202 мектеп-гимназиясында ғылыми-жаратылыстану пәндері бірлестігінің ұйымдастыруымен 10-сынып оқушылары арасында «STEAM: ойла, жаса, өзгерт» тақырыбында командалық сайыс ұйымдастырылды, деп хабарлайды Tarazy.kz
Іс-шараның басты мақсаты – оқушылардың ғылыми ойлау қабілетін дамыту, зерттеушілік дағдыларын жетілдіру, сондай-ақ теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыруға бағыттау.
Сайыс барысында қатысушылар ғылым, технология, инженерия, өнер және математика бағыттарын кіріктіре отырып, өз жобаларын көпшілік назарына ұсынды. Командалар заманауи талаптарға сай тың идеялар ұсынып, жобаларының практикалық маңыздылығын дәлелдей білді. Оқушылардың шығармашылық белсенділігі мен ғылыми ізденісі жоғары деңгейде бағаланды. Жарыс өте қызықты әрі тартысты өтті. Қазылар алқасының шешімі бойынша:
І орын – 10 «Б» сыныбы,
ІІ орын – 10 «В» сыныбы,
ІІІ орын – 10 «А» және 10 «Ә» сыныптары иеленді.

Аталған іс-шараны физика пәні мұғалімдері Бақытқазы Таңнұр мен Иманова Салтанат ұйымдастырды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай жобалық сайыстар оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, болашақ мамандық таңдауда да маңызды рөл атқарады.
Бұл бастама – білім алушылардың ғылыми әлеуетін арттыруға және жаңашыл ұрпақ тәрбиелеуге бағытталған маңызды қадамдардың бірі.

