Close Menu
    Оқылып жатыр

    Шымкентте білім беру саласында 2000-ға жуық жасырын вакансия анықталды

    29.01.2026

    Өзбекстан құрамасындағы қазақ боксшы енді Қазақстан атынан өнер көрсетуі мүмкін

    29.01.2026

    Алматыда жасөспірім ғимараттан құлап, мерт болды

    29.01.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Пятница, 30 января
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Шымкентте білім беру саласында 2000-ға жуық жасырын вакансия анықталды

      29.01.2026

      Алматыда жасөспірім ғимараттан құлап, мерт болды

      29.01.2026

      ҚазТАГ басшысы Әсет Матаев қамауға алынбайтын болды

      28.01.2026

      Алматы облысында аудан әкімінің орынбасары ұсталды: ҰҚК ресми мәлімдеме жасады

      27.01.2026

      Алматыда екі тұрғын үй кешенінің құрылысы тоқтатылды

      27.01.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Жетісу ауданында бұрынғы өндірістік алаңдар негізінде шағын индустриялық парктер пайда болады

      29.01.2026

      Жетісуда студенттер ЖИ көмегімен туризм мен болашақ қаланы көрсетті

      27.01.2026

      Алматы облысының Кеген ауылында жаңа өрт сөндіру депосы ашылды

      26.01.2026

      Алматыда қар тазалау жұмыстары күшейтілген режимде жүргізілуде

      24.01.2026

      Абай тағылымы – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың зияткерлік құндылығы

      24.01.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Көлсайда “Парктер шеруі-2025” қорытындыланды

    Көлсайда “Парктер шеруі-2025” қорытындыланды

    Жаңалықтар 05.06.2025
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    «Көлсай көлдері» МҰТП «Парктер шеруі-2025» табиғат қорғау акциясы аясында 85 іс-шара өткізіліп, 685 ағаш отырғызылды, 168 ұя орнатылды, 5,3 тонна қоқыс шығарылды. Шараларға 4252 адам қатысты. Бұл туралы Көлсай көлінде өткен акцияның қорытынды жиынында белгілі болды.

    Көлсай көлінде өткен қорытынды жиын мектеп оқушыларының қолөнер бұйымдары мен суреттерінің көрмесінен басталды. Оқушылар табиғатты қорғау, экология тақырыбында 50-ден астам туынды ұсынды. Олардың ең үздігін кәсіпкер Қанат Өскенов сатып алды. Қалған сурет, қолөнер бұйымдары «Көлсай көлдері» МҰТП музейіне қойылмақ. Жиында үздік суреттер мен қолөнер бұйымдарының авторлары, сонымен қатар, табиғат туралы өз шығармашылығынан өлең шығару, би конкурстарының да жеңімпаздары арнайы сыйлықтарға ие болды.

    Оқушылардың туындыларынан көрме

    Биыл 19-рет өткізілген Парктер шеруіне Кеген ауданындағы 16 мектеп белсене қатысқан. Олардың ішінде ең белсенді 6 мектепті «Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің директоры Бақыт Жүнісов арнайы сыйлықтармен марапаттады. Атап айтқанда, Кеген аймағы бойынша Іңкәрбек Жұмағұлов атындағы орта мектеп 1 орын, Бөлексаз орта мектебі 2 орын, Қарқара орта мектебі 3 орынға, Жалаңаш аймағы бойынша Жамал Ермегияев атындағы орта мектеп, А.Түркебаев атындағы  мектеп-лицейі, Майлы Орманов атындағы орта мектебі 1,2,3 орындарға ие болды.

    Кеген ауданының әкімі Нұрбақыт Теңізбаев

    Жиында акцияға демеушілік көмек көрсеткен ЖК «Мақсат», ЖК «Албан», «Арн Групп» ЖШС-не, «Pana» ЖШС-не, ЖК Бұлақбаева, «JS Travel» ЖШС-не, ЖК «НұрСая», НП Көлсай ЖШС-не, ЖК «Тілемісов», «Saf Group De» ЖШС-не де Ұлттық парк басшылығы алғыс білдірді.

    Қорытынды жиынға Кеген ауданының әкімі Нұрбақыт Теңізбаев, «Өрлеу»  Алматы облысы бойынша кәсіби даму институтының директоры Қайсар Нұрлыбаев, Кеген ауданы орман шаруашылығы мекемесінің директоры Айболат Әскербекұлы және мектеп оқушылары мен БАҚ өкілдері қатысты.

    Төменгі Көлсай

    Айта кетейік, 22 наурыз бен 05 маусым аралығында республика бойынша қорықтар мен ұлттық парктер арасында «Парктер шеруі» акциясы өтеді. Акцияның мақсаты — ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың өзекті мәселелеріне адамзаттың жанашырлық көзқарасын қалыптастыру. Акция кезінде түрлі байқаулар, дөңгелек үстел, экологиялық акциялар  (тазалық жұмыстары, ағаш отырғызу, бұлақ көздерін тазалау), тақырыптық көрмелер мен концерттер ұйымдастырылды.

    «Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі 2007 жылдан бері акция аясында туған жер тарихы мен мәдениетін насихаттауға, табиғатқа деген сүйіспеншілікті арттыруға бағытталған шараларды ұйымдастырып келеді.

    Туристер мен келушілерге қолайлы жағдай жасау мақсатында абаттандыру мен цифрландыру жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде. 2024 жылы Алматы облысы туризм басқармасынан Қайыңды көлінен 450 м. баспалдақ жолдар салу үшін қаражат бөлініп жасалды. Оған дейін Көлсай көлі маңында баспалдақ жолдар салынған. Көлсай бақылау өткізу пунктінде картамен төлем қабылдау жүйесі іске қосылды. Қайыңды бақылау өткізу бекетіне электронды шлагбаум орнатылды. Төменгі Көлсай көліне 3 жерге тұрмыстық қатты қалдықтарды жинақтайтын қалқалар жасалды. 

    Ұлттық парк аумағындағы Санитарлық гигиеналық тораптар саны — 11. Көлсай көлінде – 6, Қайыңды көлінде — 5 данасы орнатылған.

    Төменгі Көлсай көліндегі авто тұрақтан көлдің жағасына дейінгі жолдарға 8 дана көше жарықтандыру шамдары орнатылады.

    Төменгі Көлсай көліне ТОО «Freedom» компаниясы 9 дана Сергек және 15 дана бейнебақылау камерасын орнатты.

    «Көлсай көлдері» МҰТП аумағында «Жасыл даму» бағдарламасы пилоттық жобасы жүзеге асырылуда. Мақсаты — ерекше қорғалатын табиғи аумақта тазалықты сақтау, адамдардың  табиғатқа деген қарым-қатынасын өзгерту болып табылады.Төменгі Көлсай көліне қатты тұрмыстық қалдықтарды іріктеп жинауға арналған 2 дана фандомат, 14 дана күл-қоқыс жинайтын үлкен контейнер, 10 дана баннер, 3 дана әр түрлі қоқыс салатын жәшік орнатылып және 120 мың  дана био ыдырайтын пакеттер берілді.

    Ұлттық парк аумағына келген демалушыларға маршрут пен жүріп өту үшін арнайы 9 туристік маршруттың ұлы телефон арқылы жүріп өтуге арналған офлайн картасы жасалды. «Көлсай көлдері МҰТП 2025 жылдың жазғы туризм маусымына дайын.

    Кеген ауданы Көлсай көлсай көлдері қоршаған орта парктер шеруі табиғат туристік маусым экология

    Оқылып жатыр

    Шымкентте білім беру саласында 2000-ға жуық жасырын вакансия анықталды

    29.01.2026

    Алматыда жасөспірім ғимараттан құлап, мерт болды

    29.01.2026

    Жетісу ауданында бұрынғы өндірістік алаңдар негізінде шағын индустриялық парктер пайда болады

    29.01.2026

    «Ұрлаған ақшаны қайтартады, түрмеге жабады» – Әбенов жеке мектептер туралы

    28.01.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Шымкентте білім беру саласында 2000-ға жуық жасырын вакансия анықталды

    29.01.2026

    Өзбекстан құрамасындағы қазақ боксшы енді Қазақстан атынан өнер көрсетуі мүмкін

    29.01.2026

    Алматыда жасөспірім ғимараттан құлап, мерт болды

    29.01.2026

    Жетісу ауданында бұрынғы өндірістік алаңдар негізінде шағын индустриялық парктер пайда болады

    29.01.2026

    Президенттің баспасөз хатшысы ауысты

    29.01.2026

    «Қазақстандық банк арқылы көршілес елден басқа мемлекеттерге 7 трлн теңге аударылған» — Тоқаев

    28.01.2026

    Өнерге адалдық — өмірлік таңдау

    28.01.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.