Close Menu
    Оқылып жатыр

    Қазақстанда орташа жалақы — 340 мың теңге

    03.04.2026

    Жақсылық Омар 6 жылға сотталды

    03.04.2026

    Ұзақбай Құлымбетов мұрасы ұлықталды

    03.04.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Суббота, 4 апреля
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Қазақстанда орташа жалақы — 340 мың теңге

      03.04.2026

      Жақсылық Омар 6 жылға сотталды

      03.04.2026

      Ұзақбай Құлымбетов мұрасы ұлықталды

      03.04.2026

      Елде бензин мен дизель бағасы қымбаттайды

      03.04.2026

      Қазақстан билігі Мемлекеттік күзет қызметі ескертусіз қару қолдануға болатын заң қабылдамақшы

      03.04.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Атырау мұнай өңдеу зауытына 520 млн айыппұл салынды

      02.04.2026

      Түркістанда бейнебақылау камераларын қиратқан екі адам ұсталды

      30.03.2026

      Каспийдің Ақтау маңындағы жағалауында аққулар қырылып жатыр

      25.03.2026

      Алматы облысында бірнеше саяжай ауыл мәртебесін алуда

      17.03.2026

      Ұлттық киіммен дауыс берген университет ұжымы

      15.03.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Биыл Тараз инновациялық институтын 3 мыңға жуық студент тәмамдады

    Биыл Тараз инновациялық институтын 3 мыңға жуық студент тәмамдады

    КӘСІПКЕР 13.07.2022
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов Халықаралық Тараз инновациялық институтының бітіруші түлектерге арналған «Диплом тапсыру-2022» салтанатты кешке қатысты, — деп хабарлайды Tarazy.kz сайты.

    Аймақ басшысы түлектерді маңызды сәтпен құттықтап, алдағы өмірлеріне сәттілік тіледі.

    — Бұл күн – әр түлектің өмірінде маңызды орын алатын, келешек қадамдарыңа тың серпіліс, жаңа үміт сыйлайтын күн!

    Сендердің үлкен өмірге қанат қағып отырған осы сәт еліміздің жаңа бастамаларымен, жаңа бетбұрыс кезеңімен сәйкес келіп отыр. Сондықтан, елдің ертеңгі болашағы ретінде жастарға үлкен үміт артылады.

    Жас түлек ретінде мемлекетіміздің тұғырын биік, еңсесін тік ететіндеріңе кәміл сенеміз.

    Білім, тәрбие, еңбек сынды үш қасиетке арқа сүйеген маман ғана елдің дамуына үлес қосып, нәтижеге қол жеткізе алады,-дей келе Нұржан Нұржігітов бәсекеге қабілетті білікті мамандар даярлауда Халықаралық Тараз инновациялық институты үлкен шаруалар атқарып жатқандығын атап өтті.

    Соңғы жылдары институтта студенттерге қолайлы жағдай жасау мақсатында 500 орындық жаңа студенттік жатақхана, «OPEN SPACE» (оупен спейс) форматындағы кітапхана, Студенттердің шығармашылық орталығы, «Қысқы бақ» кешені, заманауи үлгідегі аквакультура ашылған. Биыл бұл жоғарғы оқу ордасы 100 орынға грант бөліп отыр.

    Ағымдағы жылы осы институттан 3 мыңға жуық студент диплом алуда. Өткен оқу жылында институт түлектерінің 70 пайызы жұмыспен қамтылған.

    Түлектердің қадамына құт тілеген облыс әкімі бірқатар магистранттарға «магистр» академиялық біліктілігі және тағайындалған үлгідегі дипломдарды тапсырды.​

    Мұндай салтанатты рәсімге облыстық мәслихатының хатшысы Махметғали  Сарыбеков, облыстық соттың төрағасы Ербол Ахметжанов, Тараз қалалық мәслихатының хатшысы Батырбек Құлекеев, облыстық «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының директоры Еркін Атымтаев қатысты.

    Кеште ЖОО мақтаныштары марапатталып, үздік және белсенді түлектер сөз алып, ой әсерлерімен бөлісіп, институт басшылығы мен ұстаздарға ризашылығын жеткізді.

    Оқылып жатыр

    Атырау мұнай өңдеу зауытына 520 млн айыппұл салынды

    02.04.2026

    Түркістанда бейнебақылау камераларын қиратқан екі адам ұсталды

    30.03.2026

    Каспийдің Ақтау маңындағы жағалауында аққулар қырылып жатыр

    25.03.2026

    Алматы облысында бірнеше саяжай ауыл мәртебесін алуда

    17.03.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Қазақстанда орташа жалақы — 340 мың теңге

    03.04.2026

    Жақсылық Омар 6 жылға сотталды

    03.04.2026

    Ұзақбай Құлымбетов мұрасы ұлықталды

    03.04.2026

    Елде бензин мен дизель бағасы қымбаттайды

    03.04.2026

    Қазақстан билігі Мемлекеттік күзет қызметі ескертусіз қару қолдануға болатын заң қабылдамақшы

    03.04.2026

    Тапқан табыс пен шығын сәйкес келмесе 10% салық төлеуіңіз мүмкін

    02.04.2026

    15 жастағы қазақ баласы «Барселона» клубымен шартқа қол қойды

    02.04.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.