Close Menu
    Оқылып жатыр

    Қазақстанда орташа жалақы — 340 мың теңге

    03.04.2026

    Жақсылық Омар 6 жылға сотталды

    03.04.2026

    Ұзақбай Құлымбетов мұрасы ұлықталды

    03.04.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Суббота, 4 апреля
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Қазақстанда орташа жалақы — 340 мың теңге

      03.04.2026

      Жақсылық Омар 6 жылға сотталды

      03.04.2026

      Ұзақбай Құлымбетов мұрасы ұлықталды

      03.04.2026

      Елде бензин мен дизель бағасы қымбаттайды

      03.04.2026

      Қазақстан билігі Мемлекеттік күзет қызметі ескертусіз қару қолдануға болатын заң қабылдамақшы

      03.04.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Атырау мұнай өңдеу зауытына 520 млн айыппұл салынды

      02.04.2026

      Түркістанда бейнебақылау камераларын қиратқан екі адам ұсталды

      30.03.2026

      Каспийдің Ақтау маңындағы жағалауында аққулар қырылып жатыр

      25.03.2026

      Алматы облысында бірнеше саяжай ауыл мәртебесін алуда

      17.03.2026

      Ұлттық киіммен дауыс берген университет ұжымы

      15.03.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Облыс әкімі Жуалыдағы құрылыс жұмыстарын тексерді

    Облыс әкімі Жуалыдағы құрылыс жұмыстарын тексерді

    Өңір тынысы 28.07.2022
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов Жуалы ауданына жұмыс сапарымен барып, бірқатар нысандардың жай-күйімен танысып, құрылыстардың барысын тексерді.

    Ең алдымен аймақ басшысы Теріс ауылындағы ескі Мәдениет үйінің бос ғимаратын көрді. Бірнеше жыл жеке меншікте болып, қараусыз қалған нысан бүгінде тозығы жетіп, жөндеуге жарамсыз күйге түскен.

    Бұған дейін бұл мәселені көтерген тұрғындардың өтінішін ескерген облыс әкімі ескі ғимаратты бұзып, орнына жаңа нысан салу қажеттігін атап өтті. Ол бойынша құжаттама жұмыстарын уақыт созбай пысықтау үшін аудан әкімдігіне нақты міндеттер жүктеді.

    Бұдан соң іргедегі дүкенге тосыннан кірген Нұржан Нұржігітов азық-түлік бағаларын тексерді. Дүкен иесіне үстеме ақыны талапқа сай 15 пайыздан асырмау керектігін ескертті.

    Келесі кезекте облыс әкімі «Бақыт» шаруа қожалығына ат басын бұрды. Шаруашылық жетекшісі Қуанышбек Қалдыбеков «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы 38,8 млн тенге несиеге 31 бас «МонБильярд» асыл тұқымды мүйізді ірі қара малын алып келген. Чехиядан жеткізілген сиырлардың алғашқысы төлдеп, күндігіне 20 литрдей сүт беруде.

    Шаруа қожалықтың іргесіндегі суармалы алқапқа егілген құлпынай да айтарлықтай жеміс беруде.

    Бұл жұмыстарды оң бағалаған аймақ басшысы «бір ауыл – бір бағытта» жаппай еңбек етсе, тиімділік пен өнімділіктің артатынын қайталап айтты.

    «Ақсай» каналындағы бетондау жұмыстарын мердігер «Еламан» ЖШС орындауда. Қазіргі таңда 3 шақырымдық бетон плиталары ауыстырылса, қалғаны – 2 шақырымды құрайды. Канал арқылы 98 шаруа қожалық сумен қамтылады.

    Нұржан Нұржігітов шаруаларға қажетті су көлемін жеткізу – басты міндет екеніне назар аудартып, жұмыстарды қыркүйек айына дейін аяқтауды тапсырды.

    Облыс әкімі Қайрат ауылындағы №2 Мыңбұлақ орта мектебінің күрделі жөндеу шараларымен танысып, мердігерге құрылысты сапалы орындауды әрі 20 тамызға дейін толығымен аяқтау керектігін ескертті. Тиісті салалық басқармалар мен аудан басшылығына қатаң бақылауда ұстауды міндеттеді.

    Аудан орталығы саналатын Бауыржан Момышұлы ауылында 3 қабатты көппәтерлі үй жаңадан бой көтерген. 9 пәтерлі үйді аралап көрген облыс әкімі аумақтың көлемін ескеріп, мұндай тағы үш үй салу мүмкіндігіне көңіл бөлді. Соған сәйкес тартылып жатқан инженерлік желілердің, жылу қазандығының әлеуетін де кеңейту, құжаттарын реттеу бойынша жауаптыларға нақты тапсырмалар берді. Ол аудандағы тұрғын үй кезегінде тұрған  бірқатар азаматтардың баспана мәселесін шешуге ықпал етпек.

    Сондай-ақ, Қоңыртөбе ауылының тұрғындары таза ауыз судың игілігін көретін күн алыс емес. Елді мекенге тартылып жатқан ауыз су жүйесінің құрылысы осы жылдың аяғына дейін аяқталады деп күтілуде.

    Жалпы, аудандағы 49 елді мекеннің 31-і таза ауыз сумен қамтылған десек, қалған 18 ауылдың тұрғындары 2025 жылға дейін тіршілік нәріне түгелдей қолы жететін болады.

    Аймақ басшысы Боралдай ауылдық округіндегі «Алтынай» шаруа қожалығына да барды. Егін жинау ісіне қызу кіріскен шаруа қожалық әр гектарынан орташа есеппен 18 центнерден өнім алуда. Күздік бидайдан түсетін өнім көлемі де бұдан аз болмайды деп күтілуде.

    Айта кетейік, биыл аудан бойынша 38 мың гектарға масақты дәнді дақылдар себілсе, бүгінде оның 15 мың гектарға жуығы жиналып үлгерген. Орташа өнім – 20,8 ц/га. Дәнді дақылдарды ору жұмыстарына жалпы 100-ге жуық комбайн жұмылдырылған.

    Нұржан Нұржігітовтің Жуалы ауданындағы жұмыс сапары Ақтасты ауылында түйінделді.

    Шағын елді мекендегі мектептің жағдайы алаңдатарлық күйде. Жеке тұрғын үйге ыңғайластырылған оқу ордасының ғимараты тозығы жеткен. Осыған сәйкес ауылдағы жеке кәсіпкер салған жаңа ғимаратты бастауыш мектеп ретінде пайдаға жарату мүмкіндігі қарастырылуда.

    Облыс әкімі нысанды аралап көріп, құжаттарын реттеу, бағалау жұмыстарын жүзеге асыру бойынша жауаптыларға жан-жақты зерделеу жүргізу, тиісті шаралар қабылдауға қатысты нақты тапсырмалар жүктеді.

    Оқылып жатыр

    Атырау мұнай өңдеу зауытына 520 млн айыппұл салынды

    02.04.2026

    Түркістанда бейнебақылау камераларын қиратқан екі адам ұсталды

    30.03.2026

    Каспийдің Ақтау маңындағы жағалауында аққулар қырылып жатыр

    25.03.2026

    Алматы облысында бірнеше саяжай ауыл мәртебесін алуда

    17.03.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Қазақстанда орташа жалақы — 340 мың теңге

    03.04.2026

    Жақсылық Омар 6 жылға сотталды

    03.04.2026

    Ұзақбай Құлымбетов мұрасы ұлықталды

    03.04.2026

    Елде бензин мен дизель бағасы қымбаттайды

    03.04.2026

    Қазақстан билігі Мемлекеттік күзет қызметі ескертусіз қару қолдануға болатын заң қабылдамақшы

    03.04.2026

    Тапқан табыс пен шығын сәйкес келмесе 10% салық төлеуіңіз мүмкін

    02.04.2026

    15 жастағы қазақ баласы «Барселона» клубымен шартқа қол қойды

    02.04.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.