Пятница, 9 октября

Мельбурн қаласындағы (Аустралия) Marvel Stadium аренасында жеңіл салмақ дәрежесі бойынша әлемнің абсолют чемпионы атағы үшін жекпе-жек өтті, — деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл титулды жеңіліп көрмеген австралиялық кіші Джордж Камбосос пен америкалық Девин Хэйни сарапқа салды. Хейнидің WBC титулы мен Камбососқа тиесілі WBA, IBF және WBO белбеулері тігілген жекпе-жек аса қызық болмаған.

Жоспарланған 12 раундтан кейін төрешілер жеңісті бірауыздан Хэйниге берді. Есеп — 116-112, 116-112 және 118-110.

Камбосостың реванш өткізуге құқығы бар, екінші жекпе-жек болса, қайтадан Аустралияда өтуі керек екені айтылған.

Exit mobile version