Close Menu
    Оқылып жатыр

    Қазақ елі үшін мамыр айының жартысы демалыспен өтеді

    07.04.2026

    Қазақстанда кредит алушылар саны азайған

    07.04.2026

    Шерзат ісі: Екі сотталушы ақталғысы келеді

    07.04.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Вторник, 7 апреля
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Қазақстанда кредит алушылар саны азайған

      07.04.2026

      Шерзат ісі: Екі сотталушы ақталғысы келеді

      07.04.2026

      Қайрат Сатыбалдыға тиесілі бизнес орталық сатылмай қалды

      07.04.2026

      Атышулы Перизат Қайрат ісіндегі 79 млн теңгелік Lexus 600 көлігі кімге бұйырды

      07.04.2026

      Сәтбаев университеті жанынан құрылыс материалдарын өндіретін зауыт ашылды

      06.04.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Атырау мұнай өңдеу зауытына 520 млн айыппұл салынды

      02.04.2026

      Түркістанда бейнебақылау камераларын қиратқан екі адам ұсталды

      30.03.2026

      Каспийдің Ақтау маңындағы жағалауында аққулар қырылып жатыр

      25.03.2026

      Алматы облысында бірнеше саяжай ауыл мәртебесін алуда

      17.03.2026

      Ұлттық киіммен дауыс берген университет ұжымы

      15.03.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Балаларды спортқа тарту қылмыспен күреске өз септігін тигізеді — Сапарбаев

    Балаларды спортқа тарту қылмыспен күреске өз септігін тигізеді — Сапарбаев

    Өңір тынысы 26.05.2020
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамды көрсеткіштері мен бюджеттің орындалу мәселелері қаралған селекторлық режимде өткен аппараттық кеңесте облыс әкімі Бердібек Сапарбаев экономика өсімінің қосымша көздерін құруды тапсырды.

    Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Гүлдана Жауынбекованың баяндамасына сәйкес, ағымдағы жылдың қаңтар-мамыр айларында ауыл шаруашылығы өнімінің нақты көлем индексі 103,3%, негізгі капиталға салынған инвестициялар 101%, құрылыс жұмыстары 112% деңгейінде күтілуде. Сондай-ақ, пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 187 мың шаршы метрді құрайды деп болжануда.

    Бұдан соң қаржы басқармасының басшысы Роза Исаева баяндама жасады. Оның айтуынша, үстіміздегі жылдың қаңтар-мамыр айларындағы бюджеттің игерілуі 99,3 пайызға жетеді деп күтілуде. Бұл орайда артта қалғандар қатарында Шу, Жуалы, Сарысу, Талас, Меркі, Байзақ, Рысқұлов аудандары және Тараз қаласы бар.

    Бердібек Сапарбаев қаржы басқармасына бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен тығыз жұмыс істеуді, бюджеттің игерілу барысын бақылауды тапсырды.
    Аудан және облыс орталығының әкімері алты айдың қорытындысы бойынша жоспарың орындалатынына сендірді.

    Облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Ерлібек Зикеевтің айтуынша, салықтық және кедендік әкімшілендіруді жетілдіру нәтижесінде қосымша түсімдер артқан. Бұл қазіргідей экономикалық күрделі жағдайда туындаған шығындардың орнын толтыруға ықпал етпек.

    — Бүгінгі таңда облыстың бюджеттік әлеуетін тиімді пайдалану өте маңызды. Аймақтағы бюджеттік бағдарламалар жүз пайызға орындалуы керек. Экономикалық өсудің қосымша көздерін құру үшін химия өнеркәсібінің, өңдеу, ауылшаруашылық, құрылыс, баламалы энергетика салаларының мүмкіндіктерін пайдалану қажет, — деді аймақ басшысы.

    Аппараттық кеңесте әлеуметтік саладағы өзекті мәселелер де талқыланды. Ағымдағы жылы атаулы әлеуметтік көмек 9560 отбасына тағайындалған. Төтенше жағдай кезінде табысынан айрылған 300 мыңға жуық жамбылдыққа жалпы сомасы 12,7 миллиард теңгеге әлеуметтік төлемдер төленген.

    Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Нұрбол Жүнісбеков спорт нысандарының саны артып келе жатқандығын атап өтті. Өткен жылы облыста екі спорт кешені мен 175 ойын алаңшасы салынды. Биыл 13 спорт кешені, 92 алаңша салу жоспарланған. Токиода өтетін 2020 жылғы Олимпиадаға қатысу лицензиясын үш жамбылдық спортшы жеңіп алған.Сондай-ақ, Нұрбол Жүнісбеков кейбір аудандарда бұқаралық спортты қаржыландыруға қатысты бірқатар мәселелер туындап отырғандығын жеткізді. Бұдан бөлек кейбір аудандарда спорт нұсқаушы-әдіскердің жоқтығы, 17 спорт нысаны күрделі жөндеуді қажет ететіндігі айтылды.

    — Бүгінде облыс халқының 30,7 пайызы бұқаралық спортпен шұғылданады. Бұл көрсеткішті жыл сайын арттыру қажет. Спорт нысандары қол жетімді болуы керек. Облыс орталығы мен аудандардағы жұмыс сапарларымның кезінде кейбір спорт нысандарында балалардың доптармен, қақпа торларымен қамтамасыз етілмейтіндігін көрдім. Балаларға барлық қолайлы жағдай жасалуы тиіс.

    Балаларды спортқа тарту қылмыспен күреске өз септігін тигізеді. Спортпен жүйелі түрде айналысатын жасөспірімдер барлық жаман әдеттерден, темекі шегуден, алкогольден немесе есірткіден аулақ болады, — деді Бердібек Сапарбаев.

    Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Серікбол Берікқожа 2021-2025 жылдарға арналған «Әулиеата жастары» жастар саясатын дамытудың жаңа бағдарламасын ұсынды. Бағдарлама аясында жұмыссыздықты және NEET санатындағы жастардың үлесін азайтуды, жас отбасыларды баспанамен қамтамасыз етуді, бос уақытты тиімді ұйымдастыруды және мемлекеттік бағдарламалар бойынша қолдауға ие болатын жастар санын арттыру жоспарлануда.

    Сонымен қатар Бердібек Сапарбаев жас мамандарды даярлауға айрықша назар аударуды тапсырды.

    — Біз жас мамандардың кадрлық резервін құруымыз керек. Мемлекеттік органдарда кадр тапшылығы байқалады. Басшылық лауазымдарға сол бір тұлғалар қайталанып тағайындала береді. Бұл жүйені жою керек. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев саналы жастар Отанымыздың игілігі үшін тер төгуі тиістігін және оларды қолдау керектігін баса айтқан болатын, — деді облыс әкімі.

    Сөз соңында аймақ басшысы барлық аудан әкімдеріне карантин режимін қатаң бақылауды тапсырды. Ол тұрғындарды өздерін және жақындарын қорғау үшін жеке гигиена ережелерін сақтауға шақырды.

    — Аудандар мен Тараз қаласындағы жұмыс сапарымның барысында мен көптеген жамбылдықтардың санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды ескермейтіндіктерін байқадым. Тұрғындар кафеге, мейрамханаға, дүкенге және басқа да адамдар көп жиналатын орындарда бетпердесіз жүр. Антисептиктерді қолданбайды және тиісті ара қашықтықты сақтамайды. Біздің денсаулығымыз бен қауіпсіздігіміз өзімізге байланысты. Осыны есте сақтау керекпіз! Карантиндік шараларды толығымен алып тастау коронавирустық инфекцияның таралуына қатысты жүзеге асады. Сондықтан мен барша жамбылдықтарды сабырлы болуға және санитарлық талаптарды сақтауға шақырамын, — деп түйіндеді облыс әкімі.

    Жамбыл облысы спорт экономика

    Оқылып жатыр

    Қазақстанда кредит алушылар саны азайған

    07.04.2026

    Түркияның Анталья қаласында өткен Ethnosport 2027 жаһандық форумында тоғызқұмалақтың халықаралық мәртебесі талқыланды

    06.04.2026

    Қазақстан мұнай өндіру көлемін тәулігіне 1,5 млн баррельге дейін арттырмақшы

    06.04.2026

    Қазақстанда орташа жалақы — 340 мың теңге

    03.04.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Қазақ елі үшін мамыр айының жартысы демалыспен өтеді

    07.04.2026

    Қазақстанда кредит алушылар саны азайған

    07.04.2026

    Шерзат ісі: Екі сотталушы ақталғысы келеді

    07.04.2026

    Қайрат Сатыбалдыға тиесілі бизнес орталық сатылмай қалды

    07.04.2026

    Атышулы Перизат Қайрат ісіндегі 79 млн теңгелік Lexus 600 көлігі кімге бұйырды

    07.04.2026

    Сәтбаев университеті жанынан құрылыс материалдарын өндіретін зауыт ашылды

    06.04.2026

    Түркияның Анталья қаласында өткен Ethnosport 2027 жаһандық форумында тоғызқұмалақтың халықаралық мәртебесі талқыланды

    06.04.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.