Close Menu
    Оқылып жатыр

    Жетісу университетінің цифрлық трансформациясы

    13.01.2026

    Қазақстанда әскери қызметшілердің жалақысы тағы өседі

    13.01.2026

    «Қымбаттап кеткен». Журналист Шымбұлақта қазақстандықтар үшін бөлек тариф енгізуді ұсынды

    13.01.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Вторник, 13 января
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Жетісу университетінің цифрлық трансформациясы

      13.01.2026

      Қазақстанда әскери қызметшілердің жалақысы тағы өседі

      13.01.2026

      «Қымбаттап кеткен». Журналист Шымбұлақта қазақстандықтар үшін бөлек тариф енгізуді ұсынды

      13.01.2026

      Шымкентте жас қыздың өліміне күдікті азамат ұсталды

      13.01.2026

      Ғылым ордасында қолжазба мұраны сақтау жөніндегі ғылыми кездесу өтті

      13.01.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Хан тәңірі етегі — чемпиондар мекені

      17.11.2025

      Өртте жоғалған өмірлік құжаттар 28 жылдан кейін қайта рәсімделді

      28.10.2025

      Алматы облысында тұңғыш рет дрон шоу өтті

      25.10.2025

      Қонаев қаласында жанға жайлы аялдамалар пайда болды

      16.10.2025

      «Қонаев-Күрті» автомобиль жолының жарты бөлігінде құрылыс жұмыстары толық аяқталды

      28.09.2025
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Қамқорлыққа ғана қарап отырған жоқ

    Қамқорлыққа ғана қарап отырған жоқ

    Ел іші 10.10.2019
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Бүгінде көпбалалы аналардың мәселелері күн тәртібіндегі күрмеулі мәселелердің біріне айналған. Атаулы әлеуметтік көмек пен ай сайынғы жәрдемақылар, баспанаға қол жеткізу бағытында әзірленген төмен пайызды несиелер, барлығы да Үкімет тарапынан ақжаулықты аналардың игілігі үшін жолға қойылып отыр. Осындай қолдауға ие болып отырғандардың қатарында жеті баланың анасы Ардақ Жантаеваның жанұясы бар. М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-да аға оқытушы болып жұмыс істейтін Ардақ Мықтыбекқызының шаңырағы биыл «Мерейлі отбасы» байқауында бақ сынап, жеңімпаз атанған. Бүгінде 6 қыз, 1 ұл тәрбиелеп отырған «Алтын алқа» иегерінің тұңғышы Дана Абдықұл 18 жаста. Ол Жамбыл экономика және ақпараттық технологиялар колледжін тәмамдап, бүгінде қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, өз ортасында көшбасшылық қырларымен танылып жүр. Дананың өзге бауырлары да ата-ана абыройын асқақтататын, болашағынан зор үміт күттіретін азаматтар болып өсіп келеді. Ал Ардақ Жантаеваның жұбайы Ғалымжан Қалымбетов бүгінде жеке меншік фирмада қызмет етіп, балаларының болашағы үшін тер төгуде. Ардақ Мықтыбекқызының айтуынша, ел ырысын арттырып отырған көпбалалы аналарға мемлекет тарапынан көрсетілетін көмектің көлемі ауқымды. Атап айтқанда, мектепте оқитын балалары тегін тамақ ішеді, түрлі лагерьлерге жолдаманы жеңілдікпен алады.

    – Мемлекеттен әр балаға ай сайын 21 мың теңге көлемінде атаулы әлеуметтік көмек аламын. Талап бойынша жұмыспен қамту орталығы жанұямыздың жан басына шаққандағы кіріс көлемін есептеп, осындай қолдауға лайық деп тапты. Табыс көзінің төмен болуына байланысты ұсынылған бұл көмек біздің тұрмыстық жағдайымызға оң әсерін тигізіп отыр. Балаларым мектепте ыстық тамақты тегін ішеді. Үйірмелерге де тегін бару қарастырылған. Мектепте жаңа оқу жылы басталған тұста тегін киіммен қамтамасыз ету жайы да жолға қойылыпты. Оқу жабдықтарын да тегін алдық, – дейді «Алтын алқа» иегері.

    26 маусымда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтардың банк алдындағы берешегіне қатысты Жарлыққа қол қойған болатын. Бұл көмек 500 мыңға жуық қазақстандыққа көрсетілгені белгілі болған еді. Міне, осындай жеңілдікке ие болғандардың қатарында Ардақ Жантаева да бар.

    – «Қалауын тапса қар жанатынын» жанұямызбен жадымызға түйіп өстік. Әсілінде, әрекет еткен адамға ырыс-несібе өзі келеді. Баспаналы болуды арман еткен отбасылар үшін төмен пайызбен несиелер беріліп жатыр. Ал кәсіп жасап, нәсіп табамын дегендер үшін арнайы оқыту курстарын, «Даму» қоры мен «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы түрлі гранттарды ұсынып келеді. Зерделеп қарасақ, айналамызда еңсемізді тіктеп, әлеуметтік тұрмыс жағдайымызды түзеу үшін мүмкіндіктер жетіп артылады. Болашақта балаларымның жоғары білім алуына да көп алаңдамаймын. Баршамыз биыл көпбалалы отбасылардан шыққан балаларға 5000 оқу гранты бөлінгеніне куә болып, ризашылық білдірдік. Еліміздегі әр шаңырақтың иесі өз баласының келешегіне ең бірінші кезекте мемлекет емес, ата-ананың өзі жауапты екенін түсініп, қабылдап, әрекет етуі тиіс, – дейді Ардақ Жантаева.

    Бала – болашағымыз. Оның ертеңінің жарқын болуын ең бірінші кезекте ана мен әке қамтамасыз етуі тиіс. Бұл ретте мемлекет ұсынып отырған көмектің де көлемді екенін жасыра алмаймыз. Еңбек ет, кәсіп қыл, сүйікті ісіңмен айналыс. Ақиқатында, барлық қордаланған мәселелердің шешімі – осы. Осыны дүйім ел ұқса тек.

    көпбалалы аналар соңғы жаңалықтар

    Оқылып жатыр

    Шымкентте жас қыздың өліміне күдікті азамат ұсталды

    13.01.2026

    Қарағанды облысында 50 жолаушы отырған автобус жол апатына ұшырады

    12.01.2026

    Астанада жедел жәрдем станциясынан 850 млн теңге жымқырылған

    12.01.2026

    Алматыда «әдемі» нөмірлерге сұраныс күрт артты

    12.01.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Жетісу университетінің цифрлық трансформациясы

    13.01.2026

    Қазақстанда әскери қызметшілердің жалақысы тағы өседі

    13.01.2026

    «Қымбаттап кеткен». Журналист Шымбұлақта қазақстандықтар үшін бөлек тариф енгізуді ұсынды

    13.01.2026

    Шымкентте жас қыздың өліміне күдікті азамат ұсталды

    13.01.2026

    Ғылым ордасында қолжазба мұраны сақтау жөніндегі ғылыми кездесу өтті

    13.01.2026

    Алматы тұрғыны бір бөлмелі пәтеріне 109 адамды тіркеген

    13.01.2026

    «Пайдалы тағам қымбат». Қазақстандағы фастфуд нарығы өсіп келеді

    13.01.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.