Автор: admin

Жарылған құбыр Қарабалаевтың қадағалауымен қалпына келтірілді, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі. Кеше қаладағы Төле би даңғылының бойында жарылған газ құбыры тәулікке жетпей қалпына келтірілді. Тараз қаласының әкімі Айтқазы Қарабалаев бүгін таң сәріден апат орнына тағы қайтара келіп, нысандардың жылуға қайта қосылуын қадағалады. Еске салсақ, кеше, 23 қазан күні «ЖамбылТранстелеком» АҚ жұмысшылары жер қазу жұмыстарын жүргізу барысында Тараздағы Төле би даңғылының бойында газ құбыры АГРС-2 (автоматтандырылған газ реттеуіш станциясы) қалаға кіретін 630 мм диаметрлі полиэтилен газ құбыры зақымдалған болатын. Газдың шығуын тоқтату мақсатында апатты бригада ф-600 және ф-500 миллиметрлі жерасты ысырмаларын бекітіп тастауына тура келді. Мұның салдарынан РК-4 аудандық 4-ші қазандық,…

Read More

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасында ұлт өнерін ұрпаққа насихаттайтын халықаралық «Мен қазақпын» телевизиялық мегажобасының «Көрермен көзайымы» номинациясының жеңімпазы, қаршадайынан қазақтың қара домбырасын серік етіп, ұлттық музыканың қайнарынан қанып ішкен Сұлужан Әбеновамен «Ұлы дала әуендері» атты онлайн ән кеші өтті. Кеш барысында Сұлужан Әбенова Шу өңірінде туғанын, алғаш қолына домбыраны әкесінің ұстатқанын, өнер жолында әлемнің көп мемлекеттерінде болғанын, шығармашылықты шыңдауда үлкен байқаулардың алатын орны туралы айтты. Жарты жылға созылған халықаралық «Мен қазақпын» мегажобасының еліміздің әр өңіріндегі дәстүрлі әнші, термеші және күйшілердің басын бір арнаға тоғыстырып, атадан балаға мұра болып келе жатқан төл өнерімізді насихаттауда жеткен жетістігіне тоқталды.…

Read More

Бүгін, 23 қазан күні «Транстелеком» АҚ жұмысшылары жер қазу жұмыстарын жүргізу барысында Тараздағы Төле би даңғылының бойында АГРС-2 (автоматтандырылған газ реттеуіш станциясы) қалаға кіретін 630 мм диаметрлі полиэтилен газ құбыры зақымдалды. Апатты жағдай салдарынан РК-4 аудандық 4-ші қазандық, 4 өнеркәсіптік кәсіпорын, 27 коммуналдық-тұрмыстық кәсіпорын және 176 жеке тұрғын үй уақытша газсыз қалып отыр. Төтенше жағдай салдарын реттеу және нысандарға газ беруді қалпына келтіру мақсатында облыс және қала әкімдігінің өкілдері, қала әкімінің ұйымдастыруымен жауапты мекемелердің басшылары оқиға орнына келді. Қазір қабылданатын шаралар пысықталып жатыр.

Read More

Құрметті отандастар! Бүгін мен Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауын тағайындау туралы Жарлыққа қол қойдым. Орталық сайлау комиссиясының қаулысымен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауы тағайындалады. Алдағы сайлау конституциялық мерзімге сәйкес, 2021 жылдың 10 қаңтарында өтеді. Барлық саяси партиялардың бұл сайлау науқанына қатысуға дайындалуына, сайлау алдындағы платформасын әзірлеуіне, партиялық инфрақұрылымдарды жетілдіруіне уақыты жеткілікті болды. Орталық сайлау комиссиясы мен Бас прокуратура сайлаудың заңдылығын, ашықтығын және әділдігін сақтау үшін тұрақты бақылау жүргізіп отырады. Жаңа сайлау науқанына дейін саяси жаңғыру, көппартиялықты дамыту және еліміздің қоғамдық-саяси өміріне азаматтардың қатысу аясын кеңейту жөнінде шаралар қабылданды. Бірінші. «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» конституциялық заңға және «Қазақстан Республикасы Парламентінің комитеттері мен комиссиялары туралы» заңға…

Read More

Жамбыл облысы Мойынқұм ауылында еріктілер аққайың мен шырша ағаштарын отырғызды. Жергілікті экобелсенділер карантин уақытында осы шараның қалай жүзеге асырылғаны туралы толық баяндады. «Биыл еріктілер жылы аясында республика бойынша көптеген жобалар іске асырылып жатыр. Соның бірі Birgemiz: Taza Alem жалпыұлттық жобасының шағын гранттары. Онда бірнеше бағыт бойынша экологиялық қозғалысты дәріптеді. Біз соның ағаш отырғызу бойынша грант жеңімпазы атандық. Енді нағыз қызық басталды, өйткені менде де, достарымда да аса бір тәжірибе болмаған еді. Ағаш отырғызуды зерттеу, еріктілер тобын құру, есеп-қисап құжаттарын рәсімдеу сынды мәселелер өз ретімен шыға берді», — дейді Айдос Қосыбаев. Айдостың айтуынша, осы шараны іске асыруға карантин жағдайы өз әсерін…

Read More

Облыс әкімдігінің мәжіліс залында аймақ басшысы Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен кеңесте «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы мен «Нұрлы жол» инфрақұрылымын дамыту бағдарламасын іске асыру мәселелері қаралды. Басқосуда облыс әкімінің орынбасары Ұлан Жазылбек баяндама жасап, ағымдағы жылдың 9 айында облыста 433 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілгенін және бұл өткен жылдың сәйкес деңгейінен 9,5 пайызға артық екендігін мәлімдеді. Жалпы өңірде тұрғын үй кезегінде 32 740 адам тұрған болса, оның ішінде халықтың әлеуметтік осал топтарының өкілдері, көп балалы отбасылар, жетім балалар, бюджет қызметкерлері бар. Пәтер кезегіндегілерді тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін мемлекеттік бюджеттен 24,9 миллиард теңге бөлініп, 65 көппәтерлі тұрғын…

Read More

Қазіргі уақытта аудан көлемінде суландыру жүйесін қалпына келтіру бағытында ауқымды істер қолға алынып отыр. Аграрлық сала үшін суармалы жерлердің қосымша алаңдарын енгізуге септігін тигізетіндігі белгілі. Осы мақсатта Ботамойнақ ауылдық округінде де бірқатар каналдар қайтадан қалпына келтірілу үстінде. Ботамойнақ ауылдық округі аумағынан өтетін «Төрегелді» каналының ұзындығы 17 шақырымды құрайды. Канал ауылдық округтегі қазіргі Байзақ, Ботамойнақ елді мекендерінің жоғарғы бөлігі, Қазақстан Темір жолы мен «Алматы — Ташкент» автомагистралінің астынан өткен немесе қазылған. Канал ауылдық округті суландырып, егіншілікпен айналысу үшін Күнбасұлы Мәмбет батырдың ұйымдастыруымен шамамен XVIII ғасырдың аяғы, XIX ғасырдың басында қазылып, Мәмбет батырдың ұлы Төрегелдінің атымен аталған. «Төрегелді» каналы кешегі Кеңес дәуірінің…

Read More

В селе Мойынкум Жамбылской области волонтеры посадили березы и ели. Местные экоактивисты с удовольствием рассказали, как осуществили это мероприятие во время карантина. «Мы как жители этого села, хотели внести свой вклад в родную землю. В этом году в рамках Года волонтеров по всей стране реализуются многие проекты, в том числе мини гранты общенационального проекта Birgemiz: Taza Alem. Там по нескольким направлениям поддерживалось экологическое движение. Мы решили поучаствовать в двух проектах. Будем очищать от мусора берега реки Шу и посадим деревья. Мы не смогли оказаться в числе победителей в первом проекте. Потом, мы выиграли грант на посадку деревьев. Самое интересное началось…

Read More

Тараз қаласының әкімі Айтқазы Қарабалаев мониторингтік топ жүргізген рейд барысында мейрамханалардағы тойда мемлекеттік қызметкерлердің бар екені анықталса, тиісті шара қолданылатынын айтты. Шаһар басшысы бұл қалалық әкімдіктегі қызметкер болса, жұмыстан босатылуы бек ықтимал екенін ескертті. Сондай-ақ, басқа мемлекеттік мекемеде қызмет атқаратын «тойшыл» азаматтар әшкере болып жатса, тиісті басқарма, департаментке ұсыныс хат жолданады.

Read More

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев абайтанушы ғалымдармен кездесті, — деп хабарлайды Ақорда сайты. Қазақстан Президенті алдымен мәдени-спорт кешеніндегі көрмені тамашалады. Мемлекет басшысына Абайдың сирек кездесетін кітаптары, «Абай әлемі» сериясы бойынша шыққан кітаптар мен филология ғылымдарының докторы, профессор, абайтанушы Мекемтас Мырзахметұлының ақын шығармашылығына арналған көптомдығы ұсынылды. Сондай-ақ көрмеге Шығыс Қазақстан өнер мұражайы мен Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері мұражайының қорларындағы 18 сурет қойылды. Қасым-Жомарт Тоқаев «Ұлы Дала алтыны» археологиялық көрмесін аралап көргеннен кейін абайтанушы ғалымдармен кездесті. Президент ұлт зиялыларымен қасиетті топырақта, тарихи маңызы зор Семейдің төрінде жүздесіп отырғанына қуанышты екенін жеткізіп, Абайдың 175 жылдық мерейтойы әлемдік пандемияға тап келсе де, ұлы баба рухы алдындағы…

Read More