көрсету болып табылады. Қазіргі уақытта интернетке тәуелді адам…

Read More

Жамбыл облысында 24 жастағы Әйгерім Әбдірайым есімді қыз туған әкесі Әмзе Әбілқасымовпен 24 жылдан кейін көрісті. Бұл туралы Qazaqstan ұлттық арнасының «Қымбат жандар» бағдарламасының сюжетінде айтылады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Әйгерімнің айтуынша, ата-анасы ол сәби кезінде ажырасып кеткен. Нағашыларының қолында өскен ол 2015 жылдан бастап туған әкесін іздей бастаған. Тұрмыс құрған соң осы бағдарламаға келуді шешкен. «Әкемді іздеуге анам қарсы болды. Олардың не үшін ажырасқанын білмеймін, әкеме ешқандай өкпем жоқ. Тек мені неге іздемеді екен деген бір ғана сұрағым бар», — дейді Әйгерім. Телеарна мәліметінше, Әмзе Әбілқасымов Алматы облысы Іле ауданының тұрғыны. 2001 жылы екінші рет шаңырақ көтерген. Жары Майра екеуі 2 қыз…

Read More

Бәйтерек ауылдық округінің тұрғындары «Жұмыспен қамту жол картасы” мемлекеттік бағдарламасының шарапатын көруде. Атап айтқанда, бағдарлама аясында елдімекендер абаттандырылып, жолдары жөнделіп жатса, бір жағынан ауыл азаматтары үшін жаңа жұмыс орындары пайда болдs. Мәселен, “Үшбұлақ” өндірістік кооперативінің аумағында орналасқан «Барзани» каналына ағымдағы жөндеу жұмыстарына 38,827 млн. теңге бөлініп, аталған жұмыстар қазіргі таңда аяқталу үстінде. Қосақ ауылындағы Астана, Алатау, Нұрлы жол, Қосқұдық және М.Мәметова көшелеріне түнгі жарық орнатылды. Оған 16,0 млн. теңге қаржы жұмсалды. Сарыкемер ауылының 9 көшесіне (К.Орынқұлов, Жиделі, Р.Медеулов, Досымбеков, Үшбұлақ, Ф.Гаджиев көшелері және Сәтпаев, Қ.Рысқұлбеков, Байзақ батыр бұрылыстары) орта жөндеу жұмыстарына 83,121 млн. теңге қарастырылып, жөндеу жұмыстарының аяқталуы күтілуде. Сондай-ақ,…

Read More

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Жамбыл облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағының төрағасы Ерұлан Сәбенұлы Мағзымбековпен «Кәсіподақ күші-бірлікте!» атты онлайн сұхбат өткізді. Онлайн сұхбат барысында Ерұлан Сәбенұлы кәсіподақтың негізгі қызметі, мақсаты мен міндеттеріне жан-жақты тоқталды. Облыста 65 мыңнан астам кәсіподақ мүшелері бар екенін, жылына 8 мыңнан астам шағым-арыздар келіп түсетінін айтты. Сын сағатта кәсіподақ екі жақтың да мәселесіне баса назар аударып, екі жақты пікірді тыңдайтындарын, кәсіподақ төрағасы болу – көшбасшылықпен қатар мықты заңгер және мәмілегер екенін жеткізді.Ұжымдық және еңбек шарттарын талдап, жылына өтетін семинар, тренингтердің маңыздылығын атап, «Кәсіподақ үйірмесінің» жұмысын түсіндіріп,…

Read More

Ауданымызда кәсіпкерлік саласы жыл санап өркен жайып келеді. Бүгінде аудандағы кәсіпкерлер түрлі бағыттарды дамытып, өнімдері халық арасында ерекше сұранысқа ие болып отыр. Мәселен, Бурыл ауылдық округінде сан түрлі саланы кәсіп етіп табыс тауып жүргендердің арасынан ұлттық дәстүр мен салт-сананы ұрпақ жадында қайта жаңғыртып жүрген тігінші Айнұр Қаржаубайқызының бағыты ерекше. Тігіншілік саласын дамытып, осы арқылы табыс тауып, одан қалса туған ауылындағы қыз-келіншектерге тігіншіліктің қыр-сырын үйретуді ниет еткен жанның ісін көпке үлгі етуге болады. Үстіміздегі жылдың қыркүйек айынан бастап Айнұр Қаржаубайқызы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы арқылы өзінің «Келіндер академиясында» қыз-келіншектерге тегін тігін курсын ұйымдастырған болатын. «Тігіншілік курсы екі буынға арналып 2 ай бойы…

Read More

МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР — ШАРУАШЫЛЫҚТАР ИГІЛІГІ ҮШІНАуданның ауыл шаруашылығы саласы дамуының негізгі бағыттары бойынша атқарылған жұмыстар нәтижесі төмендегі көрсеткіштермен сипатталады. Осы жылдың 9 айында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 33 млрд. 890,5 млн. теңгені немесе өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 104,7 % құрады. Ал, ауыл шаруашылығындағы негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 5 млрд. 235,6 млн. теңгені немесе 2019 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 123,9 % құрады.Ағымдағы жылы аудандағы шаруашылықтардың ауыл шаруашылығы мақсатындағы жалпы егістік жердің көлемі 55 514 гектарды құраса, оның 26 511 га суармалы, 29 003 га тәлімі.Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған…

Read More

Тараз қаласының әкімі Айтқазы Қарабалаев «Үркер — 2020» ұлттық сыйлығын жеңіп алған облыстық «Ақ жол» газетінің ұжымын құттықтады. «Облыстағы «Ақ жол» басылымы үздіктерді ұлықтайтын ұлттық «Үркер — 2020» сыйлығының иегері атанып, жамбылдық журналистер мәртебесі биіктей түсті. «Жылдың үздік газеті» номинациясын иеленген басылым ұжымын осы айтулы жеңіспен құттықтап, көшбасшы газеттің алар асуы азаймауына тілектестік білдіремін. Сөзсіз, бұл «Ақ жолдың» алғашқы да, соңғы да жеңісі емес. Себебі, цифрландыру дәуірінде заман ағымына сай бейімделе отырып, өзінің өзге басылымдар бет түзейтін үлгілі келбетін сақтай алған газеттің талай марапатына куә боларымыз анық», — деді қала басшысы.

Read More

Мысырлық дайвер Саддам әл-Килани әлемдік рекорд орнатты, ол Қызыл теңізде 143 сағаттан аса уақыт бойы су астында болған, — деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz порталы Еgyptindependent.com басылымына сілтеме жасап. 29 жастағы жігіт әріптестерінің, жанкүйерлерінің және өзі тұратын Дахаб қаласының тұрғындарының қуанышына орай Гиннестер рекорды кітабына енетін болады. Килани су астындағы саяхатын 5 қарашада бастаған. Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды. Ресми БАҚ өкілдері болмағанына қарамастан, Дахаб қаласының жүздеген тұрғындары, туристер және дайверлер Киланидің теңіз түбінен шыққанын күтіп тұрды. Килани дайвинг бойынша әлемдік рекорд орнату үшін ұзақ жылдар бойы дайындалған. Ол Мысыр аумағынан бөлек жерде су түбіне түсуден бас тартқан, ол арманына өз елінде жеткісі келген. …

Read More