Close Menu
    Оқылып жатыр

    Тоғызқұмалақ + AI: дәстүрлі ойын жаңа форматта

    11.02.2026

    Жасампаз ұрпақ — жарқын болашақ кепілі

    10.02.2026

    Бос қағаз емес, нақты нәтиже: Тоқаев инфляцияны төмендетуді талап етті

    10.02.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Среда, 11 февраля
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Бос қағаз емес, нақты нәтиже: Тоқаев инфляцияны төмендетуді талап етті

      10.02.2026

      Алты ай бойы аңдыған: Астанада сталкинг жасаған адам сотталды

      10.02.2026

      Шымкентте пәтерден бір отбасының үш мүшесі өлі табылды

      10.02.2026

      Нипах вирусына байланысты Қазақстан шекарасында бақылау күшейтілді

      10.02.2026

      Ақтөбедегі қайғылы жағдай: жеке үйден әйел мен үш баланың денесі табылды

      09.02.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Тоғызқұмалақ + AI: дәстүрлі ойын жаңа форматта

      11.02.2026

      Жасампаз ұрпақ — жарқын болашақ кепілі

      10.02.2026

      Қазақ поэзиясының Хан Тәңіріне тағзым: лицейдегі рухани кеш

      10.02.2026

      Жетісу университетінде ғалымдар Конституцияның жаңа жобасын талқылады

      03.02.2026

      Алматы облысының активі жаңа Конституция жобасын талқылап, қолдау білдірді

      02.02.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Биыл 12 мыңнан аса жамбылдық түлек мектеппен қоштаты

    Биыл 12 мыңнан аса жамбылдық түлек мектеппен қоштаты

    Өңір тынысы 01.06.2023
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні мен Соңғы қоңырау мерекесіне арналған «Бақытты бала шақтан – жарқын болашаққа!» атты салтанатты шараға қатысты.

    Тараз қаласындағы Б. Момышұлы атындағы №45 гимназияда өткен мерекелік шарада аймақ басшысы барша балаларды құттықтап, жас түлек пен оқушыларға, ұстаздарға деген ізгі лебізін жеткізді.

    Сондай-ақ, өткен оқу жылы табысты аяқталғанын атап өтті.

    — Облыстағы 492 мектептегі 248 мыңнан аса оқушы кезекті оқу жылын табысты аяқтап отыр. 12 мыңнан аса оқушы алтын ұя мектептерімен қоштасуда. Биылғы оқу жылында облыс оқушылары халықаралық, республикалық деңгейдегі білім, спорт, өнер байқауларында айтарлықтай жетістіктерге жете білді. Атап айтсақ, Республикалық ғылыми жобалар жарысында облыс командасы 14-ші жыл қатарынан «Ең үздік команда» атағын иеленді. Қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша өткен республикалық олимпиадада облыс командасы 1-ші орынды жеңіп алды. Робототехникадан республикалық турнирде облыс командасы І орынды иеленіп,  Ел кубогына ие болды. Елімізде әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін жақсарту үшін барлық мүмкіндіктер жасалуда,-деді Нұржан Нұржігітов.

    Облыс әкімі бүгінде өңірдегі мектептердің материалдық-техникалық базасы нығайып, жаңа мектептер салынып, апатты, үш ауысымды, оқушы орны тапшылығы бар мектептердің мәселесі тиімді шешіліп жатқанын да жеткізді.

    Өткен жылы облыста 8 мектеп пайдалануға берілсе, ағымдағы жылы 10 жаңа мектеп пен 4 мектепке жапсарлас құрылыс пайдалануға беріледі деп күтілуде. 17 білім нысанында  күрделі жөндеу  жұмыстары жүргізіледі.

    Мерекелік шара барысында гимназияның өнерлі оқушылары ән-биден шашу шашып, «Біз — бақытты баламыз!» вокалды-хореографиялық және «Әрқашан күн сөнбесін» композицияларын көпшілік назарына ұсынды.

    Сонымен қатар, 1-сынып оқушыларының түлектерге арналған тілектері, түлектердің ант беруі, вальсі, қоңырау соғу рәсімдері орындалды.

    Айта кетейік, биыл қала сыртындағы лагерьлерде 7 мыңнан аса жамбылдық оқушы демалатын болады. Қалған балалар қосымша білім беру ұйымдарындағы түрлі үйірмелермен клубтарға, спорт секцияларына тартылады.

    Бұдан бөлек, ағымдағы жылы қала сыртында жыл бойы жұмыс істейтін оқу-сауықтыру орталығы ашылады.

    Оқылып жатыр

    Тоғызқұмалақ + AI: дәстүрлі ойын жаңа форматта

    11.02.2026

    Жасампаз ұрпақ — жарқын болашақ кепілі

    10.02.2026

    Қазақ поэзиясының Хан Тәңіріне тағзым: лицейдегі рухани кеш

    10.02.2026

    Жетісу университетінде ғалымдар Конституцияның жаңа жобасын талқылады

    03.02.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоғызқұмалақ + AI: дәстүрлі ойын жаңа форматта

    11.02.2026

    Жасампаз ұрпақ — жарқын болашақ кепілі

    10.02.2026

    Бос қағаз емес, нақты нәтиже: Тоқаев инфляцияны төмендетуді талап етті

    10.02.2026

    Алты ай бойы аңдыған: Астанада сталкинг жасаған адам сотталды

    10.02.2026

    Шымкентте пәтерден бір отбасының үш мүшесі өлі табылды

    10.02.2026

    Нипах вирусына байланысты Қазақстан шекарасында бақылау күшейтілді

    10.02.2026

    Қазақ поэзиясының Хан Тәңіріне тағзым: лицейдегі рухани кеш

    10.02.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.