Бірінші сынып оқушысын кәмелетке толмаған оқушы мотоциклмен қағып кетті, — деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
10 қыркүйек сағат 20:10 да Қобда ауданында Racer 110N мотоциклінің кәмелетке толмаған 9 сынып оқушысы Әбілқайыр хан көшесі 41-інші үйдің жанында жаяу жүргіншілер жолымен өтіп бара жатқан мектеп оқушысын қақты», — делінген хабарламада.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккен бірінші сынып оқушысын Қобда аудандық орталық ауруханаға жеткізілді.
«Осыған орай, ата-аналарға балаларына мұқият болуды, көлік құралдарын жүргізуге рұқсат бермеуін сұраймыз», — делінген хабарламада.