Close Menu
    Оқылып жатыр

    Усть-Лугадағы төбелес: оқиғаның мән-жайы және жанжалдың астарында не жатыр?

    30.03.2026

    Ғылым ордасында реставрация саласының мамандарына арналған тәжірибелік семинар өтті

    30.03.2026

    Ормуз дағдарысы: мұнай бағасы 200 долларға дейін өсуі мүмкін

    30.03.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Вторник, 31 марта
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Усть-Лугадағы төбелес: оқиғаның мән-жайы және жанжалдың астарында не жатыр?

      30.03.2026

      Ғылым ордасында реставрация саласының мамандарына арналған тәжірибелік семинар өтті

      30.03.2026

      Ормуз дағдарысы: мұнай бағасы 200 долларға дейін өсуі мүмкін

      30.03.2026

      Түркістанда бейнебақылау камераларын қиратқан екі адам ұсталды

      30.03.2026

      Алматыда жедел жәрдем қызметкерлеріне пышақпен шабуыл жасалды

      30.03.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Түркістанда бейнебақылау камераларын қиратқан екі адам ұсталды

      30.03.2026

      Каспийдің Ақтау маңындағы жағалауында аққулар қырылып жатыр

      25.03.2026

      Алматы облысында бірнеше саяжай ауыл мәртебесін алуда

      17.03.2026

      Ұлттық киіммен дауыс берген университет ұжымы

      15.03.2026

      Субсидия сұмдығы: Түркістан облысында заңсыздық әшкере болды

      13.03.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Британ соты Назарбаевқа өте жақын олигарх Өтемұратовтың активтерін бұғаттады

    Британ соты Назарбаевқа өте жақын олигарх Өтемұратовтың активтерін бұғаттады

    Ел іші 01.12.2020
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Ұлыбритания азаматтық соты 13 қарашада Қазақстандағы «БТА банк» ісі бойынша 5 миллиард доллардың активін бұғаттады. Бұл туралы 1 желтоқсанда америкалық Wall Street Journal (WSJ) басылымына сілтеме жасаған Азаттық Радиосы хабарлады.

    WSJ мәліметінше, «БТА» банк Англия мен Уэльстің соттарында бизнес әрекеттер және дүние-мүлік бойынша жаңа адамдарды айыптап, соның негізінде Британияның азаматтық соты активтерді бұғаттау туралы шешім шығарған. Газеттің жазуынша, бұл айыптаулар қазақстандық олигарх Болат Өтемұратовқа қатысты. WSJ жүгінген сот құжаттарына сенсек, «БТА» басқалармен бірге бизнесменді де «банктен ұрланған ақшаны жасыруға көмектесті» деп айыптайды.

    Басылымның жазуынша, бұғатталған активтер арасында шетелдік ірі банктердегі шоттарда жатқан ақша және Мәскеуде, Венада және Қазақстан астанасында орналасқан Ritz-Carlton қонақүйлеріне жартылай иелік ететін компаниялар, сонымен бірге Өтемұратовқа және оның ұлы Ануарға тиесілі Burger King фастфуд мейрамханалар желісінің қазақстандық франшизасы бар.

    WSJ жазуына қарағанда, бұлар – осы сот бұғаттаған аса ірі көлемдегі активтер, олар әлемнің алты елінде орналасқан.

    Англияда Болат Өтемұратовтың үстінен іс қозғалғанын алғашқылардың бірі болып «БТА банк» ісі бойынша айыпталып, 2009 жылдан бері шетелде қуғында жүрген қазақстандық банкир Мұхтар Әблязовтың Facebook-тегі парақшасында хабарлаған еді. 29 қарашада жазған постында ол: «… маған, Мұхтар Әблязовқа, активтерді жасыруға көмектесті деп Болат Өтемұратовқа айып тағылды» деп жазды. Өз парақшасындағы тікелей эфирде ол мұны «фантастикалық» айыптау деп атады.

    Оның айтуынша, бұған Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімовтің «қатысы бар». Оның мақсаты — «билік үшін күрестегі бұрынғы бақталасы мен қарсыласын физикалық және қаржылық тұрғыда тұқырту» деді Әблязов.

    «БТА банктің» бұрынғы басшысы Өтемұратов «не үйқамақта отыр, не оның Қазақстаннан шығуына тыйым салынған» деді Мұхтар Әблязов.

    Ертесі, 30 қарашада, Өтемұратовқа тиесілі «Верный капитал» компаниясы осы мәлімдеге қатысты пікір білдірді. Компания өкілі Өтемұратов «Нұр-Сұлтан қаласында, қоғамдық іске ден қойып, жұмыс істеп жатыр» деді, десе де оның басқа адамдармен бірге британ сотында жауапкер болып жатқанын мойындады.

    «Бұл талап-арызды 2015 жылы «БТА банк» акционерлік қоғамы Мұхтар Әблязов пен Ильяс Храпуновқа қарсы берген. Кейіннен жауапкерлер тізімін кеңейтуге байланысты оның бизнес-құрылымына кірген адамдар, соның ішінде Болат Өтемұратов та 2020 жылдың қараша айында сол қатарға қосылды» делінген «Верный капиталдың» жауабында.

    «Forbes – Қазақстан» журналының мәліметі бойынша, Болат Өтемұратов елдің ең бай адамдарының қатарында төртінші орын алады. Журналдың жазуынша, ол активтерінің көлемі бойынша Қазақстанда үштікке кіретін ForteBank-ті бақылайды (мамыр айындағы дерек). 2019 жылдың соңындағы мәлімет бойынша, банк активтерінің ауқымы 2,07 миллиард теңде болған. Сонымен қатар оның тау-кен, мұнай-газ және телекоммуникация салаларында активтері бар.

    2006-2008 жылдары ол сол кезде Қазақстан президенті болған Нұрсұлтан Назарбаевтың іс басқарушысы қызметін атқарған, кейін оның штаттан тыс кеңесшісі міндетін атқарған.

    Оқылып жатыр

    Ресей үкіметінің төрағасы Қазақстанға келеді

    25.03.2026

    Тоқаев Досаевты қызметінен босатты

    25.03.2026

    Қырғызстан Тәшиевті тергеуді бастады

    19.03.2026

    Талғардың бұрынғы әкімі қазір таксист болып жүр

    16.03.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Усть-Лугадағы төбелес: оқиғаның мән-жайы және жанжалдың астарында не жатыр?

    30.03.2026

    Ғылым ордасында реставрация саласының мамандарына арналған тәжірибелік семинар өтті

    30.03.2026

    Ормуз дағдарысы: мұнай бағасы 200 долларға дейін өсуі мүмкін

    30.03.2026

    Түркістанда бейнебақылау камераларын қиратқан екі адам ұсталды

    30.03.2026

    Алматыда жедел жәрдем қызметкерлеріне пышақпен шабуыл жасалды

    30.03.2026

    Таразда кәсіпкер өз-өзін атып тастады

    30.03.2026

    Қазақстан мұнайы Жапонияға сатылуы мүмкін

    30.03.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.