Close Menu
    Оқылып жатыр

    В Анкаре прошла международная конференция на тему возвращения в Западный Азербайджан

    22.05.2025

    «Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алады

    21.05.2025

    Тәңіртаудың етегі — шаруашылық мекені

    21.05.2025
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Жексенбі, 1 июня
    • Басты
    • Жаңалықтар

      В Анкаре прошла международная конференция на тему возвращения в Западный Азербайджан

      22.05.2025

      «Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алады

      21.05.2025

      Алматыда «Қазақстан-Әзірбайжан» халықаралық форумы өтті

      13.05.2025

      Алматыда екі бірдей BRT желісінің құрылысы басталды

      05.05.2025

      Астанада Жаңа салық кодексін талқылаған форум өтті

      30.04.2025
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      «Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алады

      21.05.2025

      Тәңіртаудың етегі — шаруашылық мекені

      21.05.2025

      Меркіде зияткерлік ойын жеңімпазы анықталды

      15.03.2025

      Алматыда жол сапасы мен оны сараптауға қатысты оқыту семинары өтті

      03.03.2025

      Қызылордада алғашқы қазақстандық такси агрегаторы – APARU таныстырылды

      01.03.2025
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Медиаға ұлттық өлшем құралы керек – Өмірбек Сансызбай

    Медиаға ұлттық өлшем құралы керек – Өмірбек Сансызбай

    КӘСІПКЕР 31.08.2021
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Қазақстандағы медиа жыл санап дамып, жаңа сипат алып келеді. Қазнетте өзіндік аудиториясын қалыптастырып үлгерген ақпарат құралдары да бар. Соның бірі – massaget.kz жастар порталы. Жастарға арналған танымдық сайтта күн сайын пайдалы контент жарияланып келеді. Мұның мәдениетіміз бен өскелең жастың таным көкжиегін дамытуға әсері зор. Осы жайында порталдың бас редакторы Өмірбек Сансызбайдан сұрап білген едік.

    Өмірбек Сансызбай 1992 жылы Түркістан облысында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология және әлем тілдері факультетін бітірген. Massaget.kz сайтына бас редактор болғанына 3 жылдан асқан. Ал жалпы медиа саласындағы еңбек өтілі 10 жылға жетіп жығылады. Осы уақыт аралығындағы «Жетістік тарихы» да жетерлік. Соның бір парасы ретінде биылғы «Үркер» ұлттық сыйлығын айтуға болады. Ал сайтпен жеткізген жетістіктері бір төбе.

    Ұрпақтар сабақтастығын және Қазақстан халқының дәстүрлерін танымал етуді қамтамасыз ету – бүгінгі бір міндетіміз. Сол міндет жолында Өмірбек бастаған редакцияның көтеріп келе жатқан жүгі де жеңіл емес. Сондай-ақ биыл порталдың құрылғанына 10 жыл толып отыр.

    — Биыл біздің сайттың құрылғанына 10 жыл толады. 10 жыл деген аз да, көп те уақыт емес. Осы кезеңде өзіндік аудиториясын қалыптастырып, жастардың сүйікті порталына айнала білді. Алдағы уақытта да осы бағытта жұмысымызды жалғастыра түсетін боламыз, — дейді.

    Жаңа медиа журналистиканы жаңа белеске көтерді десек қателеспейміз. Дәстүрлі БАҚ-ты ығыстырғандай да көрінеді. Бұл жайында кейіпкеріміздің көзқарасы қандай?

    — Жаңа медиа – заман талабы. Ол дәстүрлі БАҚ-ты ығыстырды деп айтуға келіңкіремейді. Газет пен журнал да жарыққа шығып келеді. Жаңа медиа дәстүрлі медианы жалғаушы, жаңа заман құралы. Бір-бірінен бөліп жаруға келмейді, — дейді.

    Қазіргі жаңа медиа мәдениеті жайлы түрлі сыни пікірлер де айтылады. Проблемасы да жоқ емес. Сайттар жұмысына қатысты қолға алынар істер де аз емес.

    — Медиа мәдениеті қашан да мән маңызға ие. Қарапайым журналистік этиканы сақтамаудың өзі көп сынға ұшыратуы мүмкін. Ақырын жүріп, анық баспасаң – қателік аяқ астында. Сыннан сабақ алуға тырысамыз. Ал қазіргі біздің медиаға өлшем құралы керек деп санаймын. Бұрын көбі zero.kz жүйесіне қарайтын. Кейіннен көп сайттар бас тартты. Одан өзге де бірнеше жүйе болған. Қарқын ала алмады. Қазір көбі Ресейдің liveinternet.ru жүйесіне қарап жүр, — дейді Өмірбек.

    Медиа маман салалық журналистика жайлы да сөз қозғады. Кейінгі уақытта осыған көбірек көңіл бөліне бастағаны қуантады.

    — Қазақ медиасындағы маңызды бағыт, әрі проблеманың бірі – салалық журналистика. Себебі әр сала бойынша жілігін шағып, майын ішетін мамандар аса көп емес. Сондықтан да кейінгі кездері салалық журналистиканың дамуы мен мамандар дайындау ісіне баса көңіл аударыла бастағаны қуантады. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі қолдауымен түрлі меморандумдар нәтижесінде салалық журналистика мамандарын дайындайтын курстар ұйымдастырылуда. Енді медиамызда сапалы салалық сайттар саны да артса құба-құп болар еді, — дейді.

    Өмірбектің медиа саласына келуі де кездейсоқ емес. Бұл саладағы қадамын спорт журналистикасынан бастаған. Ал сауатты сапалы контент ұсыну – басты қағидасы. Бұл жайында ұстазы, филология ғылымдарының докторы Дина Әлкебаева былай дейді:

    — Жас шәкірт болып келгеннен ерекше жазу шеберлігімен көзге түсті. Спортқа қатты қызығатын. Осы тақырып төңірегінде жазатын да. Оның жазғандары тұщымды әрі сауатты болды. Журналистикаға бет бұрады деп сендім. Бүгінде сол үддеден шығып та жүр. Диплом жұмысын менен алды. Қазіргі интернеттегі сауаттылық, сөз қателері жайлы тақырыбын сәтті қорғап шықты. Берлиндегі Гумбольдт университетінде тәжірибеден өтіп келді. Мұның бәрі жұмысына зор тәжірибе болды деп айта аламын.

    Медиа саласы күн сайын қарқын алып, жаңа құралдармен толығып келеді. Осы салада еңбектеніп жүрген жастың ісіне тек сәттілік тілейміз.

    Мақала Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының «Ұрпақтар сабақтастығын және Қазақстан халқының дәстүрлерін танымал етуді қамтамасыз ету жөніндегі шаралар кешенін іске асыру» мемлекеттік гранты аясында «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің қолдауымен «Жетістіктің тарихы» іс шара жоспарына сәйкес әзірленді.

    Оқылып жатыр

    Астанада Жаңа салық кодексін талқылаған форум өтті

    30.04.2025

    Алматыда салық форумы: Жаңа салық реформасынан қорқуға болмайды

    23.04.2025

    Кәсіпкер Дулат Тастекей өзгеше челлендж бастады

    23.04.2025

    «Шағын және орта бизнесті құрдымға кетіру»: Алматылылық кәсіпкерлер президентке үндеу жолдады

    26.03.2025
    Соңғы жаңалықтар

    В Анкаре прошла международная конференция на тему возвращения в Западный Азербайджан

    22.05.2025

    «Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алады

    21.05.2025

    Тәңіртаудың етегі — шаруашылық мекені

    21.05.2025

    Алматыда «Қазақстан-Әзірбайжан» халықаралық форумы өтті

    13.05.2025

    Алматыда екі бірдей BRT желісінің құрылысы басталды

    05.05.2025

    Астанада Жаңа салық кодексін талқылаған форум өтті

    30.04.2025

    Зәкіржан Кузиев “Парасат” орденімен марапатталды

    24.04.2025

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2025 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.