Close Menu
    Оқылып жатыр

    Алматылық «Қайрат» Грекияның «Олимпиакосынан» ұтылып қалды

    10.12.2025

    Ақтөбеде ер адам қызғаныштан әйелін пышақтап тастаған

    10.12.2025

    Түркістан облысында бас дәрігер бюджет қаражатын жымқырып, пәтер сатып алған

    10.12.2025
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Среда, 10 декабря
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Алматылық «Қайрат» Грекияның «Олимпиакосынан» ұтылып қалды

      10.12.2025

      Ақтөбеде ер адам қызғаныштан әйелін пышақтап тастаған

      10.12.2025

      Түркістан облысында бас дәрігер бюджет қаражатын жымқырып, пәтер сатып алған

      10.12.2025

      Нұрбол Назарбаев өзін банкрот деп тану туралы өтініш берген: сот не шешті?

      09.12.2025

      Алматы облысында жол апатынан екі жүргізуші мен екі жолаушы қаза тапты

      09.12.2025
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Хан тәңірі етегі — чемпиондар мекені

      17.11.2025

      Өртте жоғалған өмірлік құжаттар 28 жылдан кейін қайта рәсімделді

      28.10.2025

      Алматы облысында тұңғыш рет дрон шоу өтті

      25.10.2025

      Қонаев қаласында жанға жайлы аялдамалар пайда болды

      16.10.2025

      «Қонаев-Күрті» автомобиль жолының жарты бөлігінде құрылыс жұмыстары толық аяқталды

      28.09.2025
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Нұрбол Назарбаев өзін банкрот деп тану туралы өтініш берген: сот не шешті?

    Нұрбол Назарбаев өзін банкрот деп тану туралы өтініш берген: сот не шешті?

    Басты тақырып 09.12.2025
    ашық дереккөз
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені Нұрбол Назарбаев өзін банкрот деп тану жөнінде сотқа өтініш берген. Алайда сот арқылы ресми түрде банкрот атану оған әзірге мүмкін болмай отыр, деп хабарлайды Tarazy.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

    Биыл қыркүйек айында Нұрбол Назарбаев сотқа жеке тұлғаны банкрот деп тану туралы арыз жолдаған. Өтініш қабылданып, «соттық банкроттық процедурасын қолдану туралы» азаматтық іс қозғалды.

    Одан кейін қазан айында Shishkin Like Telegram-арнасы Нұрбол Назарбаевтың 15 қыркүйектен бастап борышкер ретінде тіркелгенін хабарлаған еді. Берешек сомасы – 57 миллиард теңге. Сол кезде оның барлық банк шоттары бұғатталып, мүлкіне тыйым салынғаны, сондай-ақ компаниялардағы үлестеріне шектеу қойылғаны айтылды. Бұған қоса, оған елден шығуға тыйым салынған.

    Соттың баспасөз қызметі Назарбаевтың өтініші қараусыз қалғанын хабарлады.

    «2025 жылғы 19 қарашадағы анықтамаға сәйкес, Назарбаев Нұрбол Болатұлының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру процедурасын қолдану туралы арызы қараусыз қалдырылды», – делінген жолданған жауапта.

    Осылайша, экс-президенттің жиені әзірге ресми түрде банкрот болып, төлем қабілеттілігін қалпына келтіруге қол жеткізе алмады.

    Айта кетейік, банкроттық – қарызын өтей алмай қалған жеке тұлға немесе компанияның заңды түрде борыштан құтылу тетігі. Сот арқылы банкроттық рәсімі жүргізілген жағдайда, борышкердің мүлкі сатылып, түскен қаражат қарызды өтеуге жұмсалады. Мүлік жетпеген жағдайда қалған қарыздар заңға сай кешірілуі мүмкін.

    банкроттық Болат Назарбаев сот шешімі

    Оқылып жатыр

    Алматылық «Қайрат» Грекияның «Олимпиакосынан» ұтылып қалды

    10.12.2025

    Ақтөбеде ер адам қызғаныштан әйелін пышақтап тастаған

    10.12.2025

    Түркістан облысында бас дәрігер бюджет қаражатын жымқырып, пәтер сатып алған

    10.12.2025

    Алматы облысында жол апатынан екі жүргізуші мен екі жолаушы қаза тапты

    09.12.2025
    Соңғы жаңалықтар

    Алматылық «Қайрат» Грекияның «Олимпиакосынан» ұтылып қалды

    10.12.2025

    Ақтөбеде ер адам қызғаныштан әйелін пышақтап тастаған

    10.12.2025

    Түркістан облысында бас дәрігер бюджет қаражатын жымқырып, пәтер сатып алған

    10.12.2025

    Нұрбол Назарбаев өзін банкрот деп тану туралы өтініш берген: сот не шешті?

    09.12.2025

    Алматы облысында жол апатынан екі жүргізуші мен екі жолаушы қаза тапты

    09.12.2025

    Қарағанды облысында 16 жастағы жасөспірім 14 жастағы баланы әдейі өртеген

    08.12.2025

    «Грэмми» жүлдесін алған тұңғыш қазақстандық музыкант «Құрмет» орденімен марапатталды

    08.12.2025

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2025 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.