Әлемдегі ең ірі тәуелсіз мұнай трейдерлерінің бірі саналатын Vitol Group компаниясының басшысы Рассел Харди Иранмен жалғасып жатқан текетірестің салдарынан Батыс елдерінің еркін мұнай қоры толық таусылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Tarazy.kz

Bloomberg агенттігіне берген сұхбатында ол қыс мезгілі қарсаңында қалыптасқан жағдайдың күрделі екенін атап өтті.

«Батыста сатуға болатын мұнай қоры қалған жоқ. Біз қолда болған барлық қорды пайдаланып қойдық. Мұнай өнімдері нарығындағы жағдай әлі де өте күрделі күйде қалып отыр және қыс жақындаған сайын бұл ахуал біраз уақытқа дейін сақталуы мүмкін», – деді Рассел Харди.

Қолжетімді қор 10 пайызға да жетпейді

Нарықтағы қиын жағдайды басқа да ірі ойыншылар растап отыр. Saudi Aramco мемлекеттік мұнай компаниясының бас директорының айтуынша, әлемдегі жалпы мұнай қоры шамамен 6 миллиард баррель болғанымен, оның 10 пайызынан азы ғана тұтынушылар үшін нақты қолжетімді.

Мұндай жағдайға логистикалық шектеулер мен инфрақұрылымдық мәселелер себеп болып отырғаны айтылды.

Сарапшылар жаһандық тапшылықты көрсетіп отыр

JPMorgan қаржы конгломератының сарапшылары жариялаған талдау материалдарында да көмірсутек қорларының әлем бойынша күрт азайғаны көрсетілген. Сарапшылардың мәліметінше, мұнай мен газ қорының қысқаруы АҚШ пен Иран арасындағы әскери шиеленіс күшейген кезеңнен кейін үдей түскен.

Сарапшылар әлемдік нарықтағы ұсыныстың азаюы мен сұраныстың жоғары деңгейде сақталуы алдағы айларда мұнай бағасына қосымша қысым түсіруі мүмкін екенін айтады.

Exit mobile version