Понедельник, 21 сентября

Қауіпсіздік кеңесі хатшылығының меңгерушісі тағайындалды, — деп хабарлайды Қазақстанның Тұңғыш Президентінің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай.

«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасының, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесі Төрағасының шешімімен Шоқан Жанатұлы Елшібеков Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік кеңесі хатшылығының меңгерушісі болып тағайындалды», — деп жазды Айдос Үкібай Twitter желісіндегі парақшасында.

Бұған дейін Шоқан Елшібеков ҚР Қауіпсіздік кеңесі хатшылығы меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарған.

Exit mobile version