Close Menu
    Оқылып жатыр

    Дүниежүзілік банк Қазақстанға 600 млн доллар бөледі

    16.03.2026

    Талғардың бұрынғы әкімі қазір таксист болып жүр

    16.03.2026

    Әйелін сабаған Рахат Тұрлыхановты полиция ұстады

    16.03.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Вторник, 17 марта
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Дүниежүзілік банк Қазақстанға 600 млн доллар бөледі

      16.03.2026

      Талғардың бұрынғы әкімі қазір таксист болып жүр

      16.03.2026

      Әйелін сабаған Рахат Тұрлыхановты полиция ұстады

      16.03.2026

      Қазақстанның туы әлемдегі «ең әдемі ту» атағын жеңді

      16.03.2026

      Референдум күні Қазақстанда 585 бала дүниеге келді

      16.03.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Ұлттық киіммен дауыс берген университет ұжымы

      15.03.2026

      Субсидия сұмдығы: Түркістан облысында заңсыздық әшкере болды

      13.03.2026

      Жамбыл облысында заңсыз кітап сатқандар сотталды

      13.03.2026

      Семейдегі балалар орталығы отқа оранды, зардап шеккендер жоқ

      04.03.2026

      Атырауда 15 жастағы оқушы жоғалды

      26.02.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Баба рухына тағзым

    Баба рухына тағзым

    Өңір тынысы 04.11.2020
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Елбасы Н.Назарбаев өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» кемел бағдарламасын ұсынған болатын. Мақаладағы «ұлттық бірегейлікті сақтау» атты екінші бағытта ортақ тіл, мәдениет, тарих – бұлар барлық заманда да қуатты мемлекеттің іргетасы екеніне ешкім дау туғызбаса керек. Елбасының ұлттық рух туралы ұсынған тезисі ұлы дала елін дамытудың басты қозғаушы күшіне айналды.

    Жастарды отансүйгіштік рухта тәрбиелеу білім саласымен ұштасып жатқандықтан, бұл істі жаңашылдықпен қолға алу керек. Елбасының қолға алуды ұсынған «туған жер» бағдарламасы аясында игі істер атқарылып келеді. Күнгейі мен теріскейінде жоталы қырлары, кез-келген тасының түбінен мөлдір бұлағы жылғалай ағатын қасиетті қарт Қаратаудың қойнауы тұнған тарих. Ғасырлар тереңінен тамыр тартатын қазақ тарихының талай тағдырлы оқиғалары мен сырлы шежірелерінің тірі куәсі бұл қасиетті өңір.

    Ең әуелі Ысты-Тілік баба ұрпақтары Шоқай датқа Қарабекұлының кесенесінде болды. Ұйым ауылдық кітапханасының кітапханашысы Г.Сембекова мемлекетіміздің қорғауындағы архитектуралық ерекшелігі мол Шоқай датқаның өмірдерегімен таныстырды.

    Сәулет өнерінің  көрнекті  туындысы болып саналатын бұл сағанада 19 ғасырда өмір сүрген белгілі  тарихи тұлға Шоқай датқа Қарабекұлы жерленген. Ол қара қылды қақ жарған  әділдігімен, ауыздыға сөз бермес шешендігімен кеңінен танылған, жастайынан ел басқару ісіне араласып, рулар мен тайпалар арасында ғана емес, көрші жатқан туыстас елдер арасында мәмілегерлігімен аты шыққан қайраткер. Тарихымыздан белгілі, 19 ғасырдың екінші жартысына дейін Қазақстанның оңтүстік, оңтүстік-шығыс аймағы Қоқан хандығының  ықпалында болды. Қаһарлы Қоқан ханы болған Омар, одан кейін Құдияр қазақтарға олардың арасынан шыққан беделді, ел арасында қадірі асқан ықпалды тұлғалар арқылы басшылық жасады.

    Қаратаудың теріскейіндегі қазақ елінің беделді, билікке араласа бастаған жас Шоқайға Қоқан билеушілерінің қалауы  түсіп, оған хан сарайының  лауазымды қызметі – датқа атағы берілді. Шоқай датқа Қарабекұлы Құдияр ханға және оның шылауындағы зорлықшыл топқа емес, өзінің халқына қалтқысыз адал қызмет етті.  Қоқан хандығында қызметте жүріп Шоқай датқа қазақ халқының дербес дамуын, тәуелсіздігін армандады және осы жолда  күресті, өмірін арнады. Қоқан ханы Шоқай датқаны сарайына алдап шақырып алып, үзеңгісіне у жағып, қастандықпен өлтірді.Шоқай датқа – өз туған халқына адал қызмет етіп, сол жолда мерт болған жан. Тәуелсіздік алғаннан соң Шоқай датқа өмір жолы зерттеле бастады.

    2001 жылы оның туғанына 200 жыл толуына байланысты салтанатты іс-шаралар Сарысу ауданында аталып өтті. Кесенесінің қарсы оңтүстік бетінен еңселі ескерткіш орнатылды.

    Кесене барған  қонақтар Ш.Датқа өмірімен танысты. Сонымен қатар, баба кесенесінің басында рухына  бағыштап құран оқылды.

    • Қазақстан егемендік алғалы бері өткенімізді тану үрдісі басталып отыр. Тарих қойнауындағы ұлы тұлғалар көріне бастады. Атадан қалған осынау ұлан-байтақ жерді кімдер бізге сыйға тартып отыр дегенде әр аймақта өмір сүрген бабаларымыз еске түсері анық.

    Менің бүгінгі сапарымды осындай тарихи сәтпен басталуының өзі маған үлкен күш беріп отыр. Кесененің айналасының тазалығы, оны таныстырушы кітапханашы қызымыздың сауаттылығы мені тәнті етті. Ойымды дөп басқандай осындай рухани байлық сый еткендеріңіз үшін рахмет,-деп берері мен, көргені көп қадірлі апамыз ағынан жарылып, балаша қуанғанын жасырмады.

    Айта кетейік, 3 қарашада Сарысу ауданына «Қазақстан-Zaman» газетінің бас директорының бірінші орынбасары,  «ЕлАна» сайтының редакторы Сәуле Мешітбаева келген еді.

    Сарысулықтар  Еланасын Жаңатас қаласына кіре беріс ауданның төлқұжаты орналасқан жерден қарсы алды. Аудан әкімінің орынбасары Олжас Көкей және аудандық мәслихат хатшысы Сағынбек Бегеев аудан тарихымен таныстыра отырып,  Байқадам ауылдық округінде орналасқан Шоқай Датқа кесенесіне қарай жол тартты.

    Сарысу ауданы

    Оқылып жатыр

    Ұлттық киіммен дауыс берген университет ұжымы

    15.03.2026

    Субсидия сұмдығы: Түркістан облысында заңсыздық әшкере болды

    13.03.2026

    Жамбыл облысында заңсыз кітап сатқандар сотталды

    13.03.2026

    Семейдегі балалар орталығы отқа оранды, зардап шеккендер жоқ

    04.03.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Дүниежүзілік банк Қазақстанға 600 млн доллар бөледі

    16.03.2026

    Талғардың бұрынғы әкімі қазір таксист болып жүр

    16.03.2026

    Әйелін сабаған Рахат Тұрлыхановты полиция ұстады

    16.03.2026

    Қазақстанның туы әлемдегі «ең әдемі ту» атағын жеңді

    16.03.2026

    Референдум күні Қазақстанда 585 бала дүниеге келді

    16.03.2026

    Түркістанда автобус толы адамның бірнеше учаскеде дауыс берген видеосы тарады

    16.03.2026

    Астанада референдумнан хабар таратпақ болған журналистер ұсталды

    15.03.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.