Close Menu
    Оқылып жатыр

    Усть-Лугадағы төбелес: оқиғаның мән-жайы және жанжалдың астарында не жатыр?

    30.03.2026

    Ғылым ордасында реставрация саласының мамандарына арналған тәжірибелік семинар өтті

    30.03.2026

    Ормуз дағдарысы: мұнай бағасы 200 долларға дейін өсуі мүмкін

    30.03.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Вторник, 31 марта
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Усть-Лугадағы төбелес: оқиғаның мән-жайы және жанжалдың астарында не жатыр?

      30.03.2026

      Ғылым ордасында реставрация саласының мамандарына арналған тәжірибелік семинар өтті

      30.03.2026

      Ормуз дағдарысы: мұнай бағасы 200 долларға дейін өсуі мүмкін

      30.03.2026

      Түркістанда бейнебақылау камераларын қиратқан екі адам ұсталды

      30.03.2026

      Алматыда жедел жәрдем қызметкерлеріне пышақпен шабуыл жасалды

      30.03.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Түркістанда бейнебақылау камераларын қиратқан екі адам ұсталды

      30.03.2026

      Каспийдің Ақтау маңындағы жағалауында аққулар қырылып жатыр

      25.03.2026

      Алматы облысында бірнеше саяжай ауыл мәртебесін алуда

      17.03.2026

      Ұлттық киіммен дауыс берген университет ұжымы

      15.03.2026

      Субсидия сұмдығы: Түркістан облысында заңсыздық әшкере болды

      13.03.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Елімізде жастар мен жасөспірімдердің интернет тәуелділіктерін анықтау үшін арнайы әдістеме дайындалды

    Елімізде жастар мен жасөспірімдердің интернет тәуелділіктерін анықтау үшін арнайы әдістеме дайындалды

    Ел іші 28.11.2020
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Цифрлық тәуелділікті зерттеу қазіргі заманғы қоғам жағдайында ерекше өзекті болып табылады, себебі ақпараттық толқынның өте көптігі, өз кезегінде адамның психикасына қатты әсер етеді. Интернетке тәуелділік мәселесі жеке адамның психологиясын қаншалықты өзгерткендігін көпшілік түсіне бермейді. Заманауи адамның әр күні ұялы телефон мен Интернет арқылы хабарламалар жіберу мен қабылдау, жаңалықтар парақшаларындағы ақпараттарды талдау мен танысу, жауап қайтару, пікір қалдырумен өтіп жатады. Толассыз ақпараттарды қабылдауда интернетсіз өмірді елестету мүмкін емес. Ал  ондағы шектеулер, байланыстың және WI-FI-дың жоқтығын қазіргі адамдар бостандықты шектеу ретінде қабылдайды, кейбіреулер үшін бұл «өлім жазасымен»  де тең деп айтуға болады. Осыған сәйкес, интернетке тәуелді мінез-құлықты зерттеу бүгінгі таңдағы өте өзекті мәселелердің біріне айналып отыр.

    Аталған зерттеу әлем елдерінде көп уақыт бұрын зерттеле бастады. Мысалы, ең алғаш рет 1995 жылы доктор Иван Голдберг өз еңбегінде интернетті пайдалану,біріншіден, жағымсыз стрессті немесе күйзелісті тудырады, екіншіден, интеннетті шамадан тыс пайдалану физикалық, психологиялық, тұлғааралық, экономикалық немесе әлеуметтік жағдайға зиян келтіреді деп тұжырымдаған. Ал, көрші Ресейде бұл құбылыс 2000 жылдан бастап зерттеле бастады. 2009 жылы психиатрлардың, психологтардың, әлеуметтанушылардың қатысуымен «Интернет-тәуелділік: психологиялық табиғаты және даму динамикасы» туралы алғашқы орыс тілінде жинақ жарық көрген болатын.

    Біздің елімізде интернетке тәуелділік проблема ретінде шамамен 5-6 жыл бұрын қабылдана бастады, бірақ ата-аналар мен мұғалімдердің жиі шағымдарына қарамастан, балалар мен жасөспірімдер арасындағаламторға деген құмарлықкүн санап өсе берді. Сонымен,қазіргі уақытта Қазақстанда интернетті үздіксіз қолданушылар саны 9 миллион 400 мың адамнан асқан.

    Осы орайда «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер» республикалық қоғамдық бірлестігі «ReStart» жобасы аясында білікті психологтармен жастар мен жасөспірімдердің интернет тәуелділіктерін анықтауға арналған әдістеме әзірледі. Әдістеме 60 сұрақтан тұрады және оның  апробациясына еліміздің 6217 респонденті қатысты.

    Әдістемеге жауап беру ұялы телефондар мен дербес компьютерлерден жүзеге асырылды. Жас ерекшеліктері бойынша: 12-15 жас — 4389, 16-18 жас — 1383, 19-23 жас — 146, 24-30 жас аралығындағы – 175 адам жауап берген, ал жынысы бойынша: ұл – 2199, қыз – 3894 адам және тұрғылықты жері қарастырылған. Оның ішінде өңірлер бойынша: Алматы — 1069, Нұр-Сұлтан — 492, Шымкент — 755, Павлодар – 555 адам және аймақтар бойынша Алматы облысы-521, Түркістан облысы-1035, Маңғыстау облысы. — 674, Қостанай облысы — 513, БҚО — 603 адам қатысқан. 

    Сауалнама барысында балалардың денсаулығындағы бірқатар өзгерістер анықталған. Мысалы, респонденттердің 20%-ыбас ауруы, 33%-ы көздің шаршауы, 14%-ы көздің жыпылықтауы, 5%-ы нашар ұйықтауға шағымданатынын айтты.

    Сонымен қатар, ата-аналардың 57%-ы балаларында интернетке тәуелділіктің пайда болуынан қорқады екен. Мұндай мәліметтерді Касперский зертханасы жыл бойы жүргізілген сауалнамадан кейін жариялаған, оған әлемнің 21 еліндегі, оның ішінде Қазақстандағы 12 мыңнан астам интернет пайдаланушылар қатысқан болатын.

    Осылайша, көптеген ғалым-зерттеушілердің еңбектеріне шолу жасай келе және еліміздегі жастар мен жасөспірімдердің интернетке тәуелділігін анықтау үшін құрылған арнайы әдістеме профилактикалық бағдарламаларды одан әрі пайдалану үшін компьютерлік тәуелділіктің белгілері бар әр түрлі тәуекел топтарын анықтауға мүмкіндік берді.Қорыта айтқанда, «Жастар мен жасөспірімдердің интернет тәуелділіктерін анықтауға арналған әдістемесі» сенімділік пен нақтылық критерийлеріне толық сәйкес келеді деп айтуға болады.

    интернет

    Оқылып жатыр

    Талғардың бұрынғы әкімі қазір таксист болып жүр

    16.03.2026

    «Қызылорда — Ақтөбе» төрт жолақты автожолының құрылысы басталды

    13.03.2026

    Мұнай қымбаттаса да жанармай бағасы өзгермейді — министр

    12.03.2026

    Мемлекет және қоғам қайраткері Нәлқожа Ергешбаевты еске алуға арналған тоғызқұмалақтан халықаралық турнир басталды

    03.03.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Усть-Лугадағы төбелес: оқиғаның мән-жайы және жанжалдың астарында не жатыр?

    30.03.2026

    Ғылым ордасында реставрация саласының мамандарына арналған тәжірибелік семинар өтті

    30.03.2026

    Ормуз дағдарысы: мұнай бағасы 200 долларға дейін өсуі мүмкін

    30.03.2026

    Түркістанда бейнебақылау камераларын қиратқан екі адам ұсталды

    30.03.2026

    Алматыда жедел жәрдем қызметкерлеріне пышақпен шабуыл жасалды

    30.03.2026

    Таразда кәсіпкер өз-өзін атып тастады

    30.03.2026

    Қазақстан мұнайы Жапонияға сатылуы мүмкін

    30.03.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.