Close Menu
    Оқылып жатыр

    Қазақстанда орташа жалақы — 340 мың теңге

    03.04.2026

    Жақсылық Омар 6 жылға сотталды

    03.04.2026

    Ұзақбай Құлымбетов мұрасы ұлықталды

    03.04.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Суббота, 4 апреля
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Қазақстанда орташа жалақы — 340 мың теңге

      03.04.2026

      Жақсылық Омар 6 жылға сотталды

      03.04.2026

      Ұзақбай Құлымбетов мұрасы ұлықталды

      03.04.2026

      Елде бензин мен дизель бағасы қымбаттайды

      03.04.2026

      Қазақстан билігі Мемлекеттік күзет қызметі ескертусіз қару қолдануға болатын заң қабылдамақшы

      03.04.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Атырау мұнай өңдеу зауытына 520 млн айыппұл салынды

      02.04.2026

      Түркістанда бейнебақылау камераларын қиратқан екі адам ұсталды

      30.03.2026

      Каспийдің Ақтау маңындағы жағалауында аққулар қырылып жатыр

      25.03.2026

      Алматы облысында бірнеше саяжай ауыл мәртебесін алуда

      17.03.2026

      Ұлттық киіммен дауыс берген университет ұжымы

      15.03.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Биыл Жамбыл облысының 163 елді мекені 4G мобильді интернетімен қамтамасыз етіледі

    Биыл Жамбыл облысының 163 елді мекені 4G мобильді интернетімен қамтамасыз етіледі

    Өңір тынысы 20.09.2022
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен өткен жиында ауылдарды интернетпен қамтамасыз ету, байланыс сапасын арттыру мәселелері қаралды.

    Басқосуда баяндама жасаған цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Руслан Нокрабековтің айтуынша, Жамбыл облысындағы 371 елді мекеннің 183-і талшықты-оптикалық байланыс желісімен қамтылған.

    Аймақ басшысы аудандық әкімдіктермен, экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасымен бірлесіп, шалғай ауылдарды оптикалық-талшықты байланыс желілері арқылы жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету мүмкіндіктерін зерделеуді тапсырды.

    Облыстағы 258 елді мекен төмен жылдамдықты (2G/3G) интернетпен, 112 елді мекен жоғары жылдамдықты (4G) мобильді интернетпен қамтамасыз етілген. Жыл соңына дейін тағы 163 елді мекен жоғары жылдамдықты (4G) мобильді интернетпен қамтамасыз етіледі.

    Қазіргі таңда 11 елді мекен мобильді интернетпен мүлде қамтылмаған (Шу ауданында – Алайғыр, Құлақшын ауылдары, Сарысу ауданында – Шығанақ, Қамқалы, Жайлаукөл, Үлкен Көкдала, Кіші Көкдала, Шағалалы, Ақтам, Меркі ауданында – Құмарық, Мойынқұмда – Ұланбел ауылдары).

    Облыс әкімі басқарма басшысы мен ұялы байланыс операторлары өкілдерінің осы 11 елді мекенді интернетпен қамтамасыз ету бойынша атқарып жатқан жұмыстары туралы жауаптарын тыңдады.

    Нұржан Нұржігітов жұмыстарды уақытылы аяқтауды жүктеді.

    – Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, біздің алдымызда цифрлық теңсіздікті жою, облыстың барлық тұрғындарының интернетке барынша қол жетімділігін және сапалы байланысын қамтамасыз ету міндеті тұр. Байланысты жақсарту, интернет жылдамдығын арттыру шараларын жүйелі түрде қолға алу маңызды, – деп түйіндеді сөзін облыс әкімі.

    Оқылып жатыр

    Атырау мұнай өңдеу зауытына 520 млн айыппұл салынды

    02.04.2026

    Түркістанда бейнебақылау камераларын қиратқан екі адам ұсталды

    30.03.2026

    Каспийдің Ақтау маңындағы жағалауында аққулар қырылып жатыр

    25.03.2026

    Алматы облысында бірнеше саяжай ауыл мәртебесін алуда

    17.03.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Қазақстанда орташа жалақы — 340 мың теңге

    03.04.2026

    Жақсылық Омар 6 жылға сотталды

    03.04.2026

    Ұзақбай Құлымбетов мұрасы ұлықталды

    03.04.2026

    Елде бензин мен дизель бағасы қымбаттайды

    03.04.2026

    Қазақстан билігі Мемлекеттік күзет қызметі ескертусіз қару қолдануға болатын заң қабылдамақшы

    03.04.2026

    Тапқан табыс пен шығын сәйкес келмесе 10% салық төлеуіңіз мүмкін

    02.04.2026

    15 жастағы қазақ баласы «Барселона» клубымен шартқа қол қойды

    02.04.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.