Понедельник, 21 сентября

Танганьика провинциясында жолаушылар мен қалайы рудасы тиелген жүк көлігі аударылып кеткен

© Stefan Kleinowitz/ZUMAPRESS.com/Global Look Press

Конго Демократиялық Республикасындағы қайғылы жол апатынан 22 адам қаза тапты, деп жазады News.ru.

Елдің оңтүстік-шығысындағы Танганьика провинциясының Манано аумағында қалайы рудасы тиелген жүк көлігі аударылып, соның салдарынан 22 адам қаза тапқан.

Полицияның мәлімдеуінше, ауыр жарақат алған тағы онға жуық адам хал үстінде жатыр.

Exit mobile version