Close Menu
    Оқылып жатыр

    В Анкаре прошла международная конференция на тему возвращения в Западный Азербайджан

    22.05.2025

    «Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алады

    21.05.2025

    Тәңіртаудың етегі — шаруашылық мекені

    21.05.2025
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Жұма, 30 Мамыр
    • Басты
    • Жаңалықтар

      В Анкаре прошла международная конференция на тему возвращения в Западный Азербайджан

      22.05.2025

      «Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алады

      21.05.2025

      Алматыда «Қазақстан-Әзірбайжан» халықаралық форумы өтті

      13.05.2025

      Алматыда екі бірдей BRT желісінің құрылысы басталды

      05.05.2025

      Астанада Жаңа салық кодексін талқылаған форум өтті

      30.04.2025
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      «Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алады

      21.05.2025

      Тәңіртаудың етегі — шаруашылық мекені

      21.05.2025

      Меркіде зияткерлік ойын жеңімпазы анықталды

      15.03.2025

      Алматыда жол сапасы мен оны сараптауға қатысты оқыту семинары өтті

      03.03.2025

      Қызылордада алғашқы қазақстандық такси агрегаторы – APARU таныстырылды

      01.03.2025
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Меркіде “иппотерапия” бөлімі ашылды

    Меркіде “иппотерапия” бөлімі ашылды

    Өңір тынысы 04.12.2021
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Меркі аудандық мүгедек балаларды оңалту және бейімдеу орталығында аудандар арасында алғашқы “иппотерапия” бөлімі ашылды. Мұнда қазіргі таңда 25 мүмкіндігі шектеулі бала сапалы білім, саналы тәрбиемен қатар тиісті емін алып отыр.

    Оған Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Баубеков Жорабек Нұрмергенұлы қатысып, құттықтау сөзінде «Елімізде мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қолдау бойынша бірқатар үлкен ауқымды жұмыстар жүріп жатыр. Облысымызда 45 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі азаматтар бар, оның ішінде 6300-і бүлдіршіндер. Осы бағытта облыс әкімі Бердібек Мәшбекұлының тапсырмасына сай әр ауданда мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған бейімдеу және оңалту орталықтары жұмыс жасауда. Осы «Меркі аудандық мүгедек балаларды оңалту және бейімдеу орталығы» 2018 жылы ашылып, сол уақыттан бері біршама бүлдіршіндер орталықтың шипасына қол жеткізіп, қазіргі таңда үлкен жұмыстар жүріп жатыр. Осы жаңа қолданып отқан тәсілдің бірі «Иппотерапия». «Иппотерапияның» шипасы зор. Барша ұжымды, ата- аналарды құттықтаймын, — деп ізгі-тілегін білдірді.

    Посмотреть эту публикацию в Instagram

    Публикация от Меркі Ауданы Әкімдігі (@merke.info)

    Аталған орталық 2018 жылы ашылған болатын. Орталықта енді ауыл балалары да атқа мініп ем қабылдайтын болды.

    Облысымызды бүгінгі күні 45 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі азаматтарымыз бар. Оның ішінде 6300-і балалар. Облыс әкімінің өңіріміздегі әр ауданда мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған бейімдеу және оңалту орталықтары болуы керек деген тапсырмасына сәйкес бірқатар ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр.

    – Осындай орталықтардың игі жұмысының арқасында биыл облыс бойынша 17 бала орта мектепке баруға мүмкіндік алды. Мұның өзі де түпкі нәтижеге қол жеткізіп жатқанымыздың бір көрінісі деп айтуға болады. Бұл бағыттағы жұмыстардың тағы бір нәтижелі көрінісі ретінде Меркі аудандық мүгедек балаларды оңалту және бейімдеу орталығында қазіргі жаңа қолданыстағы тәсілдің бірі иппотерапия бөлімішесі ашылып отырғандығын айтуға болады. Осылайша орталық өз жұмыс ауқымын, саласын кеңейтуде,-дейді жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Жорабек Баубеков.

    Әрмен қарай аудан әкімінің орынбасары Берік Бегалиев және «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының бірінші орынбасары Күлайым Жексембіқызы жиналған көпшілікті құттықтап, осы иппотерапияның балалардың тезірек сауығып кетуіне ықпал ететініне сенім білдіріп, бұл игі істің жүзеге асуына қолдау көрсеткен облыс басшылығына алғыс білдіріп, жаңа бастамаға сәттілік тіледі.

    Жалпы аумағы 1406,0 шаршы метрді құрайтын орталықта қазіргі таңда 25 бала тәрбиеленуде. Оларға 30 маман қызмет көрсетеді.

    Салтанатты сәтте Nur Otan партиясы Меркі аудандық филиалы  төрағасының бірінші орынбасары Гүлайым Шағатаева, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қамбар Иманалиев, ата-аналар сөз сөйлеп, алғыстарын жеткізді.

    Ұлым осы орталықта тәрбиеленіп отыр. Осындағы ата-аналардың қай-қайсысы да баламыз ауырмасын деп жүрген жандармыз. Орталық қызметкерлері балаларымыздың азамат болып қалыптасуына барынша атсалысып келеді. Енді міне ауданымызда алғаш рет иппотерапия бөлімшесі ашылып, қуанышымызды еселеп тастады. Оған қолдау білдірген, біздің балаларымыз секілді мүмкіндігі шектеулі перзенттерін тәрбиелеп отырған барлық ата-аналардың атынан әрдайым қамқорлық танытып жүретін Елбасымызға, Мемлекет басшысына, облыс әкіміне үлкен алғыс айтамыз. Балаларымыз орталыққа келгелі бері қимыл қозғалысы өзгеріп, жақсы нәтижеге жетіп келеді. Иппотерапия балаларымызға ем болсын. Атқа мінген балаларымыз аттай шауып кетсін,-дейді ауыл тұрғыны Дамира Бекзакова.

    Меркі ауданы

    Оқылып жатыр

    «Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алады

    21.05.2025

    Тәңіртаудың етегі — шаруашылық мекені

    21.05.2025

    Меркіде зияткерлік ойын жеңімпазы анықталды

    15.03.2025

    Алматыда жол сапасы мен оны сараптауға қатысты оқыту семинары өтті

    03.03.2025
    Соңғы жаңалықтар

    В Анкаре прошла международная конференция на тему возвращения в Западный Азербайджан

    22.05.2025

    «Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алады

    21.05.2025

    Тәңіртаудың етегі — шаруашылық мекені

    21.05.2025

    Алматыда «Қазақстан-Әзірбайжан» халықаралық форумы өтті

    13.05.2025

    Алматыда екі бірдей BRT желісінің құрылысы басталды

    05.05.2025

    Астанада Жаңа салық кодексін талқылаған форум өтті

    30.04.2025

    Зәкіржан Кузиев “Парасат” орденімен марапатталды

    24.04.2025

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2025 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.