Close Menu
    Оқылып жатыр

    Абай университеті әлем үздіктерінің қатарында

    26.03.2026

    Қазақ еліне +1 банк: БАӘ-нің ірі қаржы ұйымы Қазақстан нарығына қосылмақ

    26.03.2026

    Иран Ормуз бұғазын «ақылы» етуді көздейді

    26.03.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Пятница, 27 марта
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Абай университеті әлем үздіктерінің қатарында

      26.03.2026

      Қазақ еліне +1 банк: БАӘ-нің ірі қаржы ұйымы Қазақстан нарығына қосылмақ

      26.03.2026

      Иран Ормуз бұғазын «ақылы» етуді көздейді

      26.03.2026

      Kinopark – Kinoplexx кинотеатрлар желісінде заңбұзушылықтар анықталды

      26.03.2026

      Батыс Қазақстанға тағы да дрон түсті

      26.03.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Каспийдің Ақтау маңындағы жағалауында аққулар қырылып жатыр

      25.03.2026

      Алматы облысында бірнеше саяжай ауыл мәртебесін алуда

      17.03.2026

      Ұлттық киіммен дауыс берген университет ұжымы

      15.03.2026

      Субсидия сұмдығы: Түркістан облысында заңсыздық әшкере болды

      13.03.2026

      Жамбыл облысында заңсыз кітап сатқандар сотталды

      13.03.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Медицина қызметкерлеріне зорлық-зомбылық көрсеткендерге жаза күшейеді

    Медицина қызметкерлеріне зорлық-зомбылық көрсеткендерге жаза күшейеді

    Жаңалықтар 25.12.2025
    ru.freepik.com
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Сенат медицина қызметкерлері мен жедел жәрдем жүргізушілерін қорғауға бағытталған заң жобасын екі оқылымда мақұлдап, оны Президентке жолдады. Құжат денсаулық сақтау саласының қызметкерлеріне қатысты зорлық-зомбылық оқиғаларына тосқауыл қоюды және олардың еңбек қауіпсіздігін күшейтуді көздейді, деп хабарлайды Tarazy.kz

    Сенат атап өткендей, заңның қабылдануы медицина қызметкерлері мен жедел жәрдем көлігінің жүргізушілеріне құқықтық қорғаныс беріп қана қоймай, олардың кәсіби міндетін қауіпсіз ортада атқаруына мүмкіндік жасап, медициналық қызмет сапасына оң ықпал етпек.

    Жаңа нормаларға сәйкес, Қылмыстық кодекс 380-3-баппен ( Медицина қызметкеріне немесе жедел жәрдем көлігінің жүргізушісіне күш қолдану немесе күш қолдану қатерін төндіру) толықтырылды. Енді мұндай әрекеттер үшін жаза едәуір қатаңдатылды.

    Атап айтқанда, медицина қызметкеріне немесе жедел жәрдем бригадасының жүргізушісіне күш қолданамын деп қорқытқан азаматтарға 200-ден 500 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл, сол мөлшерде түзеу жұмыстары, 300 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстар, не екі жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе айыру жазасы қарастырылған. Ауырлататын мән-жайларда бұл мерзім екі жылдан үш жылға дейін ұлғаяды.

    Өмірі мен денсаулығына қауіпті емес күш қолдану фактілері үшін 500-ден 1000 АЕК-ке дейін айыппұл, 600 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстар немесе екі жылдан үш жылға дейін бас бостандығын шектеу не айыру жазасы қолданылады. Ал мұндай әрекет ауырлататын жағдайларда жасалса, жаза үш жылдан жеті жылға дейін қатаңдатылады.

    Өмірі мен денсаулығына қауіпті күш қолданғандар бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Ауырлататын мән-жайлар болған жағдайда бұл мерзім жеті жылдан он екі жылға дейін ұзартылуы мүмкін.

    Сенат қабылдаған заң медицина саласы қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және олардың мәртебесін күшейтуге бағытталған маңызды қадам ретінде бағаланып отыр.

    жаза зорлық медицина

    Оқылып жатыр

    Абай университеті әлем үздіктерінің қатарында

    26.03.2026

    Қазақ еліне +1 банк: БАӘ-нің ірі қаржы ұйымы Қазақстан нарығына қосылмақ

    26.03.2026

    Иран Ормуз бұғазын «ақылы» етуді көздейді

    26.03.2026

    Kinopark – Kinoplexx кинотеатрлар желісінде заңбұзушылықтар анықталды

    26.03.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Абай университеті әлем үздіктерінің қатарында

    26.03.2026

    Қазақ еліне +1 банк: БАӘ-нің ірі қаржы ұйымы Қазақстан нарығына қосылмақ

    26.03.2026

    Иран Ормуз бұғазын «ақылы» етуді көздейді

    26.03.2026

    Kinopark – Kinoplexx кинотеатрлар желісінде заңбұзушылықтар анықталды

    26.03.2026

    Батыс Қазақстанға тағы да дрон түсті

    26.03.2026

    Қазақстан бидай экспортын арттырды: үлес 13,8%-ға дейін өсті

    26.03.2026

    Дрон шабуылы Қазақстанды 3,8 млн тонна мұнайдан айырды

    26.03.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.