Close Menu
    Оқылып жатыр

    Қазақстанда орташа жалақы — 340 мың теңге

    03.04.2026

    Жақсылық Омар 6 жылға сотталды

    03.04.2026

    Ұзақбай Құлымбетов мұрасы ұлықталды

    03.04.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Суббота, 4 апреля
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Қазақстанда орташа жалақы — 340 мың теңге

      03.04.2026

      Жақсылық Омар 6 жылға сотталды

      03.04.2026

      Ұзақбай Құлымбетов мұрасы ұлықталды

      03.04.2026

      Елде бензин мен дизель бағасы қымбаттайды

      03.04.2026

      Қазақстан билігі Мемлекеттік күзет қызметі ескертусіз қару қолдануға болатын заң қабылдамақшы

      03.04.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Атырау мұнай өңдеу зауытына 520 млн айыппұл салынды

      02.04.2026

      Түркістанда бейнебақылау камераларын қиратқан екі адам ұсталды

      30.03.2026

      Каспийдің Ақтау маңындағы жағалауында аққулар қырылып жатыр

      25.03.2026

      Алматы облысында бірнеше саяжай ауыл мәртебесін алуда

      17.03.2026

      Ұлттық киіммен дауыс берген университет ұжымы

      15.03.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Нұржан Нұржігітов: Ауылдағы барлық мәселелер кешенді түрде шешілуі тиіс

    Нұржан Нұржігітов: Ауылдағы барлық мәселелер кешенді түрде шешілуі тиіс

    Өңір тынысы 02.08.2022
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Республикалық және жергілікті жобалардың мүмкіндіктерін тиімді пайдаланып, ауылдардағы мәселелерді кешенді түрде шешуге күш салу керек. Тараз қаласы және аудан әкімдері мен басқарма басшылары қатысқан кеңесте Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов осылай деді.

    Басқосуда экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Гүлдана Жауынбекова алдағы жылға арналған бюджет, «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы, «Асарлатып үй салу», тұрғындардың тұрмыстық табысын арттыру пилоттық жобаларының орындалу барысы туралы баяндады.

    Жамбыл облысы тұрғындарының тұрмыстық табысын арттыру бойынша пилоттық жобасы қазіргі таңда 14 ауылдық окрукте іске асуда десек, ағымдағы жылы тағы 10 ауылдық округке қаржы бөлу қарастырылуда.

    Облыс әкімі «Ауыл-Ел бесігі» жобасының талаптарына сәйкес ағымдағы жылы пилоттық жоба негізінде жүзеге асқалы отырған 10 ауылдық округтегі елді мекендерді кешенді дамыту мақсатында 2023 жылдың бюджетіне берілген өтінімдерді қайта қарап, қаржыны сол ауылдарға бағыттау керектігіне назар аудартты.

    — Біз бұл жобалардың мүмкіндігін әр ауылда тиімді пайдалануға тиіспіз. Жергілікті тұрғындардың тұрмысын жақсартуға, ауылдағы әлеуметтік мәселелерді де қатар шешу барынша көңіл бөлу керек. Барлық жұмыстардың кешенді түрде орындалуы маңызды. Ол үшін пилоттық жобаға енген округтердегі өзекті мәселелерді талдап, шешу бойынша ұсыныстар әзірлеңіздер. Ауыз су, газ тарту, әлеуметтік нысандармен қамту бойынша жобалық сметалық құжаттарды тезірек дайындауға көңіл бөліңіздер, — деген Нұржан Нұржігітов аудандар мен басқармаларға бірлесіп жұмыс жүргізуді тапсырды.

    Айта кетейік, ағымдағы жылға тапсырылған өтінімдерге сәйкес, барлық 24 ауылдық округтегі 37 ауылдық елді мекенде жалпы
    9 565,1 млн. теңгеге 63 жоба іске асырылуда.

    Аймақ басшысы жобалар бойынша ЖСҚ әзірлеп, бюджетке өтінім берудегі белсенділігі төмен аудандардан жауаптар алды.

    — Біз жұмысқа деген мұндай көзқараспен тұрғындардың жағдайын жақсартып, мәселелерді шешуде қандайда бір нәтиже жете алмаймыз,-деді облыс әкімі.

    Жиында «Асарлатып үй салу» жобасының орындалу жайы да талқыланды.

    Биыл бұл жоба бойынша баспанаға мұқтаждарға 121 үй салып беру жоспарланған десек, оның бүгінге дейін 18-і пайдалануға берілген.

    Аудан әкімдері жыл соңына дейін қалған барлық үйлер толығымен тапсырылады деп сендірді.

    — «Асарлатып үй салу жобасының» түпкі мақсатын ұмытпаңыздар! Ол – жергілікті тұрғындарды ауылдастары үшін жаңа үйдің құрылысына жұмылдырып, бірлікке, қайырымдылыққа, мейірімділікке үндеуге негізделген.

    Кейбір аудандарда ескі, бос үйлерді сатып алып, жөндеуден өткізіп жатқандар бар. Оны да игі іс ретінде атап өтуге болады. Демеушілер есебінен атқарылатын бұл жұмыстарды да құптаймыз. Дегенмен, ата-бабаларымыздың ізгі дәстүрін жаңғыртқан жобаның басты тәрбиелік мәні – кейінгі ұрпаққа үлгі болуы тиіс,-деді Нұржан Нұржігітов.

    Жиын қорытындысымен аудан әкімдері мен басқарма басшыларына нақты міндеттер жүктелді.

    Оқылып жатыр

    Атырау мұнай өңдеу зауытына 520 млн айыппұл салынды

    02.04.2026

    Түркістанда бейнебақылау камераларын қиратқан екі адам ұсталды

    30.03.2026

    Каспийдің Ақтау маңындағы жағалауында аққулар қырылып жатыр

    25.03.2026

    Алматы облысында бірнеше саяжай ауыл мәртебесін алуда

    17.03.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Қазақстанда орташа жалақы — 340 мың теңге

    03.04.2026

    Жақсылық Омар 6 жылға сотталды

    03.04.2026

    Ұзақбай Құлымбетов мұрасы ұлықталды

    03.04.2026

    Елде бензин мен дизель бағасы қымбаттайды

    03.04.2026

    Қазақстан билігі Мемлекеттік күзет қызметі ескертусіз қару қолдануға болатын заң қабылдамақшы

    03.04.2026

    Тапқан табыс пен шығын сәйкес келмесе 10% салық төлеуіңіз мүмкін

    02.04.2026

    15 жастағы қазақ баласы «Барселона» клубымен шартқа қол қойды

    02.04.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.