Close Menu
    Оқылып жатыр

    Қазақстанда орташа жалақы — 340 мың теңге

    03.04.2026

    Жақсылық Омар 6 жылға сотталды

    03.04.2026

    Ұзақбай Құлымбетов мұрасы ұлықталды

    03.04.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Суббота, 4 апреля
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Қазақстанда орташа жалақы — 340 мың теңге

      03.04.2026

      Жақсылық Омар 6 жылға сотталды

      03.04.2026

      Ұзақбай Құлымбетов мұрасы ұлықталды

      03.04.2026

      Елде бензин мен дизель бағасы қымбаттайды

      03.04.2026

      Қазақстан билігі Мемлекеттік күзет қызметі ескертусіз қару қолдануға болатын заң қабылдамақшы

      03.04.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Атырау мұнай өңдеу зауытына 520 млн айыппұл салынды

      02.04.2026

      Түркістанда бейнебақылау камераларын қиратқан екі адам ұсталды

      30.03.2026

      Каспийдің Ақтау маңындағы жағалауында аққулар қырылып жатыр

      25.03.2026

      Алматы облысында бірнеше саяжай ауыл мәртебесін алуда

      17.03.2026

      Ұлттық киіммен дауыс берген университет ұжымы

      15.03.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Халыққа статистикалық көрсеткіштер емес, нақты жұмыстардың нәтижесі керек

    Халыққа статистикалық көрсеткіштер емес, нақты жұмыстардың нәтижесі керек

    Өңір тынысы 03.08.2022
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтің төралығымен өткен кеңесте балық шаруашылығын дамыту, күл-қоқысты жинақтау, сұрыптау және өңдеу мәселелері талқыланды.

    Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының  орынбасары Айбар Әділбақов күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша баяндама жасап, атқарылған жұмыстарға тоқталды.

    Оның айтуынша, қазіргі таңда облыс аумағында 142 жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындары және республикалық маңызы бар Балқаш көлінің 18 учаскесі бар. Бүгінгі күнде 78 жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындары 69 табиғат пайдаланушыларға бекітіліп берілген.

    Дегенмен, 64 балық шаруашылығы су айдындары әлі күнге бос тұр. Бұлар жыл соңына дейін Шу-Талас облысаралық балық шаруашылығы инспекциясымен бірлесіп бекітіліп берілетін болады.

    Бүгінгі күні Инспекция 7 балық шаруашылығы су айдынын бекітіп беру бойынша аукцион өткізуде.

    Жамбыл облысының балық шаруашылығын дамыту өңірлік бағдарламасы сәйкес облыста 2025 жылы тауарлы балық аулау көлемін 3000 тоннаға, 2030 жылы 8000 тоннаға жеткізу көзделген.

    Ал, ағымдағы жылы облысымыздың аумағындағы су айдындарында 464,3 тонна тауарлы балық өндіру жоспарланып отыр.

    — Біз мұндай қарқынмен көзделген нәтижеге жете алмаймыз. Кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтарының атқарған жұмыстарын айтып отырсыздар? Салалық басқарманың, Шу-Талас облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының ұстанымы, көзқарасын көрінбейді. 64 су айдыны жыл соңына дейін бекітіліп береді дегенге де сену қиын.

    Жол картасының орындалуы бойынша талдау жүргізілмеген. Субсидияның игерілуі де көңіл көншітпейді. Нақты жоспар, ұсыныс жоқ,-деді Нұржан Нұржігітов.

    Басқосуда аймақ басшысы күн тәртібіндегі екінші мәселе ретінде қаралған қоқыстарды шығару, өндеу  жұмыстарын да сынға алды.

    Аталған басқарманың мәліментінше, бүгінгі таңда облыста барлығы 163 полигон және қоқыс төгуге арналған үйінділер жұмыс істеуде. Қалдықтарды жинау, тасымалдау және сұрыптау қызметтерімен айналысатын 43 мекемелер жұмыс жасауда. Олар 191 арнайы техникамен қамтылған.

    Алайда, ағымдағы жылдың маусым айында ғарыштық мониторинг нәтижелері бойынша облыс аумағында 48 стихиялық қоқыс орны анықталған десек, олардың барлығы күнде толығымен жойылған. Солай бола тұра, осы жылы 27 шілдеде тағы қосымша 35 кездейсоқ орын анықталып, ол үйінділерді жою кестесі бекітіліп аудандарға жіберіліпті.

    — Кездейсоқ қоқыс орындарын жою, болдырмау – басты талап. Ол үшін тұрғындар арасында жан-жақты түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет. Бұл тұрғыда жүйелі жұмыс болса, мұндай келеңсіздіктерге жол берілмейді.

    Статистикалық көрсеткіштерге негізделген баяндаманы оқып берудің қажеті жоқ. Халыққа нақты атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижесі керек.

    Мәселелердің бар екенін ашық айту керек. Ал оларды шешу бойынша қандай шаралар қабылданып жатыр? Арнайы алгоритм, іс-шаралар жоспары, белгіленген индикатор бар, оның орындалуы қай деңгейде? Жұмыстың негізгі бағыты осы болу керек,-деді облыс әкімі.

    Екі мәселе бойынша да атқарылып жатқан жұмыстарға қанағаттанбаған Нұржан Нұржігітов бұл тақырыптардың бір аптадан соң қайта қаралатынын баса айтты. Балық өнімінің көлемін арттыруға үлкен септігін тигізетін болады.                                                                            

    Оқылып жатыр

    Атырау мұнай өңдеу зауытына 520 млн айыппұл салынды

    02.04.2026

    Түркістанда бейнебақылау камераларын қиратқан екі адам ұсталды

    30.03.2026

    Каспийдің Ақтау маңындағы жағалауында аққулар қырылып жатыр

    25.03.2026

    Алматы облысында бірнеше саяжай ауыл мәртебесін алуда

    17.03.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Қазақстанда орташа жалақы — 340 мың теңге

    03.04.2026

    Жақсылық Омар 6 жылға сотталды

    03.04.2026

    Ұзақбай Құлымбетов мұрасы ұлықталды

    03.04.2026

    Елде бензин мен дизель бағасы қымбаттайды

    03.04.2026

    Қазақстан билігі Мемлекеттік күзет қызметі ескертусіз қару қолдануға болатын заң қабылдамақшы

    03.04.2026

    Тапқан табыс пен шығын сәйкес келмесе 10% салық төлеуіңіз мүмкін

    02.04.2026

    15 жастағы қазақ баласы «Барселона» клубымен шартқа қол қойды

    02.04.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.