Close Menu
    Оқылып жатыр

    Дүниежүзілік банк Қазақстанға 600 млн доллар бөледі

    16.03.2026

    Талғардың бұрынғы әкімі қазір таксист болып жүр

    16.03.2026

    Әйелін сабаған Рахат Тұрлыхановты полиция ұстады

    16.03.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Вторник, 17 марта
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Дүниежүзілік банк Қазақстанға 600 млн доллар бөледі

      16.03.2026

      Талғардың бұрынғы әкімі қазір таксист болып жүр

      16.03.2026

      Әйелін сабаған Рахат Тұрлыхановты полиция ұстады

      16.03.2026

      Қазақстанның туы әлемдегі «ең әдемі ту» атағын жеңді

      16.03.2026

      Референдум күні Қазақстанда 585 бала дүниеге келді

      16.03.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Ұлттық киіммен дауыс берген университет ұжымы

      15.03.2026

      Субсидия сұмдығы: Түркістан облысында заңсыздық әшкере болды

      13.03.2026

      Жамбыл облысында заңсыз кітап сатқандар сотталды

      13.03.2026

      Семейдегі балалар орталығы отқа оранды, зардап шеккендер жоқ

      04.03.2026

      Атырауда 15 жастағы оқушы жоғалды

      26.02.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » «Білім теңсіздігі күшейіп барады» — депутат саланың жүйелі мәселелерін атады

    «Білім теңсіздігі күшейіп барады» — депутат саланың жүйелі мәселелерін атады

    Жаңалықтар 10.12.2025
    видеодан кадр
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Депутат Мархабат Жайымбетов премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваға білім беру саласындағы жүйелі мәселелер туралы депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды Tarazy.kz 

    Оның айтуынша, қазіргі мектеп жүйесі барлық балаға сапалы білім беруде қиындыққа тап болып отыр, бұған бірнеше себеп бар.

    «Біріншіден, шамадан тыс жүктеме, қағазбастылық, инфрақұрылымның теңсіздігі, сондай-ақ WhatsApp-тағы чаттар мен тапсырмалардың көптігі ұстаздың уақытын алып, оқушымен жеке жұмыс істеуге мүмкіндік бермейді. Қала мен ауыл арасындағы алшақтық та айқын: бір аймақта жаңа мектептер салынса, басқа өңірлерде интернет пен техника жетіспейді», — деді ол.

    Сонымен қатар, депутаттың пікірінше, білімдегі олқылықты толтыру үшін ата-аналар балаларын репетиторға беруге мәжбүр.

    «Қазір репетиторлыққа сұраныс шамамен 25 пайызға өскен. Репетитор сән емес, қажеттілікке айналды. Бірақ оған барлық отбасының мүмкіндігі бірдей емес. Осылайша білім теңсіздігі күшейіп, әлеуметтік әділетсіздік тереңдеп барады. Үлкен мәселе», — деді ол.

    Мархабат Жайымбетовтің сөзінше, білім сапасы тікелей ұстазға байланысты.

    «Қазір қағазбастылықты жоямыз деп барлық қызметті цифрландыру процесі жүріп жатыр. Оның ішінде педагогтердің аттестациясы мен жұмысқа қабылдау рәсімдері де бар. Бұл, әрине, тиімді көрінуі мүмкін, алайда электрон форматта өткізілгенімен, көбіне сканерленген құжаттармен шектеледі. Ал мұндай құжаттардың шынайылығы бөлек мәселе. Осы орайда бұл екі рәсімде де адамның жеке тұлғалық қасиеттері мен маман ретіндегі шынайы құзыреттілігін толық бағалау қиын. Сондықтан балаға білім мен тәрбие беру негізгі мақсат екенін ескере отырып, бұл рәсімдерге «әңгімелесу» немесе «сабақ беру» кезеңін қосу орынды», — деді депутат.

    білім саласы депутат

    Оқылып жатыр

    Дүниежүзілік банк Қазақстанға 600 млн доллар бөледі

    16.03.2026

    Талғардың бұрынғы әкімі қазір таксист болып жүр

    16.03.2026

    Әйелін сабаған Рахат Тұрлыхановты полиция ұстады

    16.03.2026

    Қазақстанның туы әлемдегі «ең әдемі ту» атағын жеңді

    16.03.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Дүниежүзілік банк Қазақстанға 600 млн доллар бөледі

    16.03.2026

    Талғардың бұрынғы әкімі қазір таксист болып жүр

    16.03.2026

    Әйелін сабаған Рахат Тұрлыхановты полиция ұстады

    16.03.2026

    Қазақстанның туы әлемдегі «ең әдемі ту» атағын жеңді

    16.03.2026

    Референдум күні Қазақстанда 585 бала дүниеге келді

    16.03.2026

    Түркістанда автобус толы адамның бірнеше учаскеде дауыс берген видеосы тарады

    16.03.2026

    Астанада референдумнан хабар таратпақ болған журналистер ұсталды

    15.03.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.