Close Menu
    Оқылып жатыр

    Қазақстандық оқушылар Таиландтағы әлем чемпионатында ел намысын қорғады

    05.07.2025

    Кәкен Қамзин қартайған шағында жалғыз үйінен айрылмақ

    05.07.2025

    Қазақ рухы Мәскеу сахнасында: «Mamluk. Сұлтан Бейбарыс» қойылымы Чехов фестиваліне қатысады

    02.07.2025
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Жұма, 11 июля
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Қазақстандық оқушылар Таиландтағы әлем чемпионатында ел намысын қорғады

      05.07.2025

      Кәкен Қамзин қартайған шағында жалғыз үйінен айрылмақ

      05.07.2025

      Қазақ рухы Мәскеу сахнасында: «Mamluk. Сұлтан Бейбарыс» қойылымы Чехов фестиваліне қатысады

      02.07.2025

      Алматы встречает иностранных туристов памятными подарками: открытие прямого рейса Шанхай — Алматы

      01.07.2025

      Қарқара жайлауындағы Қымызмұрындық тойы ұлттық рухты көтеретін ұлы той

      27.06.2025
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Әке – отбасының тірегі: Мойынқұмда тағылымды кездесу өтті

      15.06.2025

      Көлсайда “Парктер шеруі-2025” қорытындыланды

      05.06.2025

      «Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алады

      21.05.2025

      Тәңіртаудың етегі — шаруашылық мекені

      21.05.2025

      Меркіде зияткерлік ойын жеңімпазы анықталды

      15.03.2025
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » «Қасиетті қазақ елі» халықаралық өнер фестиваліне 9 елден қатысушылар тіркелген

    «Қасиетті қазақ елі» халықаралық өнер фестиваліне 9 елден қатысушылар тіркелген

    Мәдениет 11.08.2022
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов «Қасиетті қазақ елі» халықаралық өнер фестивалінің қатысушыларымен кездесті.

    Аймақ басшысы өз сөзінде шараның маңыздылығына тоқталып, оның тарихы терең Тараз төрінде өтуі үлкен мәртебе екендігін атап өтті.

    — Тәуелсіздік жылдары қаншама қандас бауырларымыз елге, Отанға оралып, мемлекет қамқорлығына алынды. Оның 79,3 мыңы біздің облысқа қоңыстанды. Ағымдағы жылдың өзінде өңірге қоныс аударған 350 отбасының 474 адамына қандас мәртебесі берілді.

    Бүгінде сырттағы ағайын-бауырлармен мәдени-рухани байланыстарды жандандырудың түрлі жолдары қалыптасуда. Оның бір дәлелі – өздеріңіз қатысқалы отырған «Қасиетті қазақ елі» халықаралық өнер фестивалі.

    Фестивальге әлемнің 9 елінен 35 өнерпаз бауырымыз қатысуда.

    Былтыр аталған фестиваль Кереку жерінде ұйымдастырылса, биыл Әулиеата аймағында өткелі отыр. Алыстағы ағайынды құшақ жая қарсы алу – Жамбыл облысы жұртшылығы үшін үлкен мәртебе.

    Бірегей ұлт қалыптастыру бүгінгі Жаңа Қазақстан саясатының ұстанымы, — дей келе Нұржан Нұржігітов фестиваль жұмысына сәттілік тілеп, қатысушыларға алғысын жеткізді.

    Бұдан соң «Отандастар қорының» президенті Абзал Сапарбекұлы, Өзбекстан Республикасы делегациясын бастап келген Мейрамбек Әбдіқалиев, Ресей Федерациясы делегациясын бастап келген Арман Байзуллаевтер сөз алып,  тарихи Тараздың бүгінгі жарқын келбеті туралы ойларын ортаға салып, алған әсерлерімен бөлісті. Сондай-ақ, олар халықаралық өнер фестивалінің өтуіне қолдау білдірген облыс басшылығына деген ризашылықтарын білдірді.

    Айта кетейік, «Қасиетті қазақ елі» халықаралық өнер фестивалі әр елдегі қазақ ұлты өкілдерінің шығармашылық және ағартушылық әлеуетін арттыру, талантты азаматтарды анықтау және қолдау, ұлттық өнерді дамыту, өскелең ұрпаққа атажұртты таныстыру мақсатына негізделген.

    Оқылып жатыр

    Қазақ рухы Мәскеу сахнасында: «Mamluk. Сұлтан Бейбарыс» қойылымы Чехов фестиваліне қатысады

    02.07.2025

    Қарқара жайлауындағы Қымызмұрындық тойы ұлттық рухты көтеретін ұлы той

    27.06.2025

    Әке – отбасының тірегі: Мойынқұмда тағылымды кездесу өтті

    15.06.2025

    Көлсайда “Парктер шеруі-2025” қорытындыланды

    05.06.2025
    Соңғы жаңалықтар

    Қазақстандық оқушылар Таиландтағы әлем чемпионатында ел намысын қорғады

    05.07.2025

    Кәкен Қамзин қартайған шағында жалғыз үйінен айрылмақ

    05.07.2025

    Қазақ рухы Мәскеу сахнасында: «Mamluk. Сұлтан Бейбарыс» қойылымы Чехов фестиваліне қатысады

    02.07.2025

    Алматы встречает иностранных туристов памятными подарками: открытие прямого рейса Шанхай — Алматы

    01.07.2025

    Қарқара жайлауындағы Қымызмұрындық тойы ұлттық рухты көтеретін ұлы той

    27.06.2025

    Әке – отбасының тірегі: Мойынқұмда тағылымды кездесу өтті

    15.06.2025

    Моңғолияда тоғызқұмалақтан халықаралық жарыс өтті

    13.06.2025

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2025 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.