Close Menu
    Оқылып жатыр

    Шерзат Болат ісі бойынша сот үкімі шықты

    05.06.2025

    Көлсайда “Парктер шеруі-2025” қорытындыланды

    05.06.2025

    ЖОО-да тоғызқұмалақ спортынан кәсіби мамандар дайындалады

    04.06.2025
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Сенбі, 7 июня
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Шерзат Болат ісі бойынша сот үкімі шықты

      05.06.2025

      Көлсайда “Парктер шеруі-2025” қорытындыланды

      05.06.2025

      ЖОО-да тоғызқұмалақ спортынан кәсіби мамандар дайындалады

      04.06.2025

      В Анкаре прошла международная конференция на тему возвращения в Западный Азербайджан

      22.05.2025

      «Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алады

      21.05.2025
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Көлсайда “Парктер шеруі-2025” қорытындыланды

      05.06.2025

      «Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алады

      21.05.2025

      Тәңіртаудың етегі — шаруашылық мекені

      21.05.2025

      Меркіде зияткерлік ойын жеңімпазы анықталды

      15.03.2025

      Алматыда жол сапасы мен оны сараптауға қатысты оқыту семинары өтті

      03.03.2025
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Италияда қазақ әнін әуелеткен Ерназ

    Италияда қазақ әнін әуелеткен Ерназ

    Ел іші 03.09.2021
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Әлемдік сахнада қазақ елінің өнерін паш етіп жүрген жас өнерпаздар аз емес. Халықаралық байқауларда жүлде алып, жұлдызы жанғандар қаншама. Бір жарқ етіп, кейін көрінбей кеткендер де жоқ емес. Бүгінгі кейіпкеріміз Ерназ Қабдхамитов та өмірін өнермен байланыстырған жас таланттардың бірі.

    Ұрпақтар сабақтастығын және Қазақстан халқының дәстүрлерін танымал етуді қамтамасыз ету, жас өнерпаздар жетістігін жария ету – бүгінгі медианың бір мақсаты десек те болады.

    Қостанай облысының тумасы Ерназ ән өнерінде өзінше өрнек салғысы келеді. 2019 жылы вокалдан әлемнің 18 мемлекеті қатысқан «Creativita senza frontiere» байқауында қазақтың туын тіктеп, бас жүлде алған. Республикалық «Алтын микрофон» байқауынан өтіп, Италияға жолдама алғанын естіген бойда жетекшісі Роза Ізтілеуовамен араға айлар салып қызу дайындық жасапты.

    Басында жеңімпаз атанамын деп мүлде ойлаған жоқпын. Ең бастысы өзіме жүктелген міндетті орындауым қажет болды. Сахнаға шығарда қатты қобалжыдым, әйтсе де, отбасым, мектептегі ұстаздарым мен достарымның арқасында қорқынышымды жеңе білдім. Мен осы конкурсқа жолға шыққаннан бастап, әрқайсысы жеке-жеке хабарласып, қолдап, қолпаштап отырды. Сол үшін де сахнаға сеніммен шығып, жеңімпаз атандым, — дейді.

    Биыл 11 сынып оқитын өнерпаздың 18 жасқа толмай-ақ әлемді бағындыруы бірінші талантының және ұстаздарының үздіксіз еңбегінің нәтижесі. Әлемдік деңгейде вокал байқауында топ жарған Ерназ алдағы мамандығын физика мен математикаға бағыттағанын айтып, жоспарымен бөлісті.

    Мақсат өте көп. 11 сынып болғандықтан ең алдыңғысы Ұлттық Бірыңғай Тестілеуден жоғары балл алу. Қазіргі танда физика мен математика пәнін таңдап отырмын. Таңдау себебім, осы күнге дейін өнерді де, сабақты да бір сатыда ұстап келдім. Шешім шығару оңай болмады, не дегенмен осы пәндер менің болашақ жолым екенін түсіндім. Бірақ келешекте өнерімді ары қарай өрбітіп, өрістете беремін деген ойым бар. Ал, менің басты жоспарым да, мақсатым да барша балалар сияқты ата-ананың үмітін ақтау, — дейді талантты жас.

    Шәкіртінің бір ғана емес, бірнеше мемлекеттің арасында жетістікке жетіп, мәреден көрінуі ұстаз үшін үлкен бақыт. Бақ мен баптың қатар шабуы да Тәңірдің сыйы. Ерназдың ұстазы Роза Шөптібайқызы «талай додаларда топ жарып, Қазақстанның мәртебесін көтереді деген сенімдемін» — деп шәкіртіне үміт артты.

    Ерназ Мейрамханұлы менің өте талантты шәкірттерімнің бірі. Ол жайында айтатын болсам, кішкентайынан ән айтады. Менің алдыма үшінші сыныптан бастап келді. Сол кезден аудандық, облыстық конкурстарға қатысып бірнеше рет бас жүлдеге ие болған. Өзі домбыра тартады, өлең шығарады. Өте ұқыпты, жауапты оқушы. Біздің ең үлкен жетістігіміз Италия еліндегі сайыстан бірінші орын иеленгеніміз. Он сегіз мемлекеттен әділ қазылар мен қатысушылар жиналды. Сол сайыста қазақтың «Айқаракөз» әні мен Виктор Цойдың «Кукушка» әнін орындады. Қазір Ерназ он бірінші сыныпта оқиды. Болашағынан үлкен үміт күтемін. Талай додаларда топ жарып, Қазақстанның мәртебесін көтереді деген сенімдемін, — дейді ұстазы.

    Қазақтың атын әлемге әйгілеген Ерназдың алдағы ҰБТ-дан жоғарғы балл алып, өз мақсатына еркін жетуіне тілектеспіз. Өнерің өрлей берсін жас түлек!

    Мақала Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының «Ұрпақтар сабақтастығын және Қазақстан халқының дәстүрлерін танымал етуді қамтамасыз ету жөніндегі шаралар кешенін іске асыру» мемлекеттік гранты аясында «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің қолдауымен «Жетістіктің тарихы» іс шара жоспарына сәйкес әзірленді.

    Оқылып жатыр

    ЖОО-да тоғызқұмалақ спортынан кәсіби мамандар дайындалады

    04.06.2025

    «Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алады

    21.05.2025

    Тәңіртаудың етегі — шаруашылық мекені

    21.05.2025

    Алматыда «Қазақстан-Әзірбайжан» халықаралық форумы өтті

    13.05.2025
    Соңғы жаңалықтар

    Шерзат Болат ісі бойынша сот үкімі шықты

    05.06.2025

    Көлсайда “Парктер шеруі-2025” қорытындыланды

    05.06.2025

    ЖОО-да тоғызқұмалақ спортынан кәсіби мамандар дайындалады

    04.06.2025

    В Анкаре прошла международная конференция на тему возвращения в Западный Азербайджан

    22.05.2025

    «Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алады

    21.05.2025

    Тәңіртаудың етегі — шаруашылық мекені

    21.05.2025

    Алматыда «Қазақстан-Әзірбайжан» халықаралық форумы өтті

    13.05.2025

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2025 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.