Дәстүрлі аралас жекпе-жектен Қазақстан құрамасының өкілі Еркінғали Бүркіталин Аичи мен Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарында жеңіске жетті, деп хабарлайды Tarazy.kz
ҰОК таратқан сүйінші хабарда қазақстандық файтер 77 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғаған.
Еркінғали Бүркіталин алтын жүлде үшін өткен ақтық бәсекеде Бахрейн өкілі Мухаммад Набиевті 3:0 есебімен жеңді.
Осылайша, Еркінғали Бүркіталин Қазақстан құрамасының қоржынына бесінші алтын медальді салды.

