Close Menu
    Оқылып жатыр

    В Анкаре прошла международная конференция на тему возвращения в Западный Азербайджан

    22.05.2025

    «Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алады

    21.05.2025

    Тәңіртаудың етегі — шаруашылық мекені

    21.05.2025
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Сенбі, 31 Мамыр
    • Басты
    • Жаңалықтар

      В Анкаре прошла международная конференция на тему возвращения в Западный Азербайджан

      22.05.2025

      «Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алады

      21.05.2025

      Алматыда «Қазақстан-Әзірбайжан» халықаралық форумы өтті

      13.05.2025

      Алматыда екі бірдей BRT желісінің құрылысы басталды

      05.05.2025

      Астанада Жаңа салық кодексін талқылаған форум өтті

      30.04.2025
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      «Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алады

      21.05.2025

      Тәңіртаудың етегі — шаруашылық мекені

      21.05.2025

      Меркіде зияткерлік ойын жеңімпазы анықталды

      15.03.2025

      Алматыда жол сапасы мен оны сараптауға қатысты оқыту семинары өтті

      03.03.2025

      Қызылордада алғашқы қазақстандық такси агрегаторы – APARU таныстырылды

      01.03.2025
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » «Дәстүрлі әнді насихаттау әлі де болса кемшін» — Айзат Қарабек

    «Дәстүрлі әнді насихаттау әлі де болса кемшін» — Айзат Қарабек

    Ел іші 07.09.2021
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Германия, Оңтүстік Корея, Литва, Қара теңіз, Бахрейн, Франция мемлекеттерінде қазақтың дәстүрлі әнін шырқап жүрген Ақмола облысының тумасы Айзат Қарабек қыздарыңыз жайлы естулеріңіз бар ма? Ол ұрпақтар сабақтастығын және Қазақстан халқының дәстүрлерін танымал етуді ту етіп жүрген өнерпаздарымыздың бірі әрі бірегейі.

    Тамырын ғасырдан ғасырға жайған ән өнері, оның ішінде қазақтың дәстүрлі әні қаншама қатқан жүректі жібітіп, қағидасыз жанның Темірқазығына айналды десеңші. Дүниеге келіп, алға қадам басқан сәтіңнен бастап ата-ана салған жолбағдар болатыны ақиқат. Ал өнер талай талантты сөзсіз-ақ тәрбиелеп шығарды десек қателеспейтін болармыз. Қолына домбырасын алса жаны сөйлейтін Айзат та дәстүрлі әнді таңдауына ата-анасы себепкер болғанын алға тартады.

    • Ән маған қанмен берілген өнер деп есептеймін. Өйткені менің өз жұртым мен нағашы жұртым да өнерден құр алақан емес. Олардың тек музыкалық білімдері болмады демесеңіз жанымен сезініп, жарқырап ән айтатын қасиеттері бар. Мысалы, әкем оқымаса да домбырада жақсы ойнайды, керемет дауыс иесі десем болады. Ал, әкемнің отбасында екі қобызшы қарындастары бар. Соларды көріп өскен мен үшін өнерден алшақ мамандық таңдау ақылға сыймас еді.

    Ұлт руханиятының ұлы бір бөлшегі, ол – дәстүрлі ән мен күйлер екені даусыз. Ұлттық өнерімізді тыңдап, жанына сіңіріп өскен қазақтың кез келген баласы өзінің қазақ екенін мақтанышпен айтатын еді. «Шет елге шыққанда домбырамды көтеріп жүрсем, ұлттың абыройын арқалап келе жатқандай сезімде боламын, — дейді Айзат.

    • Қазіргі уақытта дәстүрлі әнді тыңдаушылар, сұраушылар жоқ емес. Бірақ осы өнерді насихаттау, көрсету әлі де болса кемшін. Қазақтың салт-дәстүрі мен болмысына өзге мемлекеттер қызығып та, қызғанып та қарайды. Осыншалық рухани байлығымызды неге үздіксіз дәріптемеске, неге өскелең ұрпақты солай тәрбиелемеске. Мысалы, мен шет елге шыққанда домбырамды көтеріп жүрсем, ұлттың абыройын арқалап келе жатқандай сезімде боламын. Әрбір өнерпаз сондай күй кешетін болар деп сенемін. Бұл өнердің, жанның тазалығы емес пе?!

    Өнер адамдарының біразы шіркін, уақытты кері қайтара алса ғой, мен өнерді емес басқа бір саланы таңдар едім деп ағынан жарылады. Бірақ Айзат «мамандығымды өзгертпес едім»  деп кесіп айтты.

    — Жаныңды кірлетпейтін, мейірім мен махаббатқа толы өнер жолы қиындықсыз болмасы анық. Бірақ мен басқа емес дәстүрлі әнді таңдағаныма еш өкінбеймін. Қайта таңдауға мүмкіндік берілсе де мамандығымды өзгертпес едім. Еліміз аман, жұртым тыныш болса қазақтың қасиетті дәстүрлі әнінің болашағы жарқын, келешегі зор деп білемін!

    Жетістікке жеткен жандардың артында бірінші ата-анасы, екінші ұстазы тұратынын білеміз. Алдымен маман емес, адам болуды үйрететін де – ұстаз. Айзат Қарабектің де өнерлі болуына үлес қосқан ұстаздары жетерлік. Соның ішінде Айтбек Нығызбаев ұстазы «Айзат өзіне тән өткірлігімен өнерге еркін басып кірген қыз» — деп баға берді.

    • Айзат өзіне тән өткірлігімен өнерге еркін басып кірген қыз. Адалдығы мен жауапкершілігінің арқасында талай жетістіктерге жетті. Жүрген жеріне сыйлы, қадірлі. Қыз баласына өнер жолы қиын деп жатамыз. Себебі, тұрмысқа шықса алыстап кетеді деп есептейміз. Ондай кездер де жоқ емес. Бірақ Айзат тұрмыс құрса да өнерін шыңдап, халықтың махаббатына бөленіп жүр.

    Дәстүрлі әнді дарынымен де, жанымен де дәріптеп жүрген Айзатқа шығармашылық шабыт тілейміз. Қазақтың аяулы қыздарының бірі болып, еркелеп жүре беруіне тілектеспіз.

    Мақала Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының «Ұрпақтар сабақтастығын және Қазақстан халқының дәстүрлерін танымал етуді қамтамасыз ету жөніндегі шаралар кешенін іске асыру» мемлекеттік гранты аясында «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің қолдауымен «Жетістіктің тарихы» іс шара жоспарына сәйкес әзірленді.

    Оқылып жатыр

    «Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алады

    21.05.2025

    Тәңіртаудың етегі — шаруашылық мекені

    21.05.2025

    Алматыда «Қазақстан-Әзірбайжан» халықаралық форумы өтті

    13.05.2025

    Кәсіпкер Дулат Тастекей өзгеше челлендж бастады

    23.04.2025
    Соңғы жаңалықтар

    В Анкаре прошла международная конференция на тему возвращения в Западный Азербайджан

    22.05.2025

    «Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алады

    21.05.2025

    Тәңіртаудың етегі — шаруашылық мекені

    21.05.2025

    Алматыда «Қазақстан-Әзірбайжан» халықаралық форумы өтті

    13.05.2025

    Алматыда екі бірдей BRT желісінің құрылысы басталды

    05.05.2025

    Астанада Жаңа салық кодексін талқылаған форум өтті

    30.04.2025

    Зәкіржан Кузиев “Парасат” орденімен марапатталды

    24.04.2025

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2025 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.