Close Menu
    Оқылып жатыр

    Қазақстанда орташа жалақы — 340 мың теңге

    03.04.2026

    Жақсылық Омар 6 жылға сотталды

    03.04.2026

    Ұзақбай Құлымбетов мұрасы ұлықталды

    03.04.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Суббота, 4 апреля
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Қазақстанда орташа жалақы — 340 мың теңге

      03.04.2026

      Жақсылық Омар 6 жылға сотталды

      03.04.2026

      Ұзақбай Құлымбетов мұрасы ұлықталды

      03.04.2026

      Елде бензин мен дизель бағасы қымбаттайды

      03.04.2026

      Қазақстан билігі Мемлекеттік күзет қызметі ескертусіз қару қолдануға болатын заң қабылдамақшы

      03.04.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Атырау мұнай өңдеу зауытына 520 млн айыппұл салынды

      02.04.2026

      Түркістанда бейнебақылау камераларын қиратқан екі адам ұсталды

      30.03.2026

      Каспийдің Ақтау маңындағы жағалауында аққулар қырылып жатыр

      25.03.2026

      Алматы облысында бірнеше саяжай ауыл мәртебесін алуда

      17.03.2026

      Ұлттық киіммен дауыс берген университет ұжымы

      15.03.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Нұржан Нұржігітов: Бірде-бір инвестордың ұсынысы назардан тыс қалмауы керек

    Нұржан Нұржігітов: Бірде-бір инвестордың ұсынысы назардан тыс қалмауы керек

    КӘСІПКЕР 29.06.2022
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен инвестициялық штабтың кезекті отырысы өтті. Оған бірқатар инвесторлар келіп, өздерінің ұсыныстары мен мәселелерін білдірді.  Ұсыныстар қатарында магний нитраты және магний сульфатын өндіретін зауыт салу, CaF2 — флюорит концентратын өндіру бойынша тау-кен байыту комбинатының құрылысын жүргізу, сүт фермасы, ауыл шаруашылығын цифрлық несиелеуге қатысты және тағы басқа жобалар болды, — деп хабарлайды Тarazy.kz тілшісі.

    Аймақ басшысы барлық ұсынылған жобалардың болашағы мен нәтижелігіне қатысты сұрақтар жолдап, жауаптар алды. Тиісті тұлғаларға нақты міндеттер жүктеп, назарға алу, зерделеу, қажетті қолдауларды көрсету үшін жан-жақты жұмыстар жүргізуді тапсырды.

    Айта кетейік, бұған дейін инвестициялық штабтың  бес отырысы өткен болатын десек, басқосуда сол кеңестерде облыс әкімімен берілген хаттамалық тапсырмалардың орындалуы жайы қаралды. Ол туралы кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Аспандияр Сейсебаев баяндады.

    Өткен кеңестерде барлығы 30 жоба қаралса, оның 14-і жаңа,  қалғаны іске асып жатқан жобалар. Ол жобалар бойынша жалпы 69 хаттамалық тапсырма берілсе, қазіргі таңда 28 тапсырма орындалған, 41-і орындалу барысында. Ұсынылған жобалар толығымен жүзеге асқан жағдайда 2500 жұмыс орны ашылып, жалпы 48,4 млрд. теңге салықтық түсімдер түседі деп күтілуде.

    Облыс әкімі тапсырмалардың орындалу барысындағы кейбір мәселелер бойынша бірқатар басқармалар мен аудан әкімдерінің жеке-жеке жауаптарын тыңдады.

    — Басқармалар мен аудан әкімдіктері тығыз байланыста жұмыс жасау қажет. Өзара үйлесімді әрекет, ортақ түсінік пен көзқарас болған жағдайда ғана нәтижеге қол жеткіземіз.

    Штаб жұмысы тұрақты түрде әрі нәтижелі жалғасуы маңызды. Бірде-бір инвестор мен олардың жобалары назардан тыс қалмауы керек.  Барлық ұсыныстар ескеріліп, мәселелерді шешу бойынша жұмыстар жүргізілуі тиіс,-деді Н. Нұржігітов.

    Оқылып жатыр

    Атырау мұнай өңдеу зауытына 520 млн айыппұл салынды

    02.04.2026

    Түркістанда бейнебақылау камераларын қиратқан екі адам ұсталды

    30.03.2026

    Каспийдің Ақтау маңындағы жағалауында аққулар қырылып жатыр

    25.03.2026

    Алматы облысында бірнеше саяжай ауыл мәртебесін алуда

    17.03.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Қазақстанда орташа жалақы — 340 мың теңге

    03.04.2026

    Жақсылық Омар 6 жылға сотталды

    03.04.2026

    Ұзақбай Құлымбетов мұрасы ұлықталды

    03.04.2026

    Елде бензин мен дизель бағасы қымбаттайды

    03.04.2026

    Қазақстан билігі Мемлекеттік күзет қызметі ескертусіз қару қолдануға болатын заң қабылдамақшы

    03.04.2026

    Тапқан табыс пен шығын сәйкес келмесе 10% салық төлеуіңіз мүмкін

    02.04.2026

    15 жастағы қазақ баласы «Барселона» клубымен шартқа қол қойды

    02.04.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.