Close Menu
    Оқылып жатыр

    Шерзат Болат ісі бойынша сот үкімі шықты

    05.06.2025

    Көлсайда “Парктер шеруі-2025” қорытындыланды

    05.06.2025

    ЖОО-да тоғызқұмалақ спортынан кәсіби мамандар дайындалады

    04.06.2025
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Жексенбі, 8 июня
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Шерзат Болат ісі бойынша сот үкімі шықты

      05.06.2025

      Көлсайда “Парктер шеруі-2025” қорытындыланды

      05.06.2025

      ЖОО-да тоғызқұмалақ спортынан кәсіби мамандар дайындалады

      04.06.2025

      В Анкаре прошла международная конференция на тему возвращения в Западный Азербайджан

      22.05.2025

      «Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алады

      21.05.2025
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Көлсайда “Парктер шеруі-2025” қорытындыланды

      05.06.2025

      «Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алады

      21.05.2025

      Тәңіртаудың етегі — шаруашылық мекені

      21.05.2025

      Меркіде зияткерлік ойын жеңімпазы анықталды

      15.03.2025

      Алматыда жол сапасы мен оны сараптауға қатысты оқыту семинары өтті

      03.03.2025
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Биыл білім саласына 244,4 миллиард теңге бөлінді

    Биыл білім саласына 244,4 миллиард теңге бөлінді

    Өңір тынысы 20.07.2022
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Жамбыл облысында білім беру, денсаулық сақтау салаларына айрықша назар аударылуда. Аталған әлеуметтік салалар адам капиталын дамытудың негізі болып саналады.

    Аймақ басшысы Нұржан Нұржігітов БАҚ өкілдерімен кездесуінде бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыстардың ауқымдылығына қарамастан, туындап отырған мәселелердің де жоқ еместігін айтты.

    Ағымдағы жылы білім саласына 244,4 млрд. теңге бөлінді. Бұл облыс бюджетінің 53 пайызын құрайды.

    Биыл 22 білім нысанының құрылысына 7,6 млрд. теңге қаржы бөлініп, 7-уі пайдалануға берілді, жыл соңына дейін тағы 10 мектептегі жұмыстар аяқталады. Бұдан бөлек 4,1 млрд. теңгеге 18 білім беру нысаны күрделі жөндеуден өтуде.

    Осы жұмыстардың нәтижесінде, 2 үш ауысымды, 2 оқушы орын тапшылығы бар, 6 тозығы жеткен мектептің мәселесі шешілмек.

    — Жылдағы мәселе қайталанбауы үшін, мектептердің құрылысын 20 тамызға дейін аяқтап, жаңа оқу жылына толығымен дайын болуы керектігіне назар аударып отырмыз. Сапасыз жұмыс әрі кестеден кешіккен мердігерлер үшін қабылданатын шаралар жеңіл болмайтыны ескертілді,-деді Н. Нұржігітов.

    Осы жылы облыста 2 197 орынды құрайтын  24 балабақша ашу көзделсе, жыл басынан бері 1 600 орындық 11 жекеменшік балабақша пайдалануға берілді.

    3-6 жас аралығындағы балалар балабақшамен 100%-ға қамтылған.

    Облыс әкімі білім ошақтарының асханаларындағы ас сапасы басты бақылауда екенін жеткізді.

    — Мен Тараз қаласы мен аудандардағы жұмыс сапарларымның барысында оқу орындарының асханаларындағы ас сапасы мен мәзірін арнайы тексеріп жүрмін. Кемшіліктер жоқ емес! Соған сәйкес, тиісті тұлғаларға нақты міндеттер жүктелді. Бұған бей-жай қарауға болмайды. Дені сау ұлт – мықты мемлекеттің негізі.

    Асханаларда жергілікті өндірушілердің өнімдерін, әсіресе, бал, сүт өнімдерін пайдалану мақсатында кәсіпкерлермен келіссөздер жүргізілуде. Жаңа оқу жылында тағам өнімдерін алуда жергілікті өндірушілермен келісім-шарттар жасалатын болады. Сол сияқты, мектепке дейінгі жастағы балалардың тамақтануы да сапалы болуы тиіс,-деді аймақ басшысы.

    Сонымен қатар, Нұржан Нұржігітов денсаулық сақтау саласына да тоқталды.

    — Даму жоспарымызға сәйкес, «Ауылдық жерлердегі денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасына 81 денсаулық сақтау нысанының құрылысы ұсынылатын болады. Жоба барлық ауылдарды тиісті медициналық инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге және халықты  сапалы қызметпен қамтуға мүмкіндік береді,-деді облыс әкімі.

    Оқылып жатыр

    Көлсайда “Парктер шеруі-2025” қорытындыланды

    05.06.2025

    «Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алады

    21.05.2025

    Тәңіртаудың етегі — шаруашылық мекені

    21.05.2025

    Меркіде зияткерлік ойын жеңімпазы анықталды

    15.03.2025
    Соңғы жаңалықтар

    Шерзат Болат ісі бойынша сот үкімі шықты

    05.06.2025

    Көлсайда “Парктер шеруі-2025” қорытындыланды

    05.06.2025

    ЖОО-да тоғызқұмалақ спортынан кәсіби мамандар дайындалады

    04.06.2025

    В Анкаре прошла международная конференция на тему возвращения в Западный Азербайджан

    22.05.2025

    «Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алады

    21.05.2025

    Тәңіртаудың етегі — шаруашылық мекені

    21.05.2025

    Алматыда «Қазақстан-Әзірбайжан» халықаралық форумы өтті

    13.05.2025

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2025 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.