Close Menu
    Оқылып жатыр

    Дүниежүзілік банк Қазақстанға 600 млн доллар бөледі

    16.03.2026

    Талғардың бұрынғы әкімі қазір таксист болып жүр

    16.03.2026

    Әйелін сабаған Рахат Тұрлыхановты полиция ұстады

    16.03.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Вторник, 17 марта
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Дүниежүзілік банк Қазақстанға 600 млн доллар бөледі

      16.03.2026

      Талғардың бұрынғы әкімі қазір таксист болып жүр

      16.03.2026

      Әйелін сабаған Рахат Тұрлыхановты полиция ұстады

      16.03.2026

      Қазақстанның туы әлемдегі «ең әдемі ту» атағын жеңді

      16.03.2026

      Референдум күні Қазақстанда 585 бала дүниеге келді

      16.03.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Ұлттық киіммен дауыс берген университет ұжымы

      15.03.2026

      Субсидия сұмдығы: Түркістан облысында заңсыздық әшкере болды

      13.03.2026

      Жамбыл облысында заңсыз кітап сатқандар сотталды

      13.03.2026

      Семейдегі балалар орталығы отқа оранды, зардап шеккендер жоқ

      04.03.2026

      Атырауда 15 жастағы оқушы жоғалды

      26.02.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Облыста ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік қолдау бойынша жоба іске қосылды

    Облыста ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік қолдау бойынша жоба іске қосылды

    Өңір тынысы 03.10.2020
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Осы жұмада Жамбыл облысының орталығы Тараз қаласындағы Марс Үркімбаев атындағы Жастар сарайында жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік қолдау бойынша «Мейірім» жобасының тұсаукесері өтті.

    Облыста 18 жасқа дейінгі барлығы 433 мың бала тұрады. Оның ішінде 1352 бала жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар. Осы әлеуметтік санатқа жататын 113 бала облыстың мемлекеттік мекемелерінде тәрбиеленуде.

    Жобаның тұсаукесеріне келген қонақтар алдымен Жастар сарайының фоесінде әзірленген өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау жөніндегі облыстық орталықтың балаларына арналған суреттер мен қолөнер бұйымдарының көрмесімен танысты.

    — Бізде барлығы 70 бала бар, олардың 49-ы осы «Мейірім» жобасына енді, ал бүгін көмекке мұқтаж алты бала шараға қатысуда, — дейді өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығының директоры Айжан Мейірханова.

    «Мейірім» жобасының тұжырымдамасына сәйкес 134 жетім бала облыстың 87 мемлекеттік мекемесі мен ірі кәсіпорындарының басшыларына бекітілген. Мемлекеттік органдар мен бизнес құрылымдардың басшылары бұл балаларды одан әрі әлеуметтік қамтамасыз ету үшін барлық жағдай жасайтын болады. Атап айтқанда, олар балалардың тұрғын үй жинақ шоттарын кезең-кезеңімен толықтыруды ұйымдастырады және жан-жақты қолдау көрсетеді. Демеушілер балаларды тұрақты жұмыспен және тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселелерін шешеді.

    «Бүгінгі күнге дейін әлеуметтік бейімдеу, білім беру және жұмыспен қамту, отбасын құру, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды, арнайы мекемелердің түлектерін тұрғын үймен қамтамасыз ету шаралары өзекті болып қалып отыр», — деді таныстырылым барысында өңірлік жоба бастамашысы Бердібек Сапарбаев.

    Бұл ауқымды жобаның мақсаты – әлеуметтік және құқықтық кепілдіктерді қамтамасыз ету арқылы жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың өмір сүру сапасын жақсарту. Тарихқа зер салсақ, Ұлы Далада ешқашан жетімдер болған емес, алайда, ұжымдастыру, жаппай қуғын-сүргін және халықтардың Қазақстанға жер аударылу, соғыс кезеңіндегі қиындықтар жетімдік жағдайларын тудырды. Ал бүгінгідей тыныш әрі бейбіт, тоқшылық кезде біз балаларымыздың ешқайсысына жетімдік тауқыметін тартқызбауға тисіпіз, баршамыз бірге оларға қамқорлық тантуымыз керек.

    Жобаның бастамашысы ретінде облыс әкімі Бердібек Сапарбаев өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушісі, 6-сынып оқушысы Альбина Қадыроваға өмірлік қолдау жөніндегі әлеуметтік келісімшартқа бірінші болып қол қойды. Басқа балалар бойынша осындай келісімдерге ірі кәсіпорындар мен аймақтағы мемлекеттік мекеме басшылары да қол қойды. Олардың қатарында «Қазфосфат» ЖШС бас директоры Мұқаш Ескендіров, «Алтайс Групп» ЖШС директоры Әлімбек Жұмабаев, «Арайстроймаркет-2003» ЖШС директоры Арман Еділбаев, «Гаугартас» мейрамханасының директоры Меруерт Лештаева және тағы басқалары бар. Осы келісімдер аясында бес балаға миллион теңгелік сертификаттар табысталды. Бұл ақша олардың «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ындағы тұрғын үй және жинақ шоттарына түседі. 18 жасқа толғаннан кейін орталық тәрбиеленушілері оларды жеке тұрғын үй сатып алу үшін пайдалана алады. Оған дейін олардың қамқоршылары мүмкіндігінше осы шотты толтырып отырады.

    балалар балалар үйі Бердібек Сапарбаев Жамбыл облысы

    Оқылып жатыр

    Ұлттық киіммен дауыс берген университет ұжымы

    15.03.2026

    Субсидия сұмдығы: Түркістан облысында заңсыздық әшкере болды

    13.03.2026

    Жамбыл облысында заңсыз кітап сатқандар сотталды

    13.03.2026

    Қазақстандағы балалардың 60%-ы смартфонға байланған

    11.03.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Дүниежүзілік банк Қазақстанға 600 млн доллар бөледі

    16.03.2026

    Талғардың бұрынғы әкімі қазір таксист болып жүр

    16.03.2026

    Әйелін сабаған Рахат Тұрлыхановты полиция ұстады

    16.03.2026

    Қазақстанның туы әлемдегі «ең әдемі ту» атағын жеңді

    16.03.2026

    Референдум күні Қазақстанда 585 бала дүниеге келді

    16.03.2026

    Түркістанда автобус толы адамның бірнеше учаскеде дауыс берген видеосы тарады

    16.03.2026

    Астанада референдумнан хабар таратпақ болған журналистер ұсталды

    15.03.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.