Close Menu
    Оқылып жатыр

    Қазақ елі үшін мамыр айының жартысы демалыспен өтеді

    07.04.2026

    Қазақстанда кредит алушылар саны азайған

    07.04.2026

    Шерзат ісі: Екі сотталушы ақталғысы келеді

    07.04.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Вторник, 7 апреля
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Қазақстанда кредит алушылар саны азайған

      07.04.2026

      Шерзат ісі: Екі сотталушы ақталғысы келеді

      07.04.2026

      Қайрат Сатыбалдыға тиесілі бизнес орталық сатылмай қалды

      07.04.2026

      Атышулы Перизат Қайрат ісіндегі 79 млн теңгелік Lexus 600 көлігі кімге бұйырды

      07.04.2026

      Сәтбаев университеті жанынан құрылыс материалдарын өндіретін зауыт ашылды

      06.04.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Атырау мұнай өңдеу зауытына 520 млн айыппұл салынды

      02.04.2026

      Түркістанда бейнебақылау камераларын қиратқан екі адам ұсталды

      30.03.2026

      Каспийдің Ақтау маңындағы жағалауында аққулар қырылып жатыр

      25.03.2026

      Алматы облысында бірнеше саяжай ауыл мәртебесін алуда

      17.03.2026

      Ұлттық киіммен дауыс берген университет ұжымы

      15.03.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Бердібек Сапарбаев цифрландыруға қатысты жұмыстарды сынға алды

    Бердібек Сапарбаев цифрландыруға қатысты жұмыстарды сынға алды

    Өңір тынысы 14.05.2020
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    «Жұмыс нашар жүргізілуде» — Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев өңірдегі цифрландыруды енгізуге бағытталған шаралар барысын осылай бағалады, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі.

    Бұл мәселе ағымдағы жылдың сәуір айында өткен кеңесте жан-жақты талқыланған. Бір айдан кейін бұл тақырып тағы да қаралмақ десек, ол бұл бағыттағы жұмыстардың қаншалықты маңызды екендігін көрсетеді.

    Басқосуда сөз алған облыс әкімінің орынбасары Нұржан Календеровтің баяндамасынан цифрландыруды енгізу бойынша бірқатар бастамалардың орындалмағанын байқауға болады. Айталық, білім беру саласында 7 бастаманың бесеуі, денсаулық сақтау саласында 12 бастаманың 10-ы ғана жүзеге асырылған. Әлеуметтік қызметтерді ұсынуда, қалалық басқарушылықта, көлік, жер қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында да кемшіліктер бар.

    — Ел Президенті нақты міндеттерді айқындап берді. Үкімет оларды орындауға бағытталған шараларды белгілеуді. Бірақ стратегиялық мақсаттарға жету жолында  кідіріс байқалуда. Цифрландыруды жүзеге асыруда біздің облыс республика бойынша артта қалғандардың қатарынан көрініп отыр. Біз бұл туралы жыл басынан бері айтып келеміз, бірақ нәтиже көрінбейді. Әлі де сол қалпында. Мұның бәрі жауапты  тұлғалар тарапынан тиісті бақылау мен талаптың жоқтығының салдары, — деп атап өтті Бердібек Сапарбаев.

    Кездесу барысында аймақ басшысы саладағы жауапты тұлғаларға тағы да нақты тапсырмалар жүктеді. Атап айтқанда, білім беру саласында жаңа оқу жылы басталғанға дейін ақпараттық жүйелерді біріктіру бойынша жұмыстарды аяқтау тапсырылды. Бұл дегеніміз, әр мектепте полиция бөлімдері мен жедел басқару орталығына байланыстырылған бейнебақылау камералары орнатылуы тиіс.

    Сондай-ақ, әлеумет-еңбек саласында электрондық қызмет көрсету үлесін 70 пайызға дейін жеткізу, әлеуметтік ID-картаны іске қосу міндеттері қойылды.

    Тараз қаласы бойынша басқару саласында әлі де көп шаруа атқарылу керек. Облыс орталығының басшылығы, ең алдымен, мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды, «Ашық әкімдік» фронт офисін құруды қажет. Пәтер иелері мен сервистік ұйымдар арасындағы өзара қарым-қатынасты жетілдіріп, көшелерді жарықтандыруды басқару жүйесін  реттей түскен ләзім.

    Сондай-ақ, көлік саласында  автобустарда электронды билеттендіруді енгізу міндеті баяғыша өзекті мәселе күйінде қалуда. Жол қозғалысы мен бағдаршамдарды басқару жүйесін жетілдіру ісі де маңызды болып отыр.

    — Бұған дейін өткен кездесуде жауапты тұлғалар алға қойылған міндеттердің ағымдағы жартыжылдықтың аяғына дейін орындалатынына сендірген еді. Енді ол мерзім қазан-қараша айына ауысыпты. Ол үшін себеп тауып, коронавирус, карантинді алға тартуда. Цифрландыру бойынша жұмыстарды бір айдан соң қайта қараймыз. Сұраныс қатаң болады. Бізге жай сылтау, бос сөздер емес, нақты нәтиже керек, — деді облыс әкімі.

    Бердібек Сапарбаев Жамбыл облысы цифрландыру

    Оқылып жатыр

    Атырау мұнай өңдеу зауытына 520 млн айыппұл салынды

    02.04.2026

    Түркістанда бейнебақылау камераларын қиратқан екі адам ұсталды

    30.03.2026

    Каспийдің Ақтау маңындағы жағалауында аққулар қырылып жатыр

    25.03.2026

    Алматы облысында бірнеше саяжай ауыл мәртебесін алуда

    17.03.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Қазақ елі үшін мамыр айының жартысы демалыспен өтеді

    07.04.2026

    Қазақстанда кредит алушылар саны азайған

    07.04.2026

    Шерзат ісі: Екі сотталушы ақталғысы келеді

    07.04.2026

    Қайрат Сатыбалдыға тиесілі бизнес орталық сатылмай қалды

    07.04.2026

    Атышулы Перизат Қайрат ісіндегі 79 млн теңгелік Lexus 600 көлігі кімге бұйырды

    07.04.2026

    Сәтбаев университеті жанынан құрылыс материалдарын өндіретін зауыт ашылды

    06.04.2026

    Түркияның Анталья қаласында өткен Ethnosport 2027 жаһандық форумында тоғызқұмалақтың халықаралық мәртебесі талқыланды

    06.04.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.