Close Menu
    Оқылып жатыр

    Алматыда БАҚ өкілдері Satbayev University зертханаларымен танысты

    29.08.2025

    67 шақырымдық жол учаскесі жыл соңына дейін пайдалануға беріледі

    28.08.2025

    Таудағы тазалық: Жолсапа ұжымы Алмаарасанда сенбілік жасады

    23.08.2025
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Среда, 10 сентября
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Алматыда БАҚ өкілдері Satbayev University зертханаларымен танысты

      29.08.2025

      67 шақырымдық жол учаскесі жыл соңына дейін пайдалануға беріледі

      28.08.2025

      Таудағы тазалық: Жолсапа ұжымы Алмаарасанда сенбілік жасады

      23.08.2025

      “Көлсай көлдері” орман өртінен қалай қорғанады?

      19.08.2025

      Ыстықкөлде тоғызқұмалақтан халықаралық турнир аяқталды

      19.08.2025
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      67 шақырымдық жол учаскесі жыл соңына дейін пайдалануға беріледі

      28.08.2025

      «Тиімді коммуникациялар және азаматтық белсенділермен ынтымақтастық» атты семинар-тренинг өтті

      07.08.2025

      Іле-Алатау паркінің жаңа тынысы: экотуризм қалай дамып жатыр?

      02.08.2025

      Әке – отбасының тірегі: Мойынқұмда тағылымды кездесу өтті

      15.06.2025

      Көлсайда “Парктер шеруі-2025” қорытындыланды

      05.06.2025
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Меркі ауылының оңтүстігінде көп қабатты тұрғын үйлер салынады

    Меркі ауылының оңтүстігінде көп қабатты тұрғын үйлер салынады

    Өңір тынысы 09.08.2022
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Аймақ басшысы Нұржан Нұржігітов Меркі ауданына іссапармен барып, ондағы бірқатар өнеркәсіптік, ауылшаруашылығы және әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысты.

    Алдымен Аспара ауылында болған аймақ басшысы елді мекендегі 220 орынды №2 мектептің жағдайын көрді. Ертеректе жатақхана болып, кейінірек білім ордасына айналған оқу ошағында қазір екі ауысымда 300-ге жуық бала білім алуда.  Бұған қосымша, мектептің бір бөлігінде 50 бүлдіршін тәрбиеленуде.

    Мектеп директоры Бауыржан Мамырбаевтың айтуынша, іргетасы 1986 жылы қаланған ғимараттың орнына 150 орындық жаңа мектеп бой көтерсе, бұл нысан болашақта балабақша ретінде пайдаланылмақ.

    Келесі кезекте Нұржан Нұржігітов Ақермен ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті. Ауылдықтар көкейлеріндегі өзекті сауалдарын жолдап, жауаптар алды.

    — Облыс аумағындағы барлық елді мекендерге, ондағы тұрғындарға қолайлы жағдай жасау – басты талап. Барлық мәселелер кезең-кезеңімен шешімін табады,-деген облыс әкімі ауылдықтарға пилоттық жоба аясында жеңілдетілген несие беру, ауылды абаттандыру жұмыстары жоспарланып отырғандығын жеткізді.

    Қазіргі таңда ауданда ауыл тұрғындарын тұрғын үймен қамтамасыз ету бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Меркі ауылының оңтүстік шетіндегі 77 және 32 гектар екі учаскеге көп қабатты үйлер салу үшін инфрақұрылымдық желілер тартылу үстінде.

    — Қазір ауданда тұрғын үй кезегінде 10 918 азамат тұр. Биыл жеке тұрғын үй құрылысы үшін 2015 жер учаскесін беру шаралары басталады. Сондай-ақ, осыған ұқсас жүздеген жер телімдері дайындалуда. Мысалы, Ақтоған ауылында 60 гектар және Сарымолдаев ауылында 21 гектар жер әзірлену үстінде, — деді аудан әкімі Жорабек Баубеков.

    Аймақ басшысы атқарылған жұмыстарға оң бағасын беріп, жергілікті атқамінерлерге жерді таратпас бұрын үміткерлерді мұқият тексеріп, жеке тұрғын үй құрылысына арналған алаңдар шынымен мұқтаж азаматтарға берілу қажеттігін баса айтты.

    Мұнан соң, облыс әкімі Меркі ауылындағы «Үміт» Оқушылар сарайына ат басын бұрды. Онда аудандық білім бөлімінің басшысы Айгерім Алтынбаева баяндама жасап, саланың жетістіктері мен мәселелері жөнінде есеп берді.

    — Биыл біз құны 422 миллион теңге болатын 640 оқушыға арналған №5 мектепке күрделі жөндеу жүргізуді жоспарлап отырмыз. Келесі жылы бұл тізімге төрт мектеп, 2024 жылы тағы үшеуі кіреді, — деді А.Алтынбаева.

    Нұржан Нұржігітов білім басқармасының басшысы Бейқұт Жамангөзовке мектеп салудағы туындаған мәселелерді жан-жақты зерделеп, облыстың жалпы тізіміне сәйкес басымдықтарды белгілеуді тапсырды.

    — Өңірдегі әрбір мектепте «Педагог-шебер» біліктілік санаты бар кемінде бір мұғалім жұмыс істеуі тиіс. Ал Меркі ауданында 36 мектепке барлығы 25 жоғары білікті мұғалім бар. Осыған назар аударыңыздар, — деді Н. Нұржігітов.

    №9 Меркі колледжін жыл сайын 160-200 түлек тәмамдайды. Олардың 89 пайызы жұмысқа орналасады.

    —  Өңірдегі 11 колледж ауыл шаруашылығы саласы үшін мамандар даярлайды. Алайда, жергілікті шаруалар жаңа кадрлардың, атап айтқанда дәнекерлеушілердің, тракторшылардың және агрономдардың жоқтығын айтуда. Сонда әлгі түлектер қайда кетіп жатыр? Осыған жан-жақты талдау қажет,- деді Нұржан Нұржігітов.

    Бұдан кейін өңір басшысы «Meralko» зауытының жұмысымен танысты. Зауытта бүгінде 75 адам еңбек етуде.

    Келесі кезекте облыс әкімі ауданның бас кәсіпорны саналатын «Меркі қант» зауытына барып, өндіріс орнының басшылығымен жергілікті қызылшаны қабылдауға деген дайындығын талқылады.

    Атап өту керек, өткен жылы жергілікті қызылшаның өндірістегі үлесі 39,2 пайыздан 52,3 пайызға дейін өсті. Осыған байланысты өңір басшысы Жамбыл ауданының 2000 гектары мен Байзақ ауданының 700 гектарынан қызылша қабылдауды ұйымдастырып, логистикалық байланыс орнатуды тапсырды. Биыл мұнда 200 мың тонна қант қызылшасы түседі деп күтілуде.

    Сондай-ақ, облыс әкімі Гранитогорск ауылындағы  «Bester Yard» ЖШС-нің балық және балық өнімдерін өңдеу жобасымен және көп балалы және аз қамтылған отбасыларға арналған мектеп-интернатынің жай-күйімен танысты.

    Мектеп директоры Динара Елемесова оқу корпусына да, жатақханаға да күрделі жөндеу жұмыстары қажеттігіне назар аудартты. Жобаның құны шамамен 221 миллион теңгені құрайды.

     Облыс әкімінің аудандағы жұмыс сапары әкімдікте өткен актив жиынында түйінделді.

    Басқосуда аудан әкімі Жорабек Баубеков атқарылып жатқан жұмыстар мен әлеуметтік мәселелерді шешу жоспары бойынша баяндама жасады.

    Аймақ басшысы жеке инвестициялық жобаларды жүзеге асыру, әр ауылда бір бағытта жұмыстар жүргізу, асар әдісімен үй салу, күл-қоқыстар шығару, субсидия беру шараларының орындалуына қатысты аудандық бөлімдер мен ауылдық округ әкімдерінен жеке-жеке жауаптар алды.

    — Мемлекет басшысының әр 10 мың адамға 100 жаңа жұмыс орнын ашу тапсырмасы міндетті түрде жүзеге асуы тиіс.

    Әкімдер ауылдағы әрбір ауланың жағдайымен жіті таныс болуы керек. Барлық отбасының тұрақты табыспен қамтылуы маңызды.

    Мемлекеттік қолдаулар мен көмектер әр ауылға, шаруалар мен кәсіпкерлерге жетуі керек. Бұл тұрғыдағы көрсеткіштер ауыл әкімдерінің іскерлігі мен ұйымдастыру қабілетінің деңгейін көрсетеді.

    Жұмысқа деген жаңаша көзқарас қажет. Халықтың тұрмысын арттыру, мәселесін шешу — басты талап, — деп түйіндеді Нұржан Нұржігітов.

    Оқылып жатыр

    67 шақырымдық жол учаскесі жыл соңына дейін пайдалануға беріледі

    28.08.2025

    «Тиімді коммуникациялар және азаматтық белсенділермен ынтымақтастық» атты семинар-тренинг өтті

    07.08.2025

    Іле-Алатау паркінің жаңа тынысы: экотуризм қалай дамып жатыр?

    02.08.2025

    Әке – отбасының тірегі: Мойынқұмда тағылымды кездесу өтті

    15.06.2025
    Соңғы жаңалықтар

    Алматыда БАҚ өкілдері Satbayev University зертханаларымен танысты

    29.08.2025

    67 шақырымдық жол учаскесі жыл соңына дейін пайдалануға беріледі

    28.08.2025

    Таудағы тазалық: Жолсапа ұжымы Алмаарасанда сенбілік жасады

    23.08.2025

    “Көлсай көлдері” орман өртінен қалай қорғанады?

    19.08.2025

    Ыстықкөлде тоғызқұмалақтан халықаралық турнир аяқталды

    19.08.2025

    Астанада мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған алғашқы спорт алаңы ашылды

    15.08.2025

    Алматыда жол құрылысына қолданылатын материалдардың сапасы жіті тексерілуде

    10.08.2025

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2025 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.