Close Menu
    Оқылып жатыр

    Алматыда қар тазалау жұмыстары күшейтілген режимде жүргізілуде

    24.01.2026

    Абай тағылымы – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың зияткерлік құндылығы

    24.01.2026

    Орал тұрғынын Мәскеуде соғысқа күштемек болған

    23.01.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Суббота, 24 января
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Орал тұрғынын Мәскеуде соғысқа күштемек болған

      23.01.2026

      Биыл балаларға Ұлттық қордан 130 АҚШ доллары аударылады

      23.01.2026

      СҚО-да өрттен қаза тапқан баланың анасы қамауға алынды

      22.01.2026

      Жамбыл облысында 22 жасөспірім уланып, ауруханаға жеткізілді

      22.01.2026

      Алматы бюджетінен «Қайратқа» 840 млн теңге бөлінбек

      22.01.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Алматыда қар тазалау жұмыстары күшейтілген режимде жүргізілуде

      24.01.2026

      Абай тағылымы – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың зияткерлік құндылығы

      24.01.2026

      Ғылым ордасы мен Ұлттық кітапхана ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

      22.01.2026

      Әскери тәртіп пен шығармашылықты ұштастырған жас жауынгер

      21.01.2026

      Экологиялық идеялар тоғысқан алаң: Жетісу университетінде «Жасыл хакатон – 2026» өтті

      21.01.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Инклюзивтік білім берудің гуманистік бастауларын тануда ұлттық тамырымыздан нәр ала білудің маңыздылығын дәлелдейді

    Инклюзивтік білім берудің гуманистік бастауларын тануда ұлттық тамырымыздан нәр ала білудің маңыздылығын дәлелдейді

    Ел іші 24.04.2020
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Инклюзивті білім беру — жалпы білім берудің даму үдерісіндегі барлық адамдарды оқыту, сонымен қатар әр түрлі қажеттіліктерге ие балаларға қарай бейімдеу арқылы ерекше мұқтаждықтары бар балалардың білім алуына қол жеткізу. Инклюзивті білім беру ортасы – дамуында ерекшелігі бар балалардың әлеуметтенуге және білім, біліктер мен дағдыларды игеруге деген дербес қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін құрылатын құндылықты-бағдарланған орта.

    Қазақ ұлттық фольклоры — қазақ ұлттық педагогикасының тарих түбінен келе жатқан тұмасы болса, оның сабақтастығы, дәстүрлілігі, толығып тұруға бейімділігі, көркемдік жетілгендігі қазіргі қазақстандық қоғамда бүр жарып келе жатқан инклюзивті білім беру жүйесінің де өркендеуіне берер қуаты мол болатынына дау болмасы анық.

    Қазақ ұлттық дүниетанымының бастауы болған фольклордың қазіргі дүниетанымымызбен сабақтастығын шынайылықпен танытар кезеңі Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласымен тығыз байланысты деп санаймыз. Елбасымыздың: «Жаңғыру атаулы бұрынғыдай тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерге шекеден қарамауға тиіс. Керісінше, замана сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді табысты жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажет. Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды. Сонымен бірге, рухани жаңғыру ұлттық сананың түрлі полюстерін қиыннан қиыстырып, жарастыра алатын құдіретімен маңызды. Бұл – тарлан тарихтың, жасампаз бүгінгі күн мен жарқын болашақтың көкжиектерін үйлесімді сабақтастыратын ұлт жадының тұғырнамасы. Мен халқымның тағылымы мол тарихы мен ерте заманнан арқауы үзілмеген ұлттық салт-дәстүрлерін алдағы өркендеудің берік діңі ете отырып, әрбір қадамын нық басуын, болашаққа сеніммен бет алуын қалаймын», — деген сөздері инклюзивтік білім берудің гуманистік бастауларын тануда ұлттық тамырымыздан нәр ала білудің маңыздылығын дәлелдейді.

    Осындай жаңашыл бағытты ұстана отырып, инклюзивті білім беруде, ендігі ретте, қазақстандық қоғамда да «адам және өмір», «адам және құндылық», «адам мен оның мүмкіншіліктері», «мүгедек адамдардың денсаулығының шектеулі болуына байланысты қоғамдағы орнынан тысқары 41 етпеу» деген түсініктерге құқықтық, гуманистік, құндылық көзқарастар тұрғысынан жаңғыратынына сенімдіміз. Сол жолмен жүретін инклюзивті білім беру жүйесінің жаңғырған философиялық негіздемеден сусындап, сенімді теориялық тұғырлардан табысты, өміршең әдістемелік/ практикалық жүйелер құралады.

    Қазақстандық қоғамдағы инклюзивті білім беру мәселесінің түпмәнісі – гуманистік көзқарас тұрғысынан қарастыра отырып, денсаулығына байланысты мүмкіншіліктері шектеулі тұлғалардың да өмірдің өзі таңдаған саласында оқып, жұмыс жасап, табысты болуына мүмкіндіктер жасалуы тиісті екендігі терең ұғыныла түсініледі.

    білім мүмкіндігі шектеулі жандар

    Оқылып жатыр

    СҚО-да өрттен қаза тапқан баланың анасы қамауға алынды

    22.01.2026

    Шымкентте 50 млн теңгеге орнатылған қоғамдық дәретханалар бүлінген

    22.01.2026

    Жамбыл облысында 22 жасөспірім уланып, ауруханаға жеткізілді

    22.01.2026

    Павлодарда ҚТЖ басшылары 7 жылға сотталды

    20.01.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Алматыда қар тазалау жұмыстары күшейтілген режимде жүргізілуде

    24.01.2026

    Абай тағылымы – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың зияткерлік құндылығы

    24.01.2026

    Орал тұрғынын Мәскеуде соғысқа күштемек болған

    23.01.2026

    Биыл балаларға Ұлттық қордан 130 АҚШ доллары аударылады

    23.01.2026

    Трамп Иранға байланысты қатаң ескерту жасады

    23.01.2026

    Ұлттық банк базалық мөлшерлеме бойынша шешім шығарды

    23.01.2026

    Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев соққыға жығылды

    23.01.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.