Close Menu
    Оқылып жатыр

    Қазақстанда орташа жалақы — 340 мың теңге

    03.04.2026

    Жақсылық Омар 6 жылға сотталды

    03.04.2026

    Ұзақбай Құлымбетов мұрасы ұлықталды

    03.04.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Суббота, 4 апреля
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Қазақстанда орташа жалақы — 340 мың теңге

      03.04.2026

      Жақсылық Омар 6 жылға сотталды

      03.04.2026

      Ұзақбай Құлымбетов мұрасы ұлықталды

      03.04.2026

      Елде бензин мен дизель бағасы қымбаттайды

      03.04.2026

      Қазақстан билігі Мемлекеттік күзет қызметі ескертусіз қару қолдануға болатын заң қабылдамақшы

      03.04.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Атырау мұнай өңдеу зауытына 520 млн айыппұл салынды

      02.04.2026

      Түркістанда бейнебақылау камераларын қиратқан екі адам ұсталды

      30.03.2026

      Каспийдің Ақтау маңындағы жағалауында аққулар қырылып жатыр

      25.03.2026

      Алматы облысында бірнеше саяжай ауыл мәртебесін алуда

      17.03.2026

      Ұлттық киіммен дауыс берген университет ұжымы

      15.03.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Облыста 756 мың гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілген

    Облыста 756 мың гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілген

    Өңір тынысы 18.08.2022
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов Шу ауданында өткен “Егінжай күні — 2022” семинарына қатысты. Тәжірибе алмасу мақсатында «Qyzylsha» ЖШС-нің егістік алқабында ұйымдастырылған шараға барлық ауданның әкімдері мен олардың ауыл шаруашылығы саласына жетекшілік ететін орынбасарлары, елімізге белгілі ғалымдар, арнайы мамандар шақырылған.

    Қонақтар  алдымен аванкамерамен және  «Келет» компаниясының насос қондырғыларымен, техника, тыңайтқыш, пестицид пен тұқым көрмесімен, «Qyzylsha» ЖШС-нің қант қызылшасы, картоп, дәндік жүгері, мақсары және «Шығын» ШҚ-ның пияз алқабымен танысты. Сондай-ақ,  «Volmant» компаниясының су үнемдеуге негізделген «Valley» қондырғыларын көрді.

    Семинар барысында еліміздің әр өңірінен келген он бес компания 30-ға жуық ауыл шаруашылығы техникасын және жабдық түрлерін көпшілік назарына ұсынды.

    Жиынның ашылуында аймақ басшысы облыс экономикасындағы оң динамиканың қалыптасуына ауыл шаруашылығы саласының үлесі үлкен екендігін, биыл ауа-райының қолайлылығына байланысты астықтың бітік шыққаның жеткізді.

    — Ағымдағы жылы облыс аумағында ауыл шаруашылығы дақылдарының егістік көлемі 756 мың гектарды құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 5,4 мыңға артып отыр.

    Өңір дихандары дәнді дақылдарды жинауды аяқтап, әр гектарынан 19 центнерден өнім алынды.

    Картоп, бақша,  көкөніс  және майлы дақылдарды жинау жұмыстары жүргізілуде.

    Дегенмен, бұл салада қордаланған мәселелер де аз емес.

    Жалпы 2022 жылға мемлекеттік қолдау шараларына 31,2 млрд. теңге бөлініп, өткен жылмен салыстырғанда 12 млрд. теңгеге артты. Бүгінгі күнге 11 млрд. теңге қаржы игеріліп, 6,6 мың шаруашылыққа субсидия төленді. Әр шаруа мемлекеттік қолдауды сезінуі тиіс.

    Бүгінгі шарада қант қызылшасын өсірудің озық технологиясымен таныстық.

    Облыс бойынша 120 мың тоннадан астам тәтті түбір жиналады деп күтілуде.

    Егіннен мол өнім алу үшін басты міндет – тұқым мен техниканы жаңарту, егістік алқабын тыңайту.

    Бүгінгі күнге 34,2 мың тонна тыңайтқыш алуға келісім-шарт жасалып, оның 32,1 мың тоннасы шаруаларға жөнелтілді,-дей келе Нұржан Нұржігітов өңірдегі ауыл шаруашылығы техникаларын жаңарту, су үнемдеу технологияларын енгізу шараларына да тоқталып өтті.

    Қазіргі таңда облыс бойынша 12 316 дана ауыл шаруашылығы техникасы тіркелген десек, ағымдағы жылы техникалардың жаңаруын облыс бойынша 11 пайызға жеткізу көзделуде. Сол секілді өңірде су үнемдеу технологиялары осы жылы 50 мың гектар алқапқа орналастырылған.

    Аймақ басшысы өз сөзінде ирригациялық жүйелерді қалпына келтіру, жайылым жерлерді тиімді пайдалану бойынша қолға алынған жобаларды да баса айтты.

    Өз кезегінде бірқатар аграрлық мәселелерге қатысты ғылыми институттардың өкілдері оң нәтижелі тәжірибелік үлгілерімен бөлісті.

    «Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің» ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор Марат Қожахметов, «Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының» білімді тарату және әзірлемелерді өндіріске енгізу орталығының басшысы Сейіткәрім Қалтаев, «Қазақ жеміс-көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының» басқарма директоры Теміржан Айтбаев,  «Қазақ  қайта өңдеу және тағам өнеркәсіптері ғылыми зерттеу институтының» бас ғылыми қызметкері Асан Бекешұлы Оспанов және тағы басқалар өздерінің орамды ойларын ортаға салды. Олар  тұқым шаруашылығын дамыту, қызылша мен жүгері сұрыптарын жіті білу, жаңа технологиялардың мүмкіндігін тиімді пайдалану, қой шаруашылығын дамытудың ұтымды тұстары, су үнемдеу қондырғыларын кеңінен енгізу туралы жан-жақты баяндама жасап, аталған бағыттарда бірлесіп жұмыс істеуге, тәжірибе алмасуға дайын екендіктерін жеткізді.

    Облыс әкімі жауапты тұлғаларды ғылыми институттардың әлеуетіне барынша жүгініп, әр ауданда тұқым шаруашылығын жетілдіру бойынша жүйелі әрі нәтижелі жұмыс жүргізуге шақырды.

    Шу ауданындағы жұмыс сапары кезінде облыс әкімі Нұржан Нұржігітов бірқатар  нысандарды және құрылыс алаңдарын аралады.

    Атап айтқанда аймақ басшысы “Баласағұн” көне қалашығының жай-күйімен, «Тасөткел су қоймасын» сейсмикалық күшейту жұмыстарымен, 75 пәтерлі көп қабатты тұрғын үйдің жағдайымен, Әл-Фараби мектебінің құрылысымен, «М-КАТ Грин» ЖШС күн электр станциясының қызметімен және тағы басқа нысандармен танысты.

    Нұржан Нұржігітов мердігерлерге құрылыстарды уақытылы әрі сапалы орындау үшін нақты міндеттер жүктеп, жауаптыларға бақылау шараларын күшейтуді тапсырды.

    Оқылып жатыр

    Атырау мұнай өңдеу зауытына 520 млн айыппұл салынды

    02.04.2026

    Түркістанда бейнебақылау камераларын қиратқан екі адам ұсталды

    30.03.2026

    Каспийдің Ақтау маңындағы жағалауында аққулар қырылып жатыр

    25.03.2026

    Алматы облысында бірнеше саяжай ауыл мәртебесін алуда

    17.03.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Қазақстанда орташа жалақы — 340 мың теңге

    03.04.2026

    Жақсылық Омар 6 жылға сотталды

    03.04.2026

    Ұзақбай Құлымбетов мұрасы ұлықталды

    03.04.2026

    Елде бензин мен дизель бағасы қымбаттайды

    03.04.2026

    Қазақстан билігі Мемлекеттік күзет қызметі ескертусіз қару қолдануға болатын заң қабылдамақшы

    03.04.2026

    Тапқан табыс пен шығын сәйкес келмесе 10% салық төлеуіңіз мүмкін

    02.04.2026

    15 жастағы қазақ баласы «Барселона» клубымен шартқа қол қойды

    02.04.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.