Мессенджерлерде Батыс Қазақстан облысындағы ауыл маңына ұшқышсыз ұшу аппараты құлағаны туралы ақпарат пен фотолар тарады, деп хабарлайды Tarazy.kz
Бұл ақпаратты БҚО полиция департаменті растады.
Ведомство мәліметінше, Ақжайық ауданында «ұшқышсыз ұшу аппаратының бөлшектеріне ұқсас заттар» табылған. Аталған дерек бойынша тексеру жүргізіліп жатыр, деп жазады «Мой город».
«Нысан елді мекен аумағынан тыс жерде анықталды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр», — деп хабарлады полиция.
Айта кетейік, бұл БҚО аумағында ұшқышсыз аппараттардың құлауына қатысты алғашқы жағдай емес. Алайда бүгінге дейін ҚР Қорғаныс министрлігі жүргізілген тексерулердің нәтижесін жариялаған жоқ.
