Close Menu
    Оқылып жатыр

    Дүниежүзілік банк Қазақстанға 600 млн доллар бөледі

    16.03.2026

    Талғардың бұрынғы әкімі қазір таксист болып жүр

    16.03.2026

    Әйелін сабаған Рахат Тұрлыхановты полиция ұстады

    16.03.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Вторник, 17 марта
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Дүниежүзілік банк Қазақстанға 600 млн доллар бөледі

      16.03.2026

      Талғардың бұрынғы әкімі қазір таксист болып жүр

      16.03.2026

      Әйелін сабаған Рахат Тұрлыхановты полиция ұстады

      16.03.2026

      Қазақстанның туы әлемдегі «ең әдемі ту» атағын жеңді

      16.03.2026

      Референдум күні Қазақстанда 585 бала дүниеге келді

      16.03.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Ұлттық киіммен дауыс берген университет ұжымы

      15.03.2026

      Субсидия сұмдығы: Түркістан облысында заңсыздық әшкере болды

      13.03.2026

      Жамбыл облысында заңсыз кітап сатқандар сотталды

      13.03.2026

      Семейдегі балалар орталығы отқа оранды, зардап шеккендер жоқ

      04.03.2026

      Атырауда 15 жастағы оқушы жоғалды

      26.02.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » «Көк түтін»: Алматыда ауа ластануы халықты алаңдатып отыр

    «Көк түтін»: Алматыда ауа ластануы халықты алаңдатып отыр

    Басты тақырып 08.12.2025
    Игорь Ефимов
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Кейінгі күндері алматылықтар ауаның айтарлықтай ластанғанын айтып, көк тұман мен жағымсыз иіске шағымдана бастады. Бұл жағдайды «Қазгидромет» РМК-да растап отыр, деп хабарлайды Tarazy.kz

    Мамандардың айтуынша, Алматыда қолайсыз метеорологиялық жағдайлар жиілеп кеткен. Яғни, атмосферада жел азайып, ауа қозғалысы баяулап қалған. Мұндай кезде қаладағы түтін, шаң, көліктен және зауыттардан шығатын зиянды заттар жоғары көтерілмей, жерге жақын қабатта тұрып қалады.

    Ауадағы инверсия деген не?

    Инверсия — қаланың үстін қымтап, ластануды сыртқа шығармайтын табиғи “қақпақ”.

    Әдетте жылы ауа жоғары көтеріліп, суық ауа төменде болады. Ал инверсия кезінде керісінше, суық ауа төменгі қабатта қалың қабат болып тұрады да, жылы ауа жоғарыда қалады.

    Салдарынан зиянды заттар таралмай, бір жерде жиналып, ауа табиғи түрде тазармайды. Нәтижесінде, тыныс алу да ауырлай түседі.

    Ауа сапасының нашарлауы Алматыда ғана емес, еліміздің бірнеше қаласында да күтілетіні айтылды. Оның қатарында, Орал, Ақтөбе, Атырау, Жезқазған, Балқаш, Астана бар.

    Дәрігерлер мен экологтар кеңесі

    Қолайсыз күндері тұрғындарға ашық ауада, әсіресе автожол маңында ұзақ жүрмеу ұсынылады.

    Созылмалы өкпе, жүрек-қан тамырлары, аллергиясы бар жандарға қажет дәрі-дәрмектерін өзімен бірге алып жүру ұсынылады.

    Зиянды бөлшектер тәулік бойы ауада қалай таралады?

    Climate Trace ұйымы Алматыдағы ірі нысандардан ауаға таралатын зиянды заттардың тәулік бойы қалай қозғалатынын көрсететін арнайы бейнемодель жариялады. Жоба туралы Almaty Air Initiative қорының жоба менеджері Равкат Мұхтаров Telegram-арнасында мәлімдеді.

    Оның айтуынша, Climate Trace 2023 жылғы мәліметтерді пайдаланып, Алматыдағы ЖЭО-1, ЖЭО-2 және ЖЭО-3 (ЖЭО — Жылу электр орталығы) сияқты негізгі ластаушы нысандардан шығатын PM2.5 бөлшектерінің (PM2.5 – көзге көрінбейтін, өте ұсақ шаң-тозаң, өкпенің ең терең бөлігіне дейін еніп кететін зиянды бөлшектер) таралуын модельдеген.

    “Бейнемодельден желсіз, ластану деңгейі жоғары күндері қаланың үстіндегі зиянды шаң-тозаң қалай жинақталып, қалай қозғалатыны айқын көрінеді. Қанша көп қызғылт нүкте болса, дәл сол жерде ластану деңгейі жоғары деген сөз. Бұл – біз күні бойы жұтып жүрген ауа”, — деп жазды Мұхтаров.

    Алдағы жоспар қандай?

    Бұған дейін қала әкімдігі Алматының жаңа даму бағдарламасын таныстырды. Онда экологияны жақсарту басты бағыттардың бірі ретінде қарастырылған.

    Басты шаралар:

    • 100 км ұзындықтағы жаңа BRT желісі іске қосылады. Бұл қоғамдық көлік жүктемесін екі есе арттырып, қозғалыс жылдамдығын 15%-ға өсіреді.

    • LRT салу және 20 км жаңа метро желілерін іске қосу басталады.

    • Экологиялық аймақтар енгізіліп, ТЭЦ-2 мен ТЭЦ-3 толықтай газға көшіріледі.

    • Күніне 2 мың тонна қоқыс өңдеп, жылына 60 МВт энергия өндіретін елдегі алғашқы қалдықты энергияға айналдыру зауыты салынуда.

    Әкімдіктің айтуынша, осы кешенді шаралар 2028 жылға қарай Алматыдағы ауа ластануын екі есеге төмендетеді.

    Алматы лас ауа экология

    Оқылып жатыр

    Дүниежүзілік банк Қазақстанға 600 млн доллар бөледі

    16.03.2026

    Талғардың бұрынғы әкімі қазір таксист болып жүр

    16.03.2026

    Әйелін сабаған Рахат Тұрлыхановты полиция ұстады

    16.03.2026

    Қазақстанның туы әлемдегі «ең әдемі ту» атағын жеңді

    16.03.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Дүниежүзілік банк Қазақстанға 600 млн доллар бөледі

    16.03.2026

    Талғардың бұрынғы әкімі қазір таксист болып жүр

    16.03.2026

    Әйелін сабаған Рахат Тұрлыхановты полиция ұстады

    16.03.2026

    Қазақстанның туы әлемдегі «ең әдемі ту» атағын жеңді

    16.03.2026

    Референдум күні Қазақстанда 585 бала дүниеге келді

    16.03.2026

    Түркістанда автобус толы адамның бірнеше учаскеде дауыс берген видеосы тарады

    16.03.2026

    Астанада референдумнан хабар таратпақ болған журналистер ұсталды

    15.03.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.