Close Menu
    Оқылып жатыр

    Моңғолияда тоғызқұмалақтан халықаралық жарыс өтті

    13.06.2025

    Алматыда жас мамандарды жұмыспен қамту комиссиясының отырысы өтті

    12.06.2025

    Шерзат Болат ісі бойынша сот үкімі шықты

    05.06.2025
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Жұма, 13 июня
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Алматыда жас мамандарды жұмыспен қамту комиссиясының отырысы өтті

      12.06.2025

      Шерзат Болат ісі бойынша сот үкімі шықты

      05.06.2025

      Көлсайда “Парктер шеруі-2025” қорытындыланды

      05.06.2025

      ЖОО-да тоғызқұмалақ спортынан кәсіби мамандар дайындалады

      04.06.2025

      В Анкаре прошла международная конференция на тему возвращения в Западный Азербайджан

      22.05.2025
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Көлсайда “Парктер шеруі-2025” қорытындыланды

      05.06.2025

      «Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алады

      21.05.2025

      Тәңіртаудың етегі — шаруашылық мекені

      21.05.2025

      Меркіде зияткерлік ойын жеңімпазы анықталды

      15.03.2025

      Алматыда жол сапасы мен оны сараптауға қатысты оқыту семинары өтті

      03.03.2025
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Мойынқұмда Жомарт түлек форумы қалай өтті?

    Мойынқұмда Жомарт түлек форумы қалай өтті?

    Өңір тынысы 26.05.2021
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Жамбыл облысының әр ауданында «Жомарт түлек» форумдары өтіп жатыр. Мақсаты — өз ауылына, өз мектебіне қол ұшын созып, керегін алып беріп, стипендия тағайындап жүрген азаматтардың онлайн/оффлайн форматта басын қосу. Осындай бір шара Мойынқұм ауданында пандемияға байланысты барлық талаптар ескеріле отырып, ұйымдастырылды, — деп хабарлайды Tarazy.kz.

    Қайырымдылық шараларын, меценаттықты үзбей атқарып жүрген мойынқұмдықтар арасында айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева, «Тараз» триосының солисі Асылхан Шүңіреков, Исабеков Бәкір, Бейсебаев Бәкен, Жазықбаев Жайдар және тағы басқа азаматтар алды баспанаға мұқтаж жандарға үй алып берген болса, басқалары аз қамтылған отбасыларға азық-түлігін, отын-суымен көмектесіп келеді, сондай-ақ стипендия тағайындап жатқандары да бар. Шамамен шараға арнайы шақырылған 40-тан аса түлектің жас аралықтары да әртүрлі (30-65 аралығында), біреулері жас болса да бас болып көмек көрсетуден аянып қалған емес. Ал материалдық тұрғыдан Жомарт түлектердің барлығы дерлік бай-бақуатты не шенді қызметте отыр деуге келмейді, қарапайым жандар да қайырымдылықтан ада емес.

    Посмотреть эту публикацию в Instagram

    Публикация от Tarazy.kz (@tarazy.kz)

    Шақырылған қонақтың тең жартысы онлайн режимде қатысты. Ал шараға арнайы келгендердің арасында әнші Асылхан Шүңіреков болды. Әнші өз заманы мен бүгінді салыстырып, кем-кетіктеріне тоқталды.

    «Мен 1975 жылы сегізінші сыныптан соң Мойынқұм ауылындағы СПТУ 62-ге оқуға түстім. Оған дейін Қылышбай ауылындағы Карл Маркс мектебінде білім алдым. 1978 жылы түлеп ұштық. Міне 43 жыл өтіпті. Сыныптастарым, әсіресе қыздар жағы жан-жаққа тарап кетті. Ауылда шаруа қожалығын ұстап отырған сыныптастарым бар. Қазіргі оқушыларға қараймын да «ай мыналардан патриот шықпайды-ау» деп ойлаймын. Өйткені біздің кезде идеология мықты еді. Оқушы болсақта қызметте жүргендей, өсу бар еді. «Октябряттан» «Пионерге» жету, одан кейін «Комсомолға» жету, одан «Партияға», содан кейін ғана қызметке кету. Оның арасында әскерге барып келу бар. Осылайша отансүйгіштікті бала кезден сіңірдік. Жалпы әр нәрсенің жақсысын алу керек қой. Ал қазіргі жастардың ойы шетелде оқу, сонда жұмыс істеу, ауылға келетін, көтеретін жастарды аз көремін. Әрине бұл менің ойым», — дейді «Тараз» триосының солисі Асылхан Шүңіреков.

    Әншінің айтуынша, мәселе көмектің қанша қаражатпен бағаланатынында емес, маңыздылығында. Жомарт түлек форумы осындай меценаттар елге, билікте жүрген азаматтарға, қалталы азаматтарға үлгі болса деген ниет білдірді.

    «Менің анам, Жәмиля Ахметова өзім оқыған Қылышбай ауылындағы мектепте кезінде директор болды. Сол кісінің атынан оқушыларға стипендия тағайындауды қолға алдым. Оқушыларды ғана емес мұғалімдерді де қамтысақ деген ойдамыз. Енді анамның атынан жыл сайын Олимпиада ұйымдастырсақ деген ниеттемін, оқушылардың білімін шыңдап, қаржылай сыйлықтарымыз болады. Оны қазір мектеп әкімшілігімен ақылдасу үстіндеміз», — деп түйіндеді Асылхан Шүңіреков.

    Оқылып жатыр

    Көлсайда “Парктер шеруі-2025” қорытындыланды

    05.06.2025

    «Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алады

    21.05.2025

    Тәңіртаудың етегі — шаруашылық мекені

    21.05.2025

    Меркіде зияткерлік ойын жеңімпазы анықталды

    15.03.2025
    Соңғы жаңалықтар

    Моңғолияда тоғызқұмалақтан халықаралық жарыс өтті

    13.06.2025

    Алматыда жас мамандарды жұмыспен қамту комиссиясының отырысы өтті

    12.06.2025

    Шерзат Болат ісі бойынша сот үкімі шықты

    05.06.2025

    Көлсайда “Парктер шеруі-2025” қорытындыланды

    05.06.2025

    ЖОО-да тоғызқұмалақ спортынан кәсіби мамандар дайындалады

    04.06.2025

    В Анкаре прошла международная конференция на тему возвращения в Западный Азербайджан

    22.05.2025

    «Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алады

    21.05.2025

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2025 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.